Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, қосымша материал.


Сабақтың тақырыбы: Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері.

Оқу мақсаты: 10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени).

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну: Оқушы адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсінеді.

Қолдану: Конституция баптарын қолдана отырып, адам және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін ажыратып, кесте толтырады.

Сыни ойлау және бағалау: Адам құқығына қатысты ҚР Конституциясының бір бабын талдайды, іске асыру мүмкіндігін бағалайды.

Тапсырмалар дәптерге орындалады.

1 мәтін: ҚР Конституциясының ІІ бөлімінен «Адам және азамат» қысқартылып өңделген.

12-бап. 1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.   2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. 3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.

  • Өмір сүру құқығы (15бап) «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің адам өмірін қиюға хақысы жоқ».
  • Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар (13бап). Жеке адамның заң қорғайтын құқықтары мен бостандықтарына, мүдделеріне қол сұғылған жағдайда сот арқылы қорғалады. 
  • Адамның қадір-қасиетін қорғау құқығы (17бап). Мемлекетте ешбір азаматты азаптауға, оған қарсы қатыгездік, зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынады. Мұндай әрекетке барғандар заң алдында қатаң жауапқа тартылады және т.б.
  • Сөз бостандығы құқығы. Әркім заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқылы (20бап).
  • Азаматтар мемлекеттік органдарын сайлауға және сайлануға, референдумға қатысуға, мемлекеттік қызметке кіруге құқығы бар (33бап).
  • Бірлесу бостандығы құқығы (23бап).
  • Қажетті қорғану құқығы (13бап). Әрбір адам және азамат заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдерді қолданып, қорғануға құқығы бар. Атап айтқанда, жеке меншікті, өмірін, денсаулығын. 
  • Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар (16 бап). Қазақстан Республикасында соттың санкциясынсыз ешкімді қамауға алуға немесе тұтқындауға жол берілмейді.
  • Жеке меншікке ие болу құқығы (26 бап). Конституция бойынша жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде қорғалады (6 бап).
  • Әрбір азаматтың еркін кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқығы бар. Бұл қызмет тек «заң тыйым салмағанның бәріне рұқсат» шеңберінде жүзеге асуы тиіс.
  • Қазақстан Республикасының азаматы еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар (24 бап)
  • Демалуға (24 бап), денсаулығын сақтауға (29 бап),
  • Жасы келгенде, мүгедек болғанда, асыраушысынан айырылған жағдайларда жалақы немесе зейнетақы, жәрдемақы алуларына (28 бап),
  • Азаматтардың білім алу құқығы (30 бап). Мемлекеттік оқу орынындарында тегін білім алу конкурстық негізде болады. 
  • Ана тілі мен төл мәдениетін пайдалану құқығы (19 бап).
  • Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғалуында болуы (27 бап) құқықтары. 
  • Әркім ҚР Конституциясын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиеттерін құрметтеуге міндетті (34 бап).
  • Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады (35 бап).
  • Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті (36 бап).
  • Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті (37 бап).
  • Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
  • Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті (34бап).
  • Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығы бар (32бап).

Тапсырма. Жұптық/жеке жұмыс. Кестені толтыру.

Дескриптор: ҚР Конституциясының баптарын пайдаланып адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктейді (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени) және адам мен азаматтың міндеттерін ажыратады.

Жеке құқықтар мен бостандықтар

Саяси құқықтар мен бостандықтар

Экономикалық құқықтар мен бостандықтар

Әлеуметтік

құқықтар мен бостандықтар

Мәдени құқықтар мен бостандықтар

Адамның міндеттері

Азаматтың міндеттері

Жеке жұмыс. Адам құқықтарының бағыттарына қатысты ҚР Конституциясының бір бабына аналитикалық талдау жасайды.

Критерийлер:

    • Баптың негізгі идеясы;
    • Бапта көрсетілген құқықты іске асыру мүмкіндігі: жеңіл/оңай;
    • Қандай қорытынды жасар едің?

Оқу мақсаты: 10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт).

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну: Постер жасау арқылы адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарды біледі.

Сыни ойлау және бағалау: Венн диаграммасын (кесте) толтыру арқылы адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарды салыстырып, маңыздылығын бағалайды.

Топтық жұмыс. Төмендегі тақырыптардың негізінде постер жасау (http://adilet.zan.kz сайтын пайдаланып немесе құжаттар мәтінін (қосымша) қолданып жұмыс істеуге болады):

1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

2. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт

3. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт

Дискриптор: Постер жасау және Венн диаграммасын (кесте) толтыру арқылы адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарды біледі, маңыздылығын бағалайды.

Ж/Д. Венн диаграммасын/ Кестені толтыру.

Халықаралық құжаттар

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт

Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт

ҚР конститутциясы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?