Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқық негіздері, 10 сынып, қосымша материал.


 Азаматтық қоғам

 Азаматтық қоғам — бүл демократиялық елдерде қалыптасқан адамдар қауымдастығы, ол, біріншіден, қоғамның барлық тіршілік әрекеті саласында құрылған ерікті түрде мемлекеттік емес қүрылымдардан (институттардан) (бірлестіктер, үйымдар, ассоциациялар, одақтар, орталықтар, клубтар, қорлар және т.б.), екіншіден, мемлекеттік емес — экономикалык, саяси, әлеуметтік, рухани, діни және т.б. қатынастар жиынтығын көрсетеді. Азаматтық қоғам мемлекеттік, мемлекеттік емес органдар мен козғалыстардың теңестірілген өзара бақылауын, өзара шектеуін жорамалдайды. Себебі, мемлекеттік органдардың кызметі әркашанда мемлекеттік емес органдардың кадағалауында болуы керек, ал мемлекеттік емес органдар өз кезегінде, қызметін заңға орай ұйымдастыруы тиіс және мемлекеттің объективті қажеттіліктерін ескеруі керек.

 Азаматтық қоғам — бұл заңды кезең, индивидтердің өзін-өзі көрсетуін жүзеге асырудың жоғары формасы. Ол елдің экономикалық саяси дамуы деңгейіне, халықтың әл-ауқатының артуына, мәдениет пен сана-сезімінің өсуі деңгейіне сәйкес пісіп-жетіледі. Азаматтық қоғам нақты тарихи адамзат дамуының жемісі ретінде сословиелік-феодалдық құрылыстың қатаң шеңберін қирату мен құқықтық мемлекет қалыптасу кезеңінде пайда болады. Жеке меншік негізінде барлық азаматтардың экономикалық дербестігін алуға және бәсекелес экономикада өмір сүру мүмкіндігінің пайда болуы азаматтық қоғам қалыптасуының міндетті алғышарты болып табылады. Азаматтық қоғамды қалыптастыруда сословиелік артықшылықтарды жою және азаматтың барлық өзге де азаматтармен тең заңды құқыққа ие болған азаматқа айналған адам тұлғасы маңызының артуы мәнді алғышарттар болып есептеледі. Тұлғаның құқы мен бостандығын қамтамасыз ететін құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның саяси алғы-шарты және іргетасы қызметін атқарады. Мұндай жағдайда адам мінез-құлқы оның жеке басының мүддесімен анықталады және оған барлық кимыл-әрекеттері үшін жауапкершілік жүктеледі. Осындай тұлға өз бостандығын, еркіндігін бәрінен жоғары қояды, сонымен қатар ол басқа адамдардың заңды мүдделеріне де құрметпен қарайды.

 http://ikaz.kz/azamatty-o-am/

 

Мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, кестені толтырыңыз.

1.

Азаматтық қоғамның мақсаты мен міндеттері

2.

Азаматтық қоғамның негізгі элементтері (белгілері)

3.

Азаматтық қоғамның институттары

4.

ҚР-да азаматтық қоғамның мағызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?