Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқық негіздері. 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Тапсырма: Азаматтық құқықтың эелеметтерінт анықтаңыз

Берілген мәтін бойынша кез-келген тапсырманың бірін таңдап орындаңыз

  • 1. Мәтін мазмұнындағы ен маңызды азаматтық құқықтың басты кем дегенде 5 элементін анықтаңыз және ойыңызды түсіндіріңіз.
  • 2. Мәтін мазмұнынан азаматтық қоғамның басты элеметтерінің астын бір рет сызыңыз және түсіндіріңіз.
  • 3. Мәтін мазмұнын оқып 3 қарапайым және 3 күрделі сұрақ құрастырыңыз.
  • 4. Мәтін мазмұнының жоспарын құрастырыңыз.
  • 5. Мәтін мазмұнын абзацтарға бөліңіз және ойыңызды түсіндіріңіз.

Азаматтық қоғам – мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Осы қатынасқа қатысушылардың табиғи жəне азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялы даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліссіз болмайды, уақыты шектелмейді, аумақтық - аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық аумағын, халқын біріктіреді.Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени –рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген жəне орындалуын өздері тексереді. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциялар, қоғамдық ұйымдар, кəсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық жəне басқа бірлестіктер), азаматтардың, өндірістік жəне жеке өмірі, олардың əдеп-ғұрпы, салттары кіреді. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси жəне рухани өмірінің түрін еркін таңдауына жəне жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тəртіпке алынудан сенмді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізгі-əр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның əрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады жəне оны өз қалауына алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке , тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік жəне қоғамдық адамның халықаралық дəрежеде танылған ережелерде сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады: ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да долсын алалаушылыққа жол берілмейді; жеке тұлға мен азаматтың абыройы болып саналатын пəтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, елжұртқа келіп кету, хатта жазылған жəне телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз жəне хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады. Азаматтық қоғамдағы жеке тұлғаның құқықтық жағдайы құқықтық мəртебемен анықталады. Оның элементтері: құқық, бостандық, құқықтық кепілдіктер тұлғаның міндеттері мен жауапкершілігі. Жеке тұлға құқығы –бұл белгілі бір құндылыққа, игілікке деген құқық. Бұл құндылықтар əр түрлі – материалдық, рухани, мəдени. Бостандық- бұл да құқық, құқықтың бір түрі. Конституцияда көрсетілген бостандық түрі сол уақытта жеке тұлғаның құқығы болып табылады. Мысалы, сөз бостандығы- бұл азаматтың еркін өз ойларын, көзқарастарын айту құқығы жиналыс, митинглер бостандығы-азаматтардың өз өміріндегі жəне қызметіндегі проблемаларды шешу үшін жиналу құқы.Сонымен, мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынас өзара тең құқықты міндеттермен құқықтар арқасында қалыптасады. Бұл азаматтық қоғамның басты белгісі.Азаматтық қоғам дамыған мемлекеттің басты белгісі болып табылады. Азаматтық қоғамның басты институттарының бірі болып табылатын қоғамдык-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте ҚР дербес мемлекеттілікті қалыптастыру барысында аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Мәселен, «Қоғамдык бірлестіктер туралы» ҚР заңы, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР заңы,«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңы және т.б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?