Құқық жүйесі. Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі ретінде. Құқық негіздері, 10 сынып, қосымша материал.


Құқық саласы

 3. Құқық саласы – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық саласының белгілері;

 - əрбір саланың өз пəні болады;

 - əрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;

 - құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру тəсілдерін жəне құқықтық нормаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады.

 Құқық салаларының түрлері:

 1) негізгі салалар; бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды, жалпы алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында конституциялық құқық, одан кейін материалдық құқықтар – азаматтық, қылмыстық, əкімшілік құқықтар жəне оларға сəйкес іс жүргізушілік салалар – азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық іс жүргізушілік жəне əкімшілік іс жүргізушілік құқықтары орналасқан;

 2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқық, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы құқығы, түзеу-еңбек құқығы;

 3) кешенді салалар; бұларға негізгі жəне арнайы салалардың əртүрлі институттарының бірігуі тəн: шаруашылық құқық, аграрлық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?