Құқық жүйесі. Құқық негіздері,10 сынып, қосымша материал.
Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі.
Халықаралық құқық субъектілері – Халықаралық құқық негізінде және аясында жүзеге асатын халықаралық құқықтар мен міндеттерге ие және осы бойынша халықаралық жауапкершілігі бар халықаралық қатынастарға қатысушылар. Халықаралық құқықтың ерекшелігі қатысушы субъектілерінің тең болуы.
Халықаралық құқық субъектілері: негізгі субъектілер және туынды субъектілер болып екіге бөлінеді. Негізгі субъектілерге – мемлекеттер, тәуелсіздігі үшін күресетін ұлттар мен халықтар. Туынды субъектілерге – халықаралық ұйымдар, мемлекеттес құрылымдар.
Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі. Халықаралық құқық нормалары негізінен мемлекет аралық қатынасты реттейді, яғни мемлекет арасындағы қатынастарды, өйткені халықаралық құқық субъектілерінің ішінде тек мемлекеттерге тән ерекше қасиет бар. Ол оның саяси құқықтық қасиеті егемендік.
Мемлекеттік егемендік дегеніміз – мемлекеттік биліктің ел ішіндегі үстемдігі мен сыртқы саясаттағы тәуелсіздігі. Халықаралық қатынастарға мемлекеттер егеменді құрылым ретінде қатысады, онда қандай да болсын ешбір билік өзінің міндетті заңды ережелерін мәжбүрлемейді. Әрбір мемлекеттің егемендігін қадірлеу, барлық мемлекеттердің егеменді теңдігін мойындау – халықаралық құқық қағидаларының бірі болып табылады.
Мемлекеттердің егеменді теңдігі дегеніміз – бұл барлық мемлекеттер заңды түрде тең дегенді білдіреді, яғни олардың міндеттері мен құқықтары тең. Сонымен халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелері ретінде олардың эканомикалық саяси және әлеуметтік жүйелеріне қарамастан бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Халықаралық құқықтың қатысушы ретінде мемлекеттер өздерінің құрылымы бойынша – біртұтас және күрделі болып бөлінеді. Біртұтас (унитарлы) мемлекеттер халықаралық қатынаста халықаралық құқық субъектісі ретінде қатысады және оның басқа мемлекеттік құрылымытуралы мәселелер туындамайды. Біртұтас мемлекеттер, олар әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінген мемлекеттер.
Күрделі (одақтас) мемлекеттер қатарына федеративтік мемлекеттер кіреді. Федерация – бұл күрделі және тығыз мемлекеттік құрылым. Әркайсысы өзінің құрамында бірқатар мемлекеттер немесе мемлекеттік құрылымдардан тұрады. Федерация мүшелер (одақтас республика,автономды республикалар, жерлер, штаттар) белгіленген ішкі мемлекеттік дербестігін сақтайды, бірақ та, конституциялық құқық бойынша сыртқы қатынасқа дербес қатыса алмайды және халықаралық құқық субъектісі бола алмайды. Бұл жерде жалпы федерация халықаралық аренада біркелкі халықаралық құқықтың субъектісі ретінде қатысады. Федеративтік мемлекетке Ресей Федерациясы, АҚШ, т.б. мемлекеттер жатады. Құрылымы күрделі мемлекеттердің ішінен конфедерация деген түрі белгілі. Конфедерация, бұл тәуелсіз мемлекеттердің белгілі бір ортақ мақсатқа жету үшін (бірігіп қорғану, сыртқы саясат жүргізу, мемлекеттердің қауіпсіздігін қорғау, қаржыландыру және т.б.) құрылған одағы. Қазіргі жағдайда классикалық конфедеративтік мемлекет жоқ деп айтуға болады.
Мысалы, Швецария конферативтік мемлекет болып саналғанмен, іс жүзінде олай емес, өйткені Швецария әкімшілік аумақтық бөліністерге (кантордарға) бөлінеді.
Мемлекеттер арасында ерекше көрінетін тұрақты бейтарапты мемлекеттер.Тұрақты бейтараптық - мемлекеттің арнайы халықаралық құқықтық мәртебесі. Мұндай мәртебеге көпжақты халықаралық шарттар немесе декларация негізінде ие болады. Бейтарап мемлекет- бұл осы мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне ешқашан, ешкімнің қол сұқпағандығына ірі мемлекеттердің халықаралық келісіммен кепілдік беруі, яғни осындай кепілдік берілген мемлекетті айтамыз. Тұрақты бейтараптық, мемлекет соғыс кезінде қандай болмасын соғысушы тараптарға тікелей әскери көмек корсетпеуге міндеттенеді, сондай-ақ бейбіт кезде тұрақты бейтараптық мемлекет әскери одақ пен блоктарға кірмеуі керек, өзінің аумағын басқа мемлекетке әскери мақсатқа пайдалануға бере алмайды. Егер осы шарттарды бұзған жағдайда ол тұрақты бейтераптық мәртебесінен айырылады.
Халықтар мен ұлттар – халықаралық құқықтың субъектісі. Халықтар мен ұлтар өз мемлекетін құруға және өзін өзі анықтауға құқығы бар. Халықтардың өзін өзі тану императивті нормалардың бірі. Барлық халықтар осы нормаға сәйкес өзінің саяси мәртебесін еркін белгілеп, өзінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуын еркін қамтамасыз етеді.
Халықаралық үкіметаралық ұйымдардың құқықтық субъектілігі. Халықаралық ұйымдар XIX ғасырдың ортасынан бастап пайда болып іске қосылды. Қазіргі кезде 9 мыңнан аса халықаралық ұйымдар қызмет атқарады. Халықаралық ұйымдардың ішінен халықаралық үкімет аралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады, өйткені, олардың құрылтайшылары болып мемлекеттер болады, ал мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектісі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?