Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Құқық негіздері пәнінен ҚМЖ ӘБ жетекшісі________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенов М.Қ.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.2.3 конституциялық қағидаттар негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату;

10.1.2.4 азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету.

 Сабақ мақсаттары

Азаматтық қоғам ұғымының мәнін анықтау

 Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Азаматтық қоғам ұғымын түсіндіре алады, ассоциациялар жасай алады

Қолдану

Азаматтық қоғам институттарына кемінде үш мысал келтіреді

Рефлексия

Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы және құқықты мемлекеттің қалыптасуы» тақырыбына эссе жазады, нақты қадамдар мен шешімдер келтіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты терминология

  • құқық
  • азамат
  • адам
  • азаматтық
  • конституциялық құқықтар мен бостандықтар
  • жеке адамның конституциялық міндеттері
  • зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет

Азаматтық қоғам (...)

Құқықтық мемлекет маңызды, себебі(...)

Азматтық қоғам құру маңызды, өйткені (...)

Азаматтық қоғам институтары маңызды, себебі...

Құндылықтарды дарыту

  •  Құрмет (топтық жұмыстағы өзара құрмет, бір-бірін тыңдауы және уақыт ережелерін сақтау, заңға құрмет, өзгелердің меншігіне және мемлекеттің меншігіне құрметпен қарау, сақтау, бүлдірмеу)
  •  Азаматтық жауапкершілік (заңды сақтау, міндеттерді орындау арқылы)
  •  Қазақстандық патриотизм (ҚР Конституциясы мен негізгі заңнамаларын оқып, үйрену арқылы)
  •  Ынтымақтастық (жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынасты оқып үйрену арқылы)

Пәнаралық байланыстар

Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары

Бастапқы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде 9 сынып «Құқық негіздері» пәні бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін, сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады. Сонымен қатар Қазақстандағы қазіргі кездегі құқықтық және саяси-әлеуметтік оқиғалардан хабардар.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-20 мин

0-10 мин

10-20 мин

Б «Азаматтық қоғамның дамуы» туралы бейнеролик көрсетіп, оның аясында талқылау ұйымдастырамыз. Бейнеролик бойынша сұрақтар:

  • Бейнеролик не туралы?
  • Белсенді қоғам дегенді қалай түсінесіздер?
  • Не себепті азаматтық қоғамның дамуынан біздер мүдделі болуымыз қажет?

ҚБ Оқушылар жауабын мұқият тыңдап «жақсы», «өте жақсы», «жарайсың» деп ауызша бағалап отырамыз.

М Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырамыз. Оқушыларға бүгінгі сабақтың қандай оқу дағдылары мен оқу мақсаттары болатыны туралы пікірін сұраймыз. Бағдарлама бойынша қарастырылатын оқу дағдылары, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстырамыз.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және Қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады

«Азаматтық қоғамның дамуы» https://www.youtube.com/watch?v=Q1CGXh4lcRY

ҚР Констиутциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Сабақтың ортасы

20-130 мин

20-35 мин

35-45 мин

45-60 мин

60-85 мин

85-90 мин

90-130 мин

Б «Азаматтық қоғам» терминіне ассоциациялар жасаймыз, яғни оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім оқушылар ойларын тақтаға жазып отырады. Бүкілсыныптық талқылау жүргізеді.

ҚБ Оқушылар жауабын мұқият тыңдап «жақсы», «өте жақсы», «жарайсың» деп ауызша бағалап отырамыз.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және Қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады.

Ж Оқушыларды жұптарға бөліп, жұптарға азаматтық қоғамның элементтерін (белгілерін) және азаматтық қоғамның институттарын көрсетілген мәтінді береді. Олар ол мәтіннен азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажыратып дәптерлеріне тізіп жазады.

Б Мұғалім азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын тақтада көрсетіп, бүкіл сыныптық талқылау жүргізеді

ҚБ Жұптар бір-бірін «бас бармақ» арқылы бағалауды жүзеге асырады.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік, Құрмет және Ынтымақтастық атты мемлекет құндылықтары дарытылады.

Б «Азаматтық қоғамды қалыптастыру жолында...» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырамыз.

Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде қарастырылатын мәселелер:

1. Қоғамдық бірлестіктің саяси жүйедегі орны.

2. Қоғамдық бірлестіктердің мақсат-мүддесі.

3. Қоғамдық бірлестіктердің даму бағыттары.

4. Қоғамдық бірлестіктердің жұмыс нәтижелері.

Дөңгелек үстелдің нәтижесінде азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы туралы резолюция қабылдаймыз. Азаматтық қоғамның мемлекет дамуындағы рөлі айқындалады.

Ж Оқушыларға құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның маңызын ашуға бағытталған эссе жазады. Тақырыбы: «Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы және құқықты мемлекеттің қалыптасуы».

ҚБ Эссе дәптерге жазылады, мұғалім дәптерлерін жинап алып, сабақтан тыс уақытта бағалайды.

Қ Бұл оқу үдерісінде оқушылар бойына Азаматтық жауапкершілік және Қазақстандық патриотизм атты мемлекет құндылықтары дарытылады.

Әбсаттаров Р., Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері қандай? / Р. Әбсаттаров//Ақиқат.- 2004.- N12.-30-36б.

А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин. «Құқықтану».–Алматы: Мектеп, 2006 жыл .

Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл.

Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007.

Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997жылы.

Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл.

Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007.

Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997жылы.

Ибраева А. Заң терминдерінің қазақша- орысша және қазақша- орысша түсіндірме сөздігі. Алматы, 1996

Сабақтың соңы

130-135 мин

Тақырыпты қорытындылаймыз және бекітеміз.

Рефлексия

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Слайд

Саралау

Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген. Топтық жұмыста қабілетті оқушылар басқа оқушыларға кейбір терминдер мен ұғымдарды түсіндіру, жағдаяттарды талдау жұмыстарын жүргізеді.

Бағалау

Бағалау критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау.

Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?