Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам

Сабақ тақырыбы:

Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары

10 сынып

Оқу мақсаты

-10.1.2.3 конституциялық қағидаттар негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату;

-10.1.2.4 азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету.

Сабақ мақсаты

-азаматтық қоғам ұғымына сипаттама беру;

-азамат қоғам элементтері мен институттарының ажыратып, негізгі қызметін түсіндіру;

-азаматтық қоғамның маңызын бағалатуға үйрету.

Бағалау

критерийлері

Білу: барлығы азаматтық қоғам ұғымын түсіндіреді;

Қолдану: көбі азаматтық қоғам институттарының қызметін анықтайды;

Анализ: кейбіреулері азаматтық қоғамның дамуының себептері мен артықшылықтарын сипаттайды;

Бағалау: кейбіреулері Қазақстандағы азаматтық қоғамның маңыздылығын екі жақты (сыни) тұрғыда көзқарас білдіре алады.

Тілдік міндеттер

Тілдік мақсат

Оқушылар:

«Азаматтық қоғамның дамуы» атты бейне ролик көру нәтижесінде оқушылардың тыңдалым дағдылары дамытылады;

«Азаматтық қоғамның дамуы» атты бейне роликті талқылау нәтижесінде айтылым дағдылары дамытылады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • құқық
  • азамат
  • адам
  • азаматтық
  • зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет
  • азаматтық қоғам
  • азаматтық қоғам институттары

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Азаматтық қоғам дегеніміз...

Азаматтық қоғамның элементтеріне...жатады.

Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы маңызды, себебі...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы:

Оқушылардың еліміздің ұлттық дамуы және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Пәнаралық

байланыстар

тарих

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ақпарат материалдарын пайдалану.

Алдыңғы білім

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Ұйымдастыру кезеңі.

Б. Оқушыларға «Азаматтық қоғамның дамуы» атты бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беріп, талқылау жүргізеді.

  • Бейнеролик не туралы?
  • Белсенді қоғам дегенді қалай түсінесіздер?
  • Не себепті азаматтық қоғамның дамуынан біздер мүдделі болуымыз қажет?

М. Жаңа сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін жариялайды немесе бейнеролик арқылы оқушыларға анықтауға мүмкіндік беруге болады.

Сонымен қатар құндылықтарды дарытуға назар аударыңыз.

Б. Оқушылар «азаматтық қоғам» түсінігіне ассоциация жасайды.

Ж. Жұптарға азаматтық қоғамның элементтерін (белгілерін) және азаматтық қоғам, оның белгілері мен институттары көрсетілген мәтін беріледі. Олар ол мәтіннен азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажыратып, ҚР-ғы азаматтық қоғамның маңыздылығына баға беруі қажет.

Мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, кестені толтырыңыз.

1.

Азаматтық қоғамның мақсаты мен міндеттері

2.

Азаматтық қоғамның негізгі элементтері (белгілері)

3.

Азаматтық қоғамның институттары

4.

ҚР-да азаматтық қоғамның мағызы

Тапсырманы орындап болғаннан кейін, жұптар бірін-бірі бағалайды. Мұғалім азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын тақатаға жазып қояды. Бағалау төмендегі критерий бойынша жүреді:

-жұмыстың күшті (мықты) жағы, яғни, қай тапсырмалар өте жақсы орындалды?

-ұсыныс, яғни қай тапсырмалар бойынша жауаптарды толықтыру керек?

Б. Азаматтық қоғамның қызметтерімен сипаттамаларын сәйкестендіріңіз

Т. Әр топ азаматтық қоғамның белгілі бір институтын төмендегі критерийлер бойынша сипаттап, қорғайды:

-қоғамдық бірлестіктің саяси жүйедегі орны;

-қоғамдық бірлестіктердің мақсат-мүддесі;

-қоғамдық бірлестіктердің даму бағыттары;

-қоғамдық бірлестіктердің жұмыс нәтижелері.

1-топ: Кәсіподақ ұйымы

2-топ: Саяси партиялар

3-топ: Бұқаралық ақпарат құралдары

4-топ: Экологиялық одақтар

Әр топ өз жұмысын басқа топтарға түсіндіреді. Оқушылар өз бағасын береді.

«Азаматтық қоғамның дамуы» https://www.youtube.com/watch?v=Q1CGXh4lcRY

ҚР Констиутциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Әбсаттаров Р., Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері қандай? / Р. Әбсаттаров//Ақиқат.- 2004.- N12.-30-36б.

А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин.

Азаматтық қоғам

http://ikaz.kz/azamatty-o-am/

Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл.

Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007.

Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997жылы.

Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл.

Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007.

Сапаргалиев Ғ. Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. -Алматы, 1997жылы.

Сабақтың соңы

Үй тапсырма:

Эссе жазу

«Азаматтық қоғамға айналу үшін не (қандай іс-әрекеттер) жасау керек»? тақырыбына эссе жазады, нақты қадамдар мен шешімдер келтіреді.

Кері байланыс:

  • Бүгін мен білдім…
  • Қызықты болды…
  • Қиын болды…
  • Мен орындадым…
  • Мен үйрендім…

Бағалау. Мұғалім оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сай оқушылардың жетістігін айтады.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?