Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам

Сабақтың тақырыбы:

Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары

Оқу мақсаты:

10.1.2.3 конституциялық қағидаттар негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату

10.1.2.4 азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету.

Сабақтың мақсаты

Азаматтық қоғам институттарының рөлі мен маңызын анықтау.

Бағалау критерийлері

  • конституциялық қағидаттар негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын анықтайды.
  • қоғамдық бірлестіктердің мақсат-мүдделерін, даму бағыттарын және рөлін анықтайды.

Күтілетін нәтиже

«А» деңгейдегі оқушылар азаматтық қоғамның элементтерімен институттарын анықтайды және 5-6 мысалдан келтіреді. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекет жүйедегі орның мен мақсат-мүдделерін анықтағанда 4-5 мысал келтіреді. Азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін шешу жолдарын ұсынады.

«В» деңгейдегі оқушылар азаматтық қоғамның элементтерімен институттарын анықтайды және 3-4 мысалдан келтіреді. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекет жүйедегі орның мен мақсат-мүдделерін анықтағанда 2-3 мысал келтіреді.

«С» деңгейдегі оқушылар азаматтық қоғамның элементтерімен институттарын анықтайды және 1 мысалдан келтіреді. 2 тапсырмада Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына шын мәнінде үлкен үлес қосып отырған адамдарды анықтайды.

Қоғамдық бірлестіктердің мемлекет жүйедегі орның мен мақсат-мүдделерін анықтағанда 1 мысал келтіреді.

Тілдік міндеттер

Пәннің сөздік қоры / Пәннің лексикасы мен терминалогиясы:

  • жеке құқықтар
  • саяси құқықтар
  • азаматтық қоғам
  • сыбайлас жемқорлық
  • саяси партия
  • кәсіподақ
  • БАҚ
  • Қоғамдық бірлестіктер

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:

Азаматтық қоғам (...)

Құқықтық мемлекет маңызды, себебі(...)

Азматтық қоғам құру маңызды, өйткені (...)

Азаматтық қоғам институтары маңызды, себебі...

Құндылықтарды

дарыту

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихымен байланысты, өйткені «Қазақстан Республикасының ішкі саясаты» деген тақырыпта азаматтық қоғам және демократиялық өзгерістер туралы мәліметтер кездеседі.

АКТ қолдану

дағдылары

Слайд-презентация және «Азаматтық қоғамның дамуы» туралы бейнеролик көрсетіледі.

Оқушылардың дағдыларын дамыту

Қоғамдық ұйымдардың мақсаттарын және маңыздылығын анықтаған кезінде оқушылардың зерттеушілік дағдылары дамыйды.

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту.

Алдыңғы білім

Құқықтық мемлекет түсінігі және оның қағидаттары.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Ұйымдастыру кезеңі. Ой шақыру.

М «Азаматтық қоғамның дамуы» туралы бейнеролик көрсетіп, оның аясында талқылау ұйымдастыру. Бейнеролик бойынша сұрақтар:

  • Бейнеролик не туралы?
  • Белсенді қоғам дегенді қалай түсінесіздер?
  • Не себепті азаматтық қоғамның дамуынан біздер мүдделі болуымыз қажет?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсатымен таныстыру.

Б «Нысана стратегиясы» арқылы азаматтық қоғам ұғымын анықтайды.

Ж Жеке және жұптық жұмыс.

Мұғалім жұптарға азаматтық қоғамның элементтерін (белгілерін) және азаматтық қоғамның институттарын көрсетілген мәтінді береді. Олар ол мәтіннен азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажыратулары қажет.

Оқушылар жұпта мәліметтермен алмасады және талқылайды.

Ж Оқушылар жұптаса отырып, 2 тапсырмада берілген ақпаратпен танысып шығады. Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына шын мәнінде үлкен үлес қосып

отырған адамдарды анықтайды.

Б «Азаматтық қоғамды қалыптастыру жолында...» тақырыбында топтық жұмысын ұйымдастыру.

Т Сыныпты 4 топқа бөліңіз. Әр топ азаматтық қоғамның белгілі бір институттарының мүддесін білдіреді.

1-топ: Кәсіподақ ұйымы.

2-топ: Саяси партиялар

3-топ: Бұқаралық ақпарат құралдары

4-топ: Экологиялық одақтар

5-топ: Тұтынушы құқын қорғау ұйымы.

6-топ: Этно-мәдени ұйымдар.

Б Топтық жұымысының күн тәртібінде қарастырылатын мәселелер:

1. Қоғамдық бірлестіктің мемлекет жүйедегі орны.

2. Қоғамдық бірлестіктердің мақсат-мүддесі.

3. Қоғамдық бірлестіктердің даму бағыттары.

4. Қоғамдық бірлестіктердің жұмыс нәтижелері.

Б Топтық жұмысының нәтижесінде азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы туралы резолюция қабылданады. Азаматтық қоғамның мемлекет дамуындағы рөлі айқындалады.

Ж Топтық жұмысынан кейін оқушылар қоғамдық бірлестіктердің мемлекет жүйедегі орның мен мақсат-мүдделерін анықтайды.

Қоғамдық бірлестіктер

Қоғамдық бірлестіктің мемлкет жүйедегі орны

Қоғамдық

бірлестіктің

мақсат-мүддесі.

Кәсіподақ ұйымы.

Бұқаралық ақпарат құралдары

Экологиялық одақтар.

Тұтынушы құқын қорғау ұйымы.

Этно-мәдени ұйымдар.

Қамқорлық жасау ұйымдар.

Зерттеу сұрағы: «Азаматтық қоғамға айналу үшін не (қандай іс-әрекеттер) жасау

керек»? (Шешу жолдарын шығармада ұсыну)

Бағалау критерийлері:

1. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды азат жолдан анық көрсету;

2. Екі аргумент келтіру;

3 Кемінде екі нақты шара (шешу жолын) көрсету.

«Азаматтық қоғамның дамуы» https://www.youtube.com/watch?v=Q1CGXh4lcRY

 

 Слайд-презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • Қиын болды…
  • Бүгін мен білдім…
  • Қызықты болды…

Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.

Үй тапсырмасы. Қайталау.

Слайд-презентация

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

«А» деңгейдегі оқушылар азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын анықтайды және 5-6 мысалдан келтіреді. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекет жүйедегі орның мен мақсат-мүдделерін анықтағанда 4-5 мысал келтіреді. Азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін шешу жолдарын ұсынады.

«В» деңгейдегі оқушылар азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын анықтайды және 3-4 мысалдан келтіреді. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекет жүйедегі орның мен мақсат-мүдделерін анықтағанда 2-3 мысал келтіреді.

«С» деңгейдегі оқушылар азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын анықтайды және 1 мысалдан келтіреді. 2 тапсырмада Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына шын мәнінде үлкен үлес қосып отырған адамдарды анықтайды.

Қоғамдық бірлестіктердің мемлекет жүйедегі орның мен мақсат-мүдделерін анықтағанда 1 мысал келтіреді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Оқушылар жұптық және топтық жұмысында дескрипторлар арқылы бір-біріні бағалайды. Мұғалім әр орындаған тапсырма бойынша кері байланыс беріп бағалайды. Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?