Құқық жүйесі. Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі ретінде. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары:

  •  Мемлекеттік (конституциялық) құқық бұл сала әр елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп, басқарып отырады.
  •  Әкімшілік құқық – бұл сала қоғамды, мемлекетті басқару қарым-қатынастарын реттеп, дамытып отырады.
  •  Қаржы (қаражат) құқығы – бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат көлеміндегі қатынастарды басқарады.
  •  Жер құқығы – бұл сала жер, су, өсімдік, табиғат, экологиялық бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.
  •  Азаматтық құқық – қоғамның ең күрделі саласындағы мүліктік қатынастарды реттеп отырады.
  •  Еңбек қүқығы – азаматтардың еңбек бағытындағы қатынастарын дамытып, реттейді.
  •  Жанұялық құқық – осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының өзара қатынастарын реттейді.
  •  Азаматтық-процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік, жанұялық шағым істерін қарағандағы қарым-қатынастарды реттеумен шұғылданады.
  •  Қылмыстық құқық – қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу барысындағы мәселелермен шұғылданады.
  •  Қылмыстық-процессуалдық құқық – милиция, прокуратура, сот т.б. құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.
  •  Еңбекпен түзеу құқығы – қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып, қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастарды қамтиды.
  •  Халықаралық құқық – мемлекеттердің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?