Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады? Құқық негіздері, 9 сынып, презентация.
- Назарларыңызға қандай жағдай ұсынылып тұр?
- Бүгінгі тақырып неге байланысты деп ойлайсыздар?
Сабақ тақырыбы: Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады?
Оқу мақсаты: Құқықтық жағдаяттарды талдай отырып, еңбек шартының мазмұнын ашу
Сабақ мақсаты: Еңбек шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау
Бағалау критерийлері:
Еңбек шартының бірнеше үлгісін салыстыра отырып, шарттың ерекшеліктері, тараптардың құқықтарының сақталуы, міндеттер көлемінің ара-салмағы ажыратып, анықтайды.
Еңбек шартының үлгісін жасайды
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Жеке еңбек шартында (...)
Еңбек шартын жасау қажет, себебі (...)
Тараптардың құқықтары мен міндеттері (...)
Жұмыс беруші (...), қызметкер (...)
Еңбек заңнамасына сәйкес (...)
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу..
Жұмысшының бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу...
Пәннің сөздік қоры / Пәннің лексикасы мен терминалогиясы
Еңбек шарты
жеке еңбек шарты
ұжымдық еңбек шарты
еңбек шарты тараптары
еңбек шарты формасы
еңбек шарты жағдайлары
еңбек шарты жарамсыздығы
еңбек шартын тоқтату
еңбек шартының заңды күшінің болмауы
Еңбек құқығы
Еңбек құқығы:
Жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;
еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар
Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.
Еңбек құқығы:
жұмыскер мен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;
еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар.
Еңбек құқығының принциптері.
Еңбек құқығының принциптері – еңбек қатынастарын және олармен тығыз байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде басшылыққа алынатын бастапқы постулаттар, идеялар.
Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің мынадай принциптері баянды етілген:
еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі;
мәжбүрлі еңбекке тыйым салу және жұмыссыздықтан қорғау (24-бап); денсаулықты қорғау құқығы (29-бап);
бірлестіктер бостандығына құқығы (23-бап);
құқықтар мен бостандықтарды заңмен тыйым салынбаған барлық әдістермен қорғау құқығы (13-бап);
еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз және жалақының ең аз мөлшерінен кем емес сыйақы алу құқығы (24,28-бап);
демалуға құқығы (24-бап).
Еңбек құқығының қайнар көздері, ұғымы және түрлерi.
Заң ғылымында құқтық қайнар көздерiне мемлекеттiк тұрғыдан қызметкерлердiң еңбегiн реттейтiн әртүрлi формада қабылданатын құқық нормасының жиынтығы жатады.
Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың барлық жағдайларда қолдануға есептелген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық актілерді еңбек құқығының көздері болып табылады. Әдебиетте бұл көздер «еңбек турал нормативтік актілер», «еңбек құқығының нормативтік актілері» және т.б. деп аталады.
Еңбек шарты жайлы не білесіз?
Жұмысқа қабылдау және еңбек шартын жасау
https://www.google.ru/search?q=Жұмысқа+қабылдау+және+еңбек+шартын+жасау%2C+қызметкерлер+мен+жұмыс+берушінің+құқықтары+мен+міндеттері&oq=Жұмысқа+қабылдау+және+еңбек+шартын+жасау%2C+қызметкерлер+мен+жұмыс+берушінің+құқықтары+мен+міндеттері&sourceid=chrome&ie=UTF-8
Топтық жұмыс
Тапсырма: берілген ҚР Еңбек кодексінің баптары бойынша құқық бұзушылықтың түрін анықтаңыздар.
Критерилер:
- Еңбек шартының бірнеше үлгісін салыстыра отырып, шарттың ерекшеліктері, тараптардың құқықтарының сақталуы, міндеттер көлемінің ара-салмағы ажыратып, анықтайды;
- дескриптор негізінде топтар өзара бағалау жүргізеді.
Дескриптор:
Проблемалық жағдаят
№130 жасар Асанов Медет «GAP құрылыс компаниясында» кран басқарушысы болып жұмыс істейді. Ол күнаралатып жұмысқа масаң күйінде 3 рет келеді. Бұл жағдайды бірінші рет байқаған директор оған қатаң ескерту жасайды. Бірақ, келесі жолы байқағанда бірден жұмыстан босатып, еңбек шартын бұзады.
Директордың әрекеті дұрыс па?
Медетке қатысты не айтуға болады?
Проблемалық жағдаят
№2Қалиев Болат темір детальдарды жөндеу және бояу кәсіпорнына химиялық бояу шеберханасына жұмысқа қабылданады. Қабылдау барысында еңбек шарты 3 жыл көлеміне рәсімделеді. Бірақ жұмыс барысында химиялық заттардан қорғайтын арнайы тұмылдырық, киімдер берілмейді. Нәтижесінде 3 айдан соң Болат өзін жайсыз сезіне бастайды, сол себепті жиі-жиі емханаға қаралуға мәжбүр болады. Оған жұмыс берушісі ескерту жасап, жұмыстан шығарып, еңбек шартын бұзады.
Аталған жағдайда еңбек заңнамасы бұзылды ма?
Болат бұл жағдайда қандай әрекет жасауға құқығы бар?
https://www.youtube.com/watch?v=FUWRpp1VuLY
Проблемалық жағдаят№3Арынова Шолпан тазалық қызметін көрсету компаниясында еден жуушы болып жұмыс істейді, ол жұмысқа орналасқанда еңбек шартын жасаған болатын. Қазір ол жүктіліктің 7 айында, бірақ оның жұмыс берушісі оның демалысқа шығуына қатысты ешқандай әрекет істемейді. Ал, Шолпан болса ол мәселені қозғаса жұмыстан шығып қаламын ба деп қорқады.
Аталған жағдайда еңбек заңнамасы бұзылды ма? Бұзылса кімнің тарапынан?
ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС
Тапсырма: берілген ҚР Еңбек кодексінің негізінде Еңбек шартын құрастырады.
1 жұп: жеке еңбек шартын жасасудың мерзімдері қандай?
2 жұп: жұмысынан айрылуына байланысты қызметкерлерге берілетін өтемақы төлемі мөлшері жəне берілу тəртібі қандай?
3 жұп: еңбек шарты бұзылғанда қызметкерлерге еңбек кітапшасын жəне еңбек қызметіне байланысты құжаттарды беру тəртібі қалай?
4 жұп: қандай жағдайларда тараптардың, оның ішінде қызметкердің еркінен тыс мəн-жайлар бойынша еңбек шарты тоқтатылады?
5 жұп: жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімі талаптары барлық қызметкер үшін белгіленген бе, оған қойылар талаптары мен сынақ нəтижесі қандай?
Критерилер:
Еңбек шарты үлгісін жасау барысында жұптарға бөлінген сұрақтарды қамтуы қажет
Дескриптор:
тараптардың құқықтарының сақталуы, сақталмаған жағдайда ҚР ЕК негізінде қолданылатын шаралар
Рефлексия
Кері байланыс
+/- айту
Бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?