Құқықтың негізгі белгілері мен функциялары. Құқық негіздері, 10 сынып, қосымша материал 2.
Құқықтың түсінігі, мəні, қағидалары жəне функциялары
3-топ
Құқықтың қағидалары – жалпы құқықтық, салааралық жəне салалық болып үш үлкен топқа бөлінеді. Жалпы құқықтық қағидалар құқықтың барлық салаларын қамтиды, ол құқықтың қазмет етуі мен дамуының объективтік заңдылықтарын көрсетеді. Жалпы құқықтық қағидаларға мыналар жатады:
1) əділеттілік қағидасы – құқық іс - əрекет пен оның нəтижесі арасындағы, қылмыс пен жаза арасындағы өлшемді белгілейді. Əділеттілік құқықтың мазмұнында болады.
2) ізгілік қағидасы – адам, оның құқықтыары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық болып табылады, құқық тұлғаның жан жақты дамуы үшін жағдай жасайтын құрал болып танылады, адамның ар-намысы мен абыройына нұқсан келетіндей іс-əрекет жасауға тиым салынады.
3) заңдылық қағидасы – заң жалпыға бірдей ортақ міндетті, республика аумағында заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді барлық азаматтар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар қатаң сақтауы тиіс.
4) демократизм қағидасы – құқық арқылы тікелей жəне өкілді халық билігінің институттарын бекітуді білдіреді, азаматтар мемлекет ісіне араласа алады.
5) азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасы – құқық жынысына, нəсіліне, тіліне жəне өзге де жағдайына қарамастан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының тең болуына кепілдік береді.
6) құқықтар мен міндеттердің бірлігі қағидасы – құқықтар мен міндеттердің өзара байланыста болуын білдіреді, құқық болмаса міндет те жоқ, жəне керісінше міндет болмаса құқықта жоқ болады.
7) құқықтағы сендіру мен мəжбүрлеудің үйлесімдігі қағидасы – құқықтық нормаларда сендіру мен мəжбүрлеу шараларының арақатынасын белгілеуді талап етеді, бірінші болып сендіру əдістері, содан кейін мəжбүрлеу тəсілдері қолданылады. Салааралық қағидаларға – мысалы жазадан қашып құтылмауышылық қағидасы (қылмыстық құқық пен əкімшілік құқықтағы) жатқызуға болады. Салалық қағидаларға – мысалы, қылмыстық құқықтағы кінəсіздік презумпциясын жатқызуға болады. Құқықтың функциясы – қоғамдық қатынастарды бір тəртіпке келтіруде құқықтың рөлін анықтайтын құқықтық ықпал етудің негізгі бағыттары болып табылады. Құқықтың функциялары арқылы қоғамдағы құқықтың рөлін, орнын танып, білуге болады. Құқықтың негізгі міндеті – адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жəне қорғау, тəртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Құқықтың функцияларын кең жəне тар мағынада қарастыруға болады.
Тапсырма-3 /Қағидаттарды талдап, рөлдік ойын арқылы нақты мысал келтіріңіз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?