Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқық негіздері. 10 сынып, сабақ жоспары.


«Келісілді»

ӘБ жетекшісі.

Мектеп:

Мұғалім:

Кәсіби даму мақсаты.

Қазақстан тарихы пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні

Сынып 10 сынып Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Бөлім Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам

Сабақтың тақырыбы

Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары

Оқу мақсаттары

  • Конституциялық қағидаттар негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату

 Сабақтың мақсаты

  • Азаматтық қоғам эелементтері мен институтын ажырту

Бағалау критерийлері

  • Азаматтық қоғамның элеметтерін біледі және түсінеді.
  • Азамттық қоғам эелементтерін, азаматтық қоғамнан ажыратта алады.
  • Конституциялық қағидаттар негізінде азаматтық қоғамға талдау жасай алады.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік құзіреттілікті дамыту:

Тыңдалым (тыңдау): мұғалімнің түсіндіруі бойынша;

Азаматтық қоғам эелементтері мен институттарын ажырату кезінде.

Оқылым: деректермен және ақпаратық мәтінтінмен танысу кезінде.

Жазылым: мұғалімнің және сыныптастарының айтқанын және талдау жұмыстарын орындау кезінде.

Айтылым: жеке, жұптық, ұжымдық пікірталас барысында ауызша мәлімдемелер жасау, жұптық талқылау; өз қорытындыларын ұсыну.

Оқушылар:

- ақпараттық мәтіндер мен тарихи дереккөздер туралы зерттеулер жүргізу кезінде жұптасып жұмыс жасау, содан кейін сынып алдында өз жұмысының нәтижесі туралы ауызша есеп беру (оқылым,жазылым, тыңдалым дағдылары

 

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Азамттық қоғамды... санайсын

Азаматтық қоғамды... ойлаймын

 Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, Дүние тарихы

 АКТ-ны қолдану дағдылары

Сабақ мазмұнын түсіндіру кезінде және азаматтық қоғам белгілерін анықтау кезінде

 Алдыңғы білім

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам түсінігі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Жоспарланған іс-әрекеттер

(мұғалімнің және оқушының іс әрекеті )

Ресурстар

Білімді өзектендіру.

Мұғалім әрекеті:

БЫМ арқылы азаматтық қоғам түсінігін естерне түсіреді.

Оқушылар азаматтық қоғам түсінігін естеріне түсіреді және айтады.

Оқушылар азаматтық қоғамның белгілерін анықтап болған соң. Бүкілсыныптық диалог барысында мұғалім толықтырулар жасайды және кері байланыс береді.

Соңынан жаңа тақырыпты өзектендіруге бағытталған сұрақтар беріледі.

БЫМ Оқушыларға: Азаматтық қоғамның белгілерін білдіретін суреттері бар слайдты көрсету арқылы сабақтың тақырыбын болжап анықтау.

-Оқушылар суреттер бойынша өз божамдарын және ойларын айтады. Бүкіл сыныптық талқылау жүреді.

Мұғалім әрекеті: Оқушылардың болжамды жауаптарына кері байланыс жасайды

Білімді өзектендіріге бағытталған сұрақтар

Мақсат қою

1.БЫМ.

Мұғалім әрекеті: Оқушыларға сабақтың тақырыбын ашады және жазып алуды ұсынады. Соңынан оқушылардың болжамдап анықтаған сабақтың тақырыбымен салыстыру жасайды.

2. Сабақтың тақырыбымен танысу.

Мұғалім сабақтың тақырыбын жазып алуды және алдағы зерттеу әрекеттерін ойлануды ұсынады.

3. Оқу мақсатын анықтау: ОМ , бағалау критерийлері, тарихи концептімен танысу.

Оқушылар зерттеу сұрағын жасайды. Мұғалім сұрақтың мағыналы және мазмұнды болуы үшін бағыттаушы сұрақтар қойып отырады.

Мұғалім әрекеті: оқушыларға үнемі ҚР Конституциясының негізгі қағидаларына сілтеме жасап отырады.Соңынан бейне материал мазмұнын көруді және бір қарапайым жіне бір күрделі сұрақ құрастыруды ұсынады.

