Құқық жүйесі. Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі ретінде. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Құқық негіздері
Сынып:10 сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Бөлім | Мемлекет және құқық |
Сабақ тақырыбы | Құқық жүйесі. Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі ретінде |
Оқу мақсаттары | 10.1.1.3 құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт) 10.1.1.4 мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау |
Сабақ мақсаттары | Құқық жүйесі мен негізгі элементтерін білу; Құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт ұғымдарын түсіндіру; Халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретіндегі мемлекеттің рөлін анықтау. |
Бағалау критерийлері | Құқық жүйесінің негізгі элементтерін және халықаралық құқықтың негізгі субъектісін анықтайды. |
Тілдік мақсаттар | Тілдік құзыреттіліктерді дамыту: Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: сұрақтарға жазба жұмысты орындау. Айтылым: барлық сыныппен ұжымдық талқылау, сұрақтарға жауап беру, сонымен қатар жұпта жұмыс жасау кезінде. Оқушылар: - Құқық салаларын анықтау барысында жұпта жұмыс жасайды, халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде мемлекетті қарастыру барысында барлық сыныппен талқылауға (оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдылары) қатысады. |
Пәнге тән лексика мен терминология | Құқық жүйесі, құқық салалары, құқық нормасы, құқықтық институт және т.б. |
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: | Азаматтық құқық /әкімшілік құқық/қаржы (қаражат) құқығы/жер құқығы дегеніміз ... Халықаралық құқық субъектілері ... Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі болып табылады, себебі ... Халықаралық құқықтың қатысушы ретінде мемлекеттер өздерінің құрылымы бойынша ... бөлінеді. |
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмысты және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық пен академиялық шындық. |
IT-дағдыларды қалыптастыру | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. |
Пәнаралық байланыстар: | Тарих пәні |
Бастапқы білім | Оқушылар алдынғы сабақтан құқықтың негізгі белгілері мен функциясы туралы біледі. |
Саралау | Жасырын саралау қабілеті жоғарырақ оқушы қабілеті төменірек оқушыға қолдау көрсететін жұптарды қалыптастыруда көрінеді. |
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы және мақсаты (2 мин) | Сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру. | Тақырып, ОМ және бағалау критерийлері берілген слайд | |||||||||||||||
Жаңа ұғымдармен жұмыс (7 мин) | Қос жазба күнделік негізінде жаңа ұғымдарды қарастыру. Оқушылар бастапқыда осы ұғымдарды өздері қалай түсінетінін және қандай анықтама бере алатындығын ортаға салады.
Содан кейін оқушыларға ұғымдардың негізі анықтамасы таныстырылады. Оқушылар өз жауаптарымен салыстыра отырып, өзгеріс енгізеді. | Презентация | |||||||||||||||
Жұптық жұмыста (3 мин) | Құқық саласы ұғымына анықтама берілгеннен кейін, оқушыларға құқықтық бірнеше салалары бар екендігі айтылады және оқушыларға келесі сұрақ қойылады.
Оқушылар жұпта ой бөліскеннен кейін, өз жауаптарын ортаға салады. Дескриптор: Кем дегенде 5 құқық саласын тізіп жазады. Соңында оқушылар өз жауаптарын тақтада берілген дұрыс жауаптармен тексереді. | ||||||||||||||||
Жеке жұмыс (4 мин) | Оқушаларға құқық салалары тыныстырылғаннан кейін, таңдау бойынша бір құқық саласына анықтама беру ұсынылады.
Дескриптор: Белгілі бір құқық саласының мәнін ашады. Соңында оқушылар өз жауаптарын мәтінде берілген дұрыс жауаптармен тексереді. | Презентация, үлестірме қағаз | |||||||||||||||
Мәтінмен жұмыс (20 мин) | Оқушыларға мемлекет – халықаралық құқық субъектісі ретінде тақырыбында мәтін беріледі. Оқушылар мәтінмен танысып, негізгі тұстарына назар аударады. Содан кейін берілген сұрақтарға жауап береді:
Дескрипторлар: Халықаралық құқық субъектілерінің жіктелуін біледі. Мемлекетті халықаралық құқық субъектісі екендігін дәлелдейді. Мемлекеттердің құрылымы бойынша жіктелуін көрсетеді. Жалпы сыныптық талқылаудан кейін, оқушылар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалайды. | Үлестірме материал | |||||||||||||||
Рефлексия, үй тапсырмасы (4 мин) | Ұжымдық талқылау жолымен сабақ қорытындысын жасау: Рефлексияны жүзеге асыру. Достиг – Жеттім- Has reached Расширил – Кеңейттім- Expanded Завершил – Аяқтадым-Completed Исправил – Түзеттім-Corrected Получил – Алдым-Got Развил – Дамыттым- Developed Выполнил – Орындадым-Completed Расширил – Кеңейттім-Expanded Добился – Қол жеткіздім-Achieved Определил – Анықтадым-Defined Осуществил –Жүзеге асырдым-Implemented Улучшил – Жақсарттым-Has improved | Рефлексия үлгісі берілген слайд |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді. | Талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету. Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы мәселерді түсіну деңгейін бағалау Оқушылар критерийлер негізінде өзін-өзі бағалайды. Сонымен қатар мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?