Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 - сабақ


Адам құқықтары түсінігі

Сабақ тақырыбы:

Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері

10 сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Оқу мақсаты

10.1.3.1 тұлғаның құқықтық мүмкіндіктері түсінігін көрсете отырып, адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсіндіру;

Сабақ мақсаты

Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы ұғымдарын білу.

Бағалау

критерийлері

Білу және түсіну:

  • Оқушы адамның құқығы мен бостандығы ұғымдарын түсінеді.
  • Кесте толтыру арқылы адам құқықтарын біледі.

Тілдік міндеттер

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Бейнеүзінді арқылы талқылау жүргізеді (тыңдалым және айтылым дағдылары).
  • Зерттеу жұмысын орындайды (жазылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • азаматтық құқық
  • құқық қабілеттілік
  • әрекет қабілеттілік
  • адам құқығы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Адам құқығы/ бостандығы, ол ...

Адам құқықтары сақталады: ...

ҚР Конститутциясының негізінде адам құқықтарның саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени бағыттары маңызды, себебі ...

Қазақстанда адам құқықтары сақталады, өйткені ...

Адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттардың маңыздылығы ...

Құндылықтарды дарыту

Жалпы адамзаттық құндылықтын дарыту топта жұмыс істеу арқылы жүзеге асады; Адамның жеке азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге, ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына байланысты екенін түсінуі.

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы

АКТ қолдану

дағдылары

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін материалдарын пайдалану

Алдыңғы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 сынып «Құқық негіздері» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Ой шақыру. Видеоүзінді көрсету арқылы сабақ тақырыбымен таныстыру

-Қазақстан Республикасында Адам құқықтары сақталады ма?

-Қазақстандық қоғамының қалыптасқан адамдардың өзара құрметінің көріністері қандай?

Бүкілсыныптық жұмыс. Оқушыларға «Құқық» ұғымының мағынасын өздеріне анықтатамыз.

Дискриптор: Оқушы тапсырманы орындау барысында құқық ұғымын еске түсіріп адам құқықтарымен байланыстырады.

Бірнеше оқушылардың жауаптарын тындап тақтаға анықтаманы шығару. Мұғалім олардың анықтамалардағы ортақ идеяларға оқушылардың назарын аударып, слайд арқылы адам мен азамат құқығы ұғымын, түсіндіреді.

  • Адамның құқығы - қай мемлекетте тұрмасын, өмір сүру, еркін болу, бақытқа ұмтылу, жеке басына қол сұқпау секілді адам туғанда бірге пайда болатын, ажырамас құқықтар мен бостандықтардың жиынтығы.
  • Адамның құқықтары мен бостандықтарын мемлекет те, басқа ешкім де белгілемейді және жоққа шығара алмайды.
  • Құқық бұл заңдылық, ал бостандық – ешкім де, тіпті билікте те араласуға құқығы жоқ адамның ішкі жан-дүниесі.
  • Адам бостандығы (сөз, ар-ұждан, дін, жүріп-тұру бостандығы) дегеніміз – биліктің араласа алмайтын құқық саласы.

Тапсырма:

Ж. (жұптық) ҚР Конституциясының ІІ бөлімінен «Адам және азамат» мәтіні таратылады. Оқушылар ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандытарын конституцияның баптармен орналастырыңыз:

ҚР азаматтарының құқықтары

ҚР азаматтарының міндеттері

Дискриптор:

Оқушылар мәтінмен танысып, тапсырманы орындау барысында адам құқықтары мен бостандықтарын байланыстырады.

Бірнеше оқушылардың жауаптарын тындап, мұғалім қорытындылайды.

Үй жұмысы. Адам құқығы мен бостандықтарына 2 мысал жазуды беруге болады.

Презентация

1 слайд

«Адам құқығы» бейнематериал

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • нені білдім, нені үйрендім
  • нені толық түсінбедім
  • немен жұмысты жалғастыру қажет

Стикерлер, ауызша жауаптар

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?