Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


 Кәсіподақ деген не?

 Қай қоғамда болмасын, жұмыс беруші мен жұмысшылар немесе қызметкерлер арасында жалақы төлеу, құқығын шектеу және басқа да мәселелер бойынша даулы проблемалар туындап отырады. Кейде еңбек даулары сот арқылы шешіледі. Ал асқынып кеткен жағдайлар жұмысшылардың ереуілге шығуына алып келеді. Мәселені ушықтырмай, істі сотқа алып бармай не жұмысшылардың наразылық акті жасауына дейін жеткізбей шешуде үлкен рөл атқаратын қоғамдық маңызы зор институт бар. Ол – кәсіподақ ұйымдары.

 Жұмыс беруші мен қызметшілер арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыруда кәсіподақ ұйымдарының рөлі айрықша. Ал кәсіподақтың қызметін заңмен реттеп, оған әлгіндей дауларға араласуға, жұмысшының мүддесін қорғауға өкілдік беру – мемлекеттің міндеті.

 КӘСІПОДАҚ азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

 КӘСІПОДАҚ  қызметкерлердің атқаратын жұмысына негізделіп, жалпы өндірістік, кәсіби мүдделеріне байланысты құрылатын бірлестік.

 КӘСІПОДАҚ қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбекке байланысты арақатынасын реттейтін заңды және тәуелсіз өкілі.

 КӘСІПОДАҚ немен айналысады?

 КӘСІПОДАҚ жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізеді, жұмыскерлердің атынан жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер көзделген келісімдер мен ұжымдық шарттар жасап, олардың орындалуын қадағалайды.

 КӘСІПОДАҚ еңбек туралы заңнамалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасайды.

 КӘСІПОДАҚ еңбекті қорғау мен еңбек жағдайларын жақсартуға байланысты қоғамдық бақылау жасайды.

 КӘСІПОДАҚ келісім және өндірістегі келеңсіз жағдайларды тексеру жөніндегі комиссиялар арқылы кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғайды.

 КӘСІПОДАҚ құқықтық мәселелер жөнінде ақысыз кеңестер береді.

«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы

Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады.

 Бұқаралық ақпарат құралдары

 Ең алдымен, БАҚ Қазақстан саяси жүйесінде көпсалалы, көп қырлы функцияларды атқаратын, көпөлшемді саяси үдерістерден өзінің орнын тапқан аса маңызды қоғамдық, демократиялық, азаматтық интитутқа айналды. Демократиялық, азаматтық институттар арасында ол саяси партиялардан кейін, тіпті кей мәселелерде олардан да іргелі, беделді институттардың біріне айналды. Екіншіден, еліміздегі қазіргі кезеңдегі саяси және демократиялық мәдениеттің деңгейіне байланысты БАҚ-тың бұқараны әлеуметтендіру, аналитикалық, бақылау және сын, мүдделерді артикуляциялау және интеграциялау функцияларының маңызы ерекше артуда. Үшіншіден, еліміздің саяси және әлеуметтік тарихындағы өткен кезеңдегі ұлттар мен этностар арасындағы күрделі қатынастарға, сондай-ақ еліміз дамуының бүгінгі терең мүдделерінен туындайтын қоғамдық келісім мен татулық тәрізді түбегейлі құндылықтарды одан әрі бекіту және жаңа сапалық рухани, адамгершілік деңгейлерге байланысты БАҚ-тың еліміздегі этносаралық татулық пен бірлікті, мемлекеттік тілдің топтастырушылық рөлі, оның ұлтаралық қатынастың құралы ретінде терең біліктілікпен, құрметпен жазуы – қоғам үшін ерекше қат дүниелер.

 

 Қазақстанның экологиялық ұйымдары елімізде АЭС құрылысы жобаларына мораторий енгізуге шақыруда

 АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның экологиялық ұйымдары елімізде АЭС құрылысы жобаларына мораторий енгізуге шақыруда.

  Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Фукусима апатынан кейінгі жыл: Қазақстан үшін қазіргі қауіптер және болашақ энергиясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында Әлеуметтік-экологиялық қорының басшысы Қайша Атаханова айтты.

 «Экологиялық тәуекелдерді бағалай отырып, Каспий теңізінің солтүстік акваториясының сейсмикалығы мұнай өндіруге байланысты өсе түсетіндігін ескеру қажет әрі қазірдің өзінде сарапшылар жер сілкінісі қуатын 7-9 балл деңгейінде бағалап отыр. Бұған қоса Каспий тұйық су қоймасы. Сондықтан да судың сәл ғана радиоактивті залалдануы трансшекаралық су бассейінде халықаралық апатқа бастайды», - деді ол.

 Мәселен, оның атап өтуінше, Жапонияның үкіметтік комиссиясы сарапшыларының алдын ала мәліметтері бойынша Фукусима-1-дегі 6 реактордың 4-еуін бөлшектеуге 12 млрд. доллар қаржы қажет әрі оған 30 жыл уақыт кетеді.

 «Біз өз ұстанымымыздың дұрыстығына нық сенімдіміз және атом энергиясын пайдаланудың мақсаттылығы мәселесіне қатысты стратегиялық құжаттарды Қазақстан Үкіметінің қайта қарауын үндейміз әрі Қазақстанда АЭС құрылысы жобаларына  мораторий енгізуге шақырамыз», - деді Қ.Атаханова.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?