Құқықтық мемлекет түсінігі және оның қағидаттары. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.

Сабақтың тақырыбы:

Құқықтық мемлекет түсінігі және оның қағидаттары

10 сынып

Оқу мақсаты:

10.1.2.1 құқықтық мемлекеттің қағидаларын айқындау

10.1.2.2 әлемдік тәжірибедегі құқықтық мемлекеттің мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету

Сабақтың мақсаты

Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі, қағидаларын анықтау.

Бағалау критерийлері

Құқықтық мемлекетке тән белгілерін және қағидаларын анықтайды, құқықтық мемлекеттің маңыздылығын

анықтап, баға береді (құқықтық мемлекет не себепті қажет? сұрағына жауап береді).

Тілдік міндеттер

Пәннің сөздік қоры / Пәннің лексикасы мен терминологиясы:

  • жеке құқықтар
  • саяси құқықтар
  • азаматтық қоғам
  • сыбайлас жемқорлық
  • саяси партия
  • кәсіподақ
  • БАҚ
  • Қоғамдық бірлестіктер

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:

Азаматтық қоғам (...)

Құқықтық мемлекет маңызды, себебі(...)

Азматтық қоғам құру маңызды, өйткені (...)

Азаматтық қоғам институтары маңызды, себебі...

Құндылықтарды

дарыту

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихымен байланысты, өйткені Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесі құқықтық саласына қатысты.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ақпарат материалдарын пайдалану. http://adilet.zan.kz

Кілтті дағдыларды дамыту

Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту. (Мысалы, құқықтық мемлекеттің белгілерін және маңыздылығын анықтаған кезінде).

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту.

Алдыңғы білім

Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

  • Ұйымдастыру кезеңі. Ой шақыру.

Оқушылар слайдтағы суреттер арқылы тақырыпты анықтайды.

  • Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсатымен таныстыру.
  • Жеке және жұптық жұмыс.

Оқушыларға құқықтық мемлекеттің белгілерін қарастыруға тапсырма беру керек. Оқушылар бұл белгілер қандай мемлекетке тән екендігін анықтауы тиіс.

  • Заң үстемдігі
  • Заң алдындағы азаматтардың теңдігі
  • Биліктің тармақтарға бөлінуі
  • Сот тәуелсіздігі
  • Саяси көппікірлік
  • Топтық жұмыс. Оқушылар құқықтық мемлекеттің белгілерін анықтап, постерге салады. Оқушылардың презентациялардан кейін мұғалім құқықтық мемлекет туралы мәтінді таратады. Оқушылар мәтін бойынша өздерінді тексеріп бағалайды.
  • Жұптық жұмыс. Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
  • Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар мәтінмен танысып құқықтық мемлекеттің белгілерін және қағидаларын анықтайды.

Құқықтық мемлекет белгілері.

Құқықтық мемлекеттің қағидалары.

1.

2.

3.

4.

Келесі тапсырмада оқушылар кестедегі сұрақ бойынша мысал келтіреді. Кемінде 1 мысал келтіре алады.

Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары іс жүзінде орындалуда ма?

Жауабыңызға мысал келтіріңіз.

Топтық жұмыс. Қазақстанды және өзге мемлекеттердің құқықтық мемлекет ретіндегі белгілерін интеллект карта арқылы көрсетуге ұсынуға болады. Бұл жұмысты топтық жұмыс арқылы көрсету қажет:

1-топ Қазақстан

2-топ Европа мемлекеттерінің бірі

3-топ Латын Америкасы мемлекеттерінің бірі

4-топ Азия мемлекеттерінің бірі

5-топ Африка мемлекеттерінің бірі

Топтық жұмысынан кейін оқушылар «Қазақстан әлемде өзін құқықтық мемлекет ретінде жариялайды» атты тақырыпта шағын эссе жазады

 Слайд-презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Таратпа материал

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • Қиын болды…
  • Бүгін мен білдім…
  • Қызықты болды…

Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.

