Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Тапсырма: Азаматтық қоғамның функцияларын түсіндіріңіз.

Берілген тапсырмалардың кез-келген бірін таңдап орындаңыз.

  • Мәтін мазмұнындағы ен маңызды сөздердің атын екі рет сызыңыз және түсіндіріңіз
  • Мәтін мазмұнындағы орташа маңызды сөздердің астын бір рет сызыңыз және түсіндіріңіз
  • Мәтінді абзацтарға бөліңіз және неліктен солай жасағаныңызды түсіндіріңіз.
  • Мәтін мазмұнын 10 сөйлем арқылы түсіндіріңіз
  • Мәтінді 3 есе қысқартыңыз және түсіндіріңіз

Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады. Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер,БАҚ, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары, қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады.Саяси партия - мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси ырқын бiлдiретiн ҚР азаматтарының ерiктi бiрлестiгi. Кәсiптiк одақтар - азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктерi.Дiни бiрлестiктер-жергiлiктi дiни бiрлестiктер, дiни басқармалар, дiни оқу орындары мен ғибадатханалар.БАҚ- мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны. Қоғамдық бiрлестiктер-саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ Мақсаттарға қол жеткiзуi үшін ерікті негізде құрылған, заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.Ұлттық-мәдени бiрлестiк - өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн сақтау, тiлiн, бiлiмiн және мәдениетiн дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы негiзiндегi бiрлестiгi. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару - жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын органдары арқылы өздерi дербес шешу мақсатында белгiлi бiр мекендер шегiнде тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының нысаны.

Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады: азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу; мүдделердi жақындастыру және белгiлi бiр мақсаттарға қол жеткiзу негiзiнде адамдарды одақтарға, бiрлестiктерге ерiктi түрде кiрiктiру үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi жұмысқа қатысу; азаматтардың жалпымемлекеттiк және жергiлiктi проблемаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету;

азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асыру; қоғамда жалпы адами нормаларды, құндылықтар мен адамгершiлiк негiздерiн бекiту; адамның тәуелсiз өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн еңбек өнiмдiлігi үшiн жағдай жасауға қатысу; әлеуметтiк қызметтер көрсету; билiктiң, бизнестiң және қоғамдық институттардың қатынастарын үйлестiруге жәрдемдесу, қоғамдық келiсiм және әлеуметтiк жанжалдарды азайту үшiн жағдайлар жасау, әлеуметтiк және өзге де жанжалдарды сындарлы үндесу жолымен шешу;мемлекеттiк шешiмдер қабылдау процесiнде ашықтық пен мөлдiрлiкке жәрдемдесу; әлеуметтiк еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi аса маңызды қоғамдық функцияларды орындайтын кәсiподақтық ұйымдардың қызметiн қолдау; сөз бостандығын қолдау, БАҚ тәуелсiздiгiн нығайту және ақпараттық кеңiстiктiң ашықтығын қамтамасыз ету.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U060000154



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?