Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация, 5 - сабақ.
Бұл ненің картасы екенін естеріңізге түсіріңіздер
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялаған (қабылдаған) елдер картасы. (қою жасыл түсті)
Адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың қайсысымен танысқан жоқпыз:
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт;
Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт.
Бүгінгі сабақта қарастыратынымыз:
3. Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт
Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері
Сабақ мақсаты:
10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт) (3 сағат)
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1966 жылдың 16 желтоқсанында қабылдаған құжаты. 1976 жылдың 03 қаңтарында күшіне енді. Бұл пакт халықаралық құжат болып есептеледі және оны 164 мүше елдерді қатаң сақтауға міндетті.
Пакт – (лат. pactum - келісім) – келісуші тараптар өздерін толғандырған мәселелер бойынша ақылдасып немесе сол аймақта нақтылы шаралар қолдануды кеңесуге міндеттенетін халықаралық келісімшарт; халықаралық келісім, үлкен саяси мәні бар келісімге ие болу;
Екі картаны салыстырып қараңыз.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялаған (қабылдаған) елдер. (қою жасыл түсті)
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялаған (қабылдаған) елдер. (қою жасыл түсті)
Жеке жұмыс. Екі халықаралық пактіні қабылдамаған 3 елді көрсетіңіз. 1-қосымша.
Жұптық жұмыс. Берілген кестені жағдаятпен таныса отырып, халықаралық құжаттар мен ҚР Конституция бойынша білімдерін пайдаланып толтырады.2-қосымша.
Он сұрақ!
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?