Үй тапсырмасы. Қайталау.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді. Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары іс жүзінде орындалуда ма? деген сұраққа «А» деңгейдегі оқушылар 3 мысал келтіреді, «В» деңгейдегі оқушылар 2 мысал келтіреді. Ал «С» деңгейдегі оқушылар 1 мысал келтіреді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Оқушылар жұптық және топтық жұмысында дескрипторлар арқылы бір-біріні бағалайды. Мұғалім әр орындаған тапсырма бойынша кері байланыс беріп бағалайды. Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.

Бағалау критерийлері:

Құқықтық мемлекетке тән белгілерді анықтайды, құқықтық мемлекеттің маңыздылығын

анықтап, баға береді (құқықтық мемлекет не себепті қажет? сұрағына жауап береді).

1. Дескриптор: тест сұрақтарына жауаптерын бере алады.

1. Қазақстандағы атқарушы билік:

а) Президент ә) Парламент б) Үкімет

2. ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы:

а) Сенат   ә) Жоғарғы кеңес б) Мәжіліс

3. «Президент» сөзінің мағынасы:

а) Ел басқару ә) Алда болу б) Бірінші сөйлеу

4. ҚР-ның іс жүзіндегі Конституциясы қащан қабылданды?

а) 1993ж.28 қаңтар ә) 1995ж. 30 тамыз б) 1991ж. 16 желтоқсан

5. ҚР азаматтарының саяси құқығы:

а) басқару ісіне қатысу ә) медициналық көмек алу

б) кәсіби заңдылық көмек алу

6. ҚР азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқығы:

а) зейнетақымен қамтамассыз ету         ә) ойды еркін айту бостандығы

б) еркін жүріп-тұру

7. ҚР азаматтарының негізгі құқығы мен бостандығы:

а) жеке кәсіпкерлікпен айналысу ә) бірлестік құру

б) ар-ұят бостандығы

8. ҚР-ның Заң шығаратын органы:

а) Президент ә) Парламент б) Үкімет

9. ҚР Президент өкілеттік мерзімі:

а) 5 жыл ә) 6 жыл б) 7 жыл

10. «Демократия» термині қай мемлекетте пайда болған?

а) Қазақстан ә) Грекия б) Франция

11. ҚР Парламентінің палаталары:

а) Сенат, Мәжіліс      ә) Сенат, Конгрес

б) Жоғарғы Кеңес, Төмендегі Кеңес

12. ҚР азаматтарының саяси құқығы:

а) сайлауға қатысу ә) өмір сүру б) білім алу

13. ҚР азаматтарының әлеуметтік құқығы:

а) Тұрғын үй алу ә) Қоғамдық бірлестік құру

б) Қажетті қорғаныс құқығы

14. ҚР азаматтарының негізгі құқығы:

а) өмір сүру ә) демалу құқығы б) жиналысқа қатысу

  • Дескриптор: құқықтық мемлекеттің мақсаттарын анықтай алады.

Құқықтық мемлекет белгілері.

Құқықтық мемлекеттің мақсаттары.

1.

2.

3.

4.

  • Дескриптор: берілген сұраққа мысал келтіре алады.

Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары іс жүзінде орындалуда ма?

Жауабыңызға мысал келтіріңіз.

  • Дескриптор: жағдайяттарды талдай алады.

1 жағдаят:

Бірде Парламент депутаты машинасын рұқсат етілмеген жерге қойыпты. Оны көрген полицей мемлекет басшысына айтып салады. Соның дәл қасына машинасын қойған журналсит ескертумен шектеледі. Жағдайға таңырқаған журналист полицейге сұрақ қояды. Сонда полицей: «Сіз 1-рет ереже бұздыңыз, сондықтан, ескертумен шектелесіз. Ал, Парламент депутаты 2-рет рұқсат етілмеген орындаға ереже бұзып, көлігі қойып отыр. Біз заңға сәйкес ол кісіге айып салдық»-дейді. «Сіздер депутаттан айып аласыздар ма?» деген журналист сұрағына полицей не деп жауап береді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2 жағдайят:

Менің көршімнің өзіммен жасты, яғни он бестегі ұлы бар. ол баланың мектепке оқығысы келмейді, сабаққа бармағанына 2 ай болды. Оған әсер ететін бірінші себеп жеткіншек жасы, екінші сауда жасап ақша тапқысы келеді. Бұған ата-анасы қарсы емес. Бір күні оқытушы үйіне келеді.

Анасы мұғалімге: «Өзінің оқуға ынтасы жоқ, оқымаса оқымай-ақ қойсын!»-дейді.

Бұл жағдайдың дұрыс жауабы қандай және ата-ананың айтқаны дұрыс па?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Дескриптор: «құқықтық мемлекет не себепті қажет?» эссе жаза алады.

«Демократиялық қоғамның заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан әрі де саяси жүйеде мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық моделін жетілдіру жолымен жүре беретін боламыз. Бұл – біз мақтануға құқылы және бәріміз ұқыптылықпен сақтауға міндетті Қазақстандық "ноу-хау"».

Н.Ә.Назарбаев осы сөзімен не айтқысы келді? құқықтық мемлекет не себепті қажет?

Өз пікірлерін эссе ретінде жазыңыз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Құқықтық мемлекет дегеніміз - құқық жүйесі қалыптасқан, заң бәрінен жоғары туратын, заң талаптарының барлық субъектілерге міндеттілігі қамтамасыз етілетін, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі тугелдей қабылданған заңдарға негізделіп жургізілетін мемлекет. Құқықтық мемлекеттің белгілері. Құқыктық мем-лекеттің ең басты және айқын белгісі — заң бәрінен де жоғары тұрып, қоғамдық өмірде үстемдік етеді. Қоғамдық өмірдің барлық маңызды жақтары заң арқылы реттеліп отырады. Конституция бойынша заң шығарушы билік органы осыған ыңғайлап құрылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасының Парламенті қызметінің заң шығарушылық және оны жүзеге асырушылық сипаттары айқындалған. Парламент аса маңызды қоғамдык қатынастарды реттейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік бола алатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуы мен олардың қызметінің сипатын көрсететін, мемлекеттік және әскери қызметтің мәніне қатысты қағидалар мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруы керек. Заң шығару — парламенттің төл қызметі. Бұл миссиясын Парламент ешбір өзге органға бермеуі керек және өзінің шығарған заңдарымен, нормативтік актілерімен қоғам өмірінің негізгі жақтарын тегіс қамтуы керек. Кейде заң шығару құқығының ел Президентіне уақытша берілуі құқықтык мемлекетте де болуы мүмкін. Қоғам өмірі өте күрделі, онда да түрлі алдын ала қарастырылмаған жағдайларға ұшырасып отырады. Саяси дағдарыстар кезінде парламент таратылып жіберілетін жағдайлар болады немесе парламент толық құраммен кезекті демалысқа шығарылады. Құқыктық мемлекеттің тағы бір маңызды қағидасы — барлық мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының орындалуын міндеттеуі. Заңдардың өзін қабылдайтын мемлекет пен оның органдары болғандықтан, заң талаптарын орындаттыру міндеттерін де, алдымен, сол мемлекеттің өзі мойнына алуы керек. Бұқараның құқықтық мәдениеті. Құқықтык мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі — азаматтардың заңдарды мүлтіксіз сақтауы. Азаматтар өз құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, заңдарды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді жақсы білуі қажет. Ол үшін Конституцияны, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысы бар заңдарды, барлық нормативтік-құқықтың актілерді баспасөз бетінде жариялап отыру қарастырылған. Заңдарды баспасөз бетінде жариялау оларды қолданудың алғышарты болып табылады. Мұның азаматтарды құқықтық жағынан сауаттандыру үрдісіндегі маңызы зор. Конституциялық ереже азаматтардың құқықтары мен міндеттері нақты-ланған салалық актілердің мазмұнының жұртшылыққа жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етеді. Соттардың тәуелсіздігі. Құқықтық мемлекеттің келесі маңызды қағидаларының бірі — соттардың тәуелсіздігінің баянды етілуі болып табылады. Құқықтық мемлекетте сот мемлекеттік биліктің үш тармағының біреуі болып саналады. Қазақстан Республикасы Конституциясында жазылғандай, "судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады". Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді. Соттың ісіне қол сұғу, билігіне араласу заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады.

Бағалау кестесі:

Мен құқықтық мемлекеттің дағдыларын дұрыс анықтадым, себебі...................

Мен топтық жұмысында.....................................................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?