Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Оқу бөлімі: 9.4A Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Сабақ тақырыбы: Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары

Оқу мақсаттары:

10.1.2.3 конституциялық қағидаттар негізінде азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын ажырату

10.1.2.4 азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету.

Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды, ал "азаматтық қоғам" толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. К. Маркстің пікірі — бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның санқырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады. Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді жалғастыру керек. Біздің пікіріміз — азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс:-   экономикалық   бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас;- адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын   қалыптастырып, қорғау;- заңды, демократиялық билік;- ақпаратқа бостандық беру;- заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болу;- таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу;- адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту.Азаматтық қоғамның кұрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы - адам. Адам - қоғам кұрылымының негізгі элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың ара қатынастары — азаматтық қоғамның элементтері.Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:Әлеуметтік жүйе - объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы бұл жүйеге азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйе, өзі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы — қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы — адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы — қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары.Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, муниципалдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдануы кажет.Рухани-мәдени жүйесі - осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдар, олардың ара қатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.Ақпараттық жүйе - осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен ара қатынастары. Бұл бағытта іс-әрекеттерге толық бостандық берілуі кажет.Осы көрсетілген азаматтық қоғамның жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құкық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғамдағы демократияның жоғарғы дәрежеде болуы.Азаматтық қоғамның белгі - нысандары:- адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен құқықтарының қамтамасыз етілуі;- қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, ақпараттың жұмысына азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-тұруға толық кұқықтарының болуы;- азаматтардың қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер құрып, өз мүдде-мақсаттарын орындауға, іске асыруға  және шет елдердің сондай ұйымдарымен байланыс жасауға кұқықтарының болуы;- жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;- азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық   мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.Сонымен азаматтық коғам және кұқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары кажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

http://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/212-zan/2971-azammattik-kogam.html

1-тапсырма: Азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын анықтап кестеге жазыңыз. Кемінде үш мысалдан келтіріңіз.

Дескриптор: Азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын анықтай алады.

Азаматтық қоғамның элементтері

Азаматтық қоғамның институттары

1.

2.

3.

4.

1.

2.

3.

4.

2-тапсырма: Берілген мәліметтермен танысып шығыңыз. Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына шын мәнінде үлкен үлес қосып отырған адамдарды анықтаңыз.

Дескриптор: Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына шын мәнінде үлкен үлес қосып отырған адамдарды анықтай алады.

Максим: «Мен өз көлігімді жуамын, өйткені ол менің меншігімдегі заттардың ең қымбаты. Көлігіммен жұмысқа барамын, ал демалыс күндері отбасымды қала сыртына апарамын».

Әсел: «Мен күнде киім сатуға базарға шығамын. Бұрын суретші едім, бірақ қазіргі

жұмысым көбірек ұнайды. Бәріміз де отбасы үшін ақша табуға тырысамыз».

Қанат: «Мен жолдастарыммен ауылда жұмыс істеймін: мектеп шатырын жөндеймін. Бұл менің жұмысым емес, бірақ қолдан келер шаруа болған соң, бел буа кірістік. Үкімет

қашан көңіл аударады деп қарап отырмаймыз».

Зүлфия: «Меніңше, мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу ең тәуірі. Мен салық

инспекторымын және әрқашан салықтың уақытында төленуін қадағалаймын. Ол ақшаға

біз мысал мектептерді сала аламыз және т.б».

Андрей: «Біздің ауданның бір топ адамдары толық емес отбасыларына қалай көмектесуге болатынын ақылдасуға жиналды. Біз азық-түлік және киімді бөлісуге, сонымен қатар адамдар жиі жүретін, көшеге дүңгіршек орнатуды шештік. Дүңгіршекте жергілікті кәсіпкерлер өндірген өнімдерді сататын боламыз, ал түскен ақшаны толық емес отбасыларына береміз».

Динара: «Мен өз балаларыма: жақсы оқуға талпынсаңдар, кейін жақсы жұмыс табылады

деп айтамын. Сонымен бірге балаларыма, үкімет біздің ата-анамыз тәрізді, сондықтан да

оның барлық нұсқауларын орындау қажет деймін».

3- тапсырма: Кестені толтырыңыз.

Дескриптор: қоғамдық бірлестіктердің мемлекет жүйедегі орның мен мақсат-мүдделерін анықтайды.

Қоғамдық бірлестіктер

Қоғамдық бірлестіктің мемлкет жүйедегі орны

Қоғамдық бірлестіктің мақсат-мүддесі.

Кәсіподақ ұйымы.

Бұқаралық ақпарат құралдары

Экологиялық одақтар.

Тұтынушы құқын қорғау ұйымы.

Этно-мәдени ұйымдар.

Қамқорлық жасау ұйымдар.

4-тапсырма: «Азаматтық қоғамға айналу үшін не (қандай іс-әрекеттер) жасау

керек»? деген тақырыбына шығарманы жазыңыз.

Дескриптор: азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін шешу жолдарын ұсынады.

Зерттеу сұрағы: «Азаматтық қоғамға айналу үшін не (қандай іс-әрекеттер) жасау

керек»?

Бағалау критерийлері:

1. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды азат жолдан анық көрсету;

2. Екі аргумент келтіру;

3. Кемінде екі нақты шара (шешу жолын) көрсету.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?