Оқушылар бейне матриал мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырып оқиды. Бұл әрекетің мақсаты оқушыларға ойын жинақтап мазмұнды әрі сапалы сұрақ құрастыру дағдысын дамыту.Сонымен қатар азаматтық қоғамның қандай белгілерін анықтағандығын білу.

Оқушы әрекеті. Оқушылар бұрынғы білімдерін қолданып өз болжамдарын жасайды. Соңынан мұғалім оқушыларды толықтырады.Оқушылар өздеріне қажетті ақпараттарды дәптерлеріне тезис түрінде жазып алады. Соңынан мұғалім оқушыларға өздері құрастырған зерттеу сұрағын айтуды сұрайды. Оқушылардың ұсынған зертеу сұрақтары талғыланып болған соң тақтаға зерттеу сұрағын ашады.

Зерттеу сұрағы:

  • Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы қаншалықты маңызды?

Сабаққа дайындалған слайд.

Суреттер

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

Қазақстан Республикасының Конституциясы

https://www.youtube.com/watch?v=50HQIoocKo8

1,5 мин

https://www.youtube.com/watch?v=8lvKO7ocBBg 2 мин

Жаңа материалды игеру

- Мұғалім әрекеті: Оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты 1-2 минуттық толықтыру жасайды.

Оқушылар мұғалім түсіндірмелерін дәптеріне тезис түрінде түртіп алады.

Зерттеу және талдау

Бүкілсыныптық жұмыс. Мәтінмен сараланған жұмыс.

Жеке жұмыс.(Оқылым, жазылым, айтылым) Қосымша 1

1.Тапсырма: Азамттық қоғам түсінігінің анықтамасын жасаңыз.

Берілген мәтін бойынша кез-келген тапсырманың бірін таңдап орындаңыз.

Тапсырма: Азаматтық құқықтың эелеметтерінт анықтаңыз

  • 1. Мәтін мазмұнындағы ен маңызды азаматтық құқықтың басты кем дегенде 5 элементін анықтаңыз және ойыңызды түсіндіріңіз.
  • 2. Мәтін мазмұнынан азаматтық қоғамның басты элеметтерінің астын бір рет сызыңыз және түсіндіріңіз.
  • 3. Мәтін мазмұнын оқып 3 қарапайым және 3 күрделі сұрақ құрастырыңыз.
  • 4. Мәтін мазмұнының жоспарын құрастырыңыз.
  • 5. Мәтін мазмұнын абзацтарға бөліңіз және ойыңызды түсіндіріңіз.

Дескрипторлар:Қосымша 2

Тапсырманы орындауға нұсқаулық беріледі. Оқушыларға мәтінмен жұмыс жасауға нұсқау айтылады.Тапсырманы орындауға уақыт беріледі. Оқушылар дайындық жұмыстарынан соң нәтижесін сыныптастарымен бөліседі. Мұғалім және сыныптастары тарапынан және өзара кері байланыс жасалады. Қалған оқушылар сыныптастыраның жауабын тыңдап отырып жұмысын түзетіп толықтырады

Оқушылар кез-келген тапсырманы орындап болған соң талқылау жұмысы жүргізіледі және үнемі оқышы жұмысына мұғалім тарапынан және өзара кері байланыс жасалады.

Оқушы әрекеті: берілген тапсырманы таңдап орындайды(жазылым-оқылым)

Мұғалім әрекеті: ҚБ ,кері байланыс жасайды.Бүкіл сынып бойынша талқылау жүргізіледі.

Мұғалім әрекеті:Азаматтық қоғамның эелементтері мен институттарының айырмашылығын анықтауға тапсырма береді.

Оқушы әрекеті:оқушылар тақтала ашылған слайд мазмұнын оқып алдыңғы білімдерін қолданып айырмашылығыын ажыратады.Соңынан кері байланыс жасалады.

Қосымша 1

Қосымша 2

Дескрипторлар

Рефлексия

  • Рефлексия
  • .............. білгенім маңызды болды.
  • ................. тапсырманы орындауда қиындықтар кездесті.
  • Ең тиімді болғаны............

Үй тапсырмасы

Азамттық қоғам элементтерін, азаматтық қоғам институттарынан айырмашылығын 4 сөйлем арқылы түсіндір.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?