Азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызы неде? Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.4A Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Мектеп:

Күні:

Сынып: 9

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызы неде?

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарлама-сына сілтеме)

9.1.2.2 азаматтық қоғам институттарының ролі мен маңызын анықтау

 Сабақ мақсаттары

  • мелекетке сипаттама беру үшін әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттар бойынша қорытынды жасайды;
  • оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізген әсерімен танысу және тарихи оқиғаға баға бере алу;
  • ұлттық бірлік, ұлттық тұтастық хақындағы оқушылардың отаншылдық сезімін ояту;

 Бағалау критерийлері

Білу мен түсіну: Азаматтық қоғам ерекшелігі мен маңызын анықтайды;

Қолдану: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет арасында сабақтастықты орнатады;

Сыни ойлау және зерттеу:

ҚР азаматтық қоғам ретінде бағалайды;

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Құқықтық мемлекеттің белгілерін анықтауы тиіс (айтылым дағдысы)

«Азаматтық қоғамды қалыптастыру жолында...» дөңгелек үстел (айтылым ,жазылым дағдысы)

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Азаматтық қоғам (...)

Құқықтық мемлекет маңызды, себебі(...)

Азматтық қоғам құру маңызды, өйткені (...)

Азаматтық қоғам институтары маңызды, себебі...

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • жеке құқықтар
  • саяси құқықтар
  • азаматтық қоғам
  • сыбайлас жемқорлық
  • саяси партия
  • кәсіподақ
  • БАҚ

Қоғамдық бірлестіктер

 Құндылықтарды

 дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяға сай құндылығы:

Оқушылардың еліміздің ұлттық дамуы және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Мектептердің құндылығы:

Оқушылар бойындағы жауапкершілік, ынтымақтастық орта құру.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор немесе берілген мәтіннен қажетті мәліметті ала алады.

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

«Азаматтық қоғамның дамуы» туралы бейнеролик көрсетіп, оның аясында талқылау ұйымдастыру. Бейнеролик бойынша сұрақтар:

  • Бейнеролик не туралы?
  • Белсенді қоғам дегенді қалай түсінесіздер?
  • Не себепті азаматтық қоғамның дамуынан біздер мүдделі болуымыз қажет?

Мақсат галереясы әдісі арқылы әр топ оқушылары өз мақсаттарын ұсынады. Кейін оқу мақсатымен сәйкестендіріледі.

Бағалау критерилерімен танысады.

Мағынаны тану кезеңі

Сабақтың ортасы

10-20 мин

«Азаматтық қоғам» терминіне ассоциациялар жасаңыз.

Мәтінмен жұмыс. Мұғалім жұптарға азаматтық қоғамның элементтерін (белгілерін) және азаматтық қоғамның институттарын көрсетілген мәтінді береді. Олар ол мәтіннен азаматтық қоғамның элементтерімен институттарын ажыратулары қажет.

Мұғалім азаматтық қоғамның элементтері мен институттарын тақтада көрсетіп, жұптар бір-бірін бағалауды жүзеге асырады.

Жұптастыру. Азаматтық қоғамның қызметтерімен сипаттамаларын сәйкестендіріңіз.

Қызмет түрлері

Сипаттамасы

1

Интегративті

Азаматтық қоғам адамдарды топтар мен қауымдастықтарға еркіндік және еріктілік принципі бойынша біріктіреді. Бұл қызмет түрлі күштердің күресуінің деструктивті мүмкіндігін тоқтатуға, оларды дұрыс жолға бағыттауға шамасы жететін нормалар мен шекараларды анықтайды.

2

Инструментальдық

(ұжымдық түрде мақсатқа қол жеткізу)

3

Дистрибутивтік

(марапаттарды, рөлдерді бөліп беру).

4

Ұдайы өсіру

(әлеуметтік өмірдің ұдайы өркендеуін қамтамасыз ету).

5

Реттеуші

(реттеу, адамдар іс-қимылын нормалар мен шектеулер жүйесі арқылы бақылау). Қоғамның өзі мемлекеттен тәуелсіз және оның көмегімен жеке индивидті жалпы қалыптасқан нормаларды сақтауға мәжбүрлей алатын құралдары мен шектеулері бар.

6

Коммуникативтік

(өзара түсінісуге, қарама-қайшы және түрлі бағыттағы мүдделœердің және ұмтылыстардың, индивидтердің, топтардың, ассоциациялардың, қозғалыстардың т.б. арасында пәтуаға қол жеткізу) қызмет

Б Оқушыларға азаматтық қоғамның маңызын ашуға бағытталған эссе жазады. Тақырыбы: «Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы».

«Азаматтық қоғамның дамуы» https://www.youtube.com/watch?v=Q1CGXh4lcRY

 

ҚР Констиутциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Әбсаттаров Р., Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері қандай? / Р. Әбсаттаров//Ақиқат.- 2004.- N12.-30-36б.

А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин. «Құқықтану».–Алматы: Мектеп, 2006 жыл .

Е. Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова. «Құқықтану». – Алматы: Дәуір, 2007 жыл.

Жоламан Қ.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». – Алматы: Нұр-пресс, 2007.

Сабақтың соңы

10 минут

«Сендвич» әдісі арқылы кері байланыс беріледі.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қорытындылау мақсатында оқушылардың қабілетіне қарай жеке тапсырмалар ұсыну, оқушылардың өздеріне таңдауға беру

Өзіндік рефлексия бірінші ұсынылған форматта немесе екінші форматта жүргізу мүмкіншілігі бар(мұғалімге қажