Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.


Не көрдің?

Нені сездің?

Нені ести аласың?

Қандай ойлар туындады?

Сабақтың тақырыбы:

Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері

Оқу мақсаттары

10.1.3.1 тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру;

10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени);

10.1.3.3 адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығын бағалау (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт).

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну:

Оқушы адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсінеді.

Интеллект карта жасау арқылы адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарды біледі.

Қолдану:

Бейнематериал көру арқылы адам құқығының сақталуы мәселесіне кемінде үш мысал келтіреді.

Конституция баптарын қолдана отырып, адам және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін ажыратып, кесте толтырады.

Сыни ойлау және бағалау:

Адам құқығына қатысты ҚР Конституциясының бір бабын талдайды, іске асыру мүмкіндігін бағалайды.

Венн диаграммасын (кесте) толтыру арқылы адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарды салыстырып, маңыздылығын бағалайды.

«Адамның құқығы» және «азаматтың құқығы» екі түрлі ұғымдар.

Адамның құқығы - қай мемлекетте тұрмасын, өмір сүру, еркін болу, бақытқа ұмтылу, жеке басына қол сұқпау секілді адам туғанда бірге пайда болатын, ажырамас құқықтар мен бостандықтардың жиынтығы.

Адамның құқықтары мен бостандықтарын мемлекет те, басқа ешкім де белгілемейді және жоққа шығара алмайды.

Азаматтың құқығы - азаматы болып табылатын тұлғаға мемлекет тарапынан бекітілетін құқықтар мен бостандықтар жиынтығы. Кез-келген азамат адам, бірақ кез келген адам азамат емес.

Құқық бұл заңдылық, ал бостандық ешкім де, тіпті билікте те араласуға құқығы жоқ адамның ішкі жан-дүниесі.

Адам бостандығы (сөз, ар-ұждан, дін, жүріп-тұру бостандығы) дегеніміз – биліктің араласа алмайтын құқық саласы.

«Адам құқығы» туралы бейнекөрсетілім.

Ойланып көріңдер:

Адам құқықтарының өзге елдерде сақталуының ерекшеліктері қандай?

Аталған елдерде адам құқықтарына қатысты қандай мәселелерді атауға болады?

Біздің қоғамда қалыптасқан адамдардың өзара құрметінің көріністері қандай?

Адам құқығы туралы

https://www.youtube.com/watch?v=8AlutjeDCQU

Адам мен азаматтың конституциялық құқықтарының, бостандықтарының және міндеттерінің жүйесі

жеке бастарының құқықтары,

саяси құқықтары мен бостандықтары,

экономикалық құқықтары мен бостандықтары,

әлеуметтік құқықтары,

мәдени құқықтары мен бостандықтары

Адам мен азаматтың міндеттері

Жұптық жұмыс

Дескриптор: ҚР Конституциясының баптарын пайдаланып адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктейді (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени) және адам мен азаматтың міндеттерін ажыратады.

Жеке бастарының құқықтары

Әркімнің өмір сүруге құқығы бар (15-бап).

әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар (16-бап).

адамның қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды (17-бап.).

 әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына, ар-намысы мен абыройына қол суғып, атына кір келтіруге болмайды (18-бап.).

әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (19-бап.).

сөз және шығармашылық бостандығы (20-бап).

көшіп-қону, тұратын жерін таңдау бостандығы (21-бап.).

тұрғын үйге қол сүғылмайды (25-бап.)

Саяси құқықтар мен бостандықтар

мемлекет өз азаматтарына елдің қоғамдық және саяси өмірі саласына араласуға мүмкіндік беретін, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың топтамасы

Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығы  (23-бап.).

Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар,митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығы бар (32-бап.). Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостаңдықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін

Мемлекетті басқару ісіне араласу құқығы (33-бап.).

Саяси құқықтар мен бостандықтар

Экономикалық құқықтар мен бостандықтар -

экономикалық саладағы адамның заңды мүмкіншілігін анықтайтын конституциялық құкықтардың жиынтығы.

заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады және сол мүлікке деген иелену, пайдалану және билік ету сияқты құқықтарға ие болуға хақысы бар. Соттың шешімінсіз ешкім де азаматтың мүлкін алуға құқы жоқ;

 мұрагерлік құқық (26-бап.) -азаматтар мұра иесі, не мұра беруші қайтыс болғанда, заңда көзделген жағдайларға сәйкес өзіне тиесілі мүлікке мұрагер болуға құқығы бар;

кәсіпкерлік іс-әрекет еркіндігі (26-бап.).

Экономикалық құқықтар мен бостандықтар 

Әлеуметтік құқықтар - мемлекеттен белгілі бір материалды және материалды емес игіліктер алуға үміткер болу мүмкіндігі.

Әлеуметтік құқықтарға жататын құқықтартынығу құқығы (24 бап.)

неке, отбасы, ана мен әке және баланың қорғалу құқығы

(27-бап.).

қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті; әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы

 (28-бап.).

денсаулығын сақтау құқығы (29-бап.).

білім алу құқығы (30-бап.).

Мәдени құқықтар 

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

 

Міндеттер 

әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті (34-бап.); заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті 

Республика азаматтарының міндеті

заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады (36-бап.);

Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті (37-бап.);

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті (38-бап.).

Жеке жұмыс. ҚР Конституциясының бір бабына талдау жасаңыз:

Баптың негізгі идеясы;

Бапта көрсетілген құқықты іске асыру мүмкіндігі: жеңіл/оңай;

Қандай қорытындылар жасар едің?

Декларация – қандайда бір қағида жарияланған халықаралық-құқықтық құжат. Ол міндетті сипатқа ие емес. Алайда, бұл құжат саяси-моральдық күшке ие, оған қарап, мемлекет ұстанымының қандай екендігі байқалады. Декларациялар қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.

Пакт, конвенция қандайда бір арнайы мәселе бойынша жасалған шарт, халықаралық келісім.

Пактілер мен конвенциялар қол қойылып, қабылданғаннан кейін емес, тек мемлекеттер ратификациялағаннан (бекіткеннен) кейін ғана күшіне енеді.

Топтық жұмыс (постер)

1 топ. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

2 топ. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт

3 топ. Экономикалық, әлеуметтік және және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт

Қажетті ресурстар таратпа мәтіндер немесе http://adilet.zan.kz сайты

Ж/Д. Венн диаграммасын/ Кестені толтыру.

нені білдім, нені үйрендім

нені толық түсінбедім

немен жұмысты жалғастыру қажет

Кері байланыс

http://adilet.zan.kz

http://phishka.ru/nasha-zhizn/prazdniki/1148893281-den-prav-cheloveka.html

https://www.google.ru/search?q=права+человека+и+их+защита&tbm=isch&tbs=rimg:

https://www.google.ru/search?newwindow=1&biw=1366&bih=618&tbm=isch&sa=1&ei=_c7aW-KEPIXYwQLc1ID4DQ&q=

Пайдаланылған ресурстар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?