Құқық жүйесі. Құқық негіздері,10 сынып, дидактикалық материал.
Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары:
- Мемлекеттік (конституциялық) құқық бұл сала әр елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп, басқарып отырады.
- Әкімшілік құқық – бұл сала қоғамды, мемлекетті басқару қарым-қатынастарын реттеп, дамытып отырады.
- Қаржы (қаражат) құқығы – бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат көлеміндегі қатынастарды басқарады.
- Жер құқығы – бұл сала жер, су, өсімдік, табиғат, экологиялық бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.
- Азаматтық құқық – қоғамның ең күрделі саласындағы мүліктік қатынастарды реттеп отырады.
- Еңбек қүқығы – азаматтардың еңбек бағытындағы қатынастарын дамытып, реттейді.
- Жанұялық құқық – осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының өзара қатынастарын реттейді.
- Азаматтық-процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік, жанұялық шағым істерін қарағандағы қарым-қатынастарды реттеумен шұғылданады.
- Қылмыстық құқық – қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу барысындағы мәселелермен шұғылданады.
- Қылмыстық-процессуалдық құқық – милиция, прокуратура, сот т.б. құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.
- Еңбекпен түзеу құқығы – қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып, қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастарды қамтиды.
- Халықаралық құқық – мемлекеттердің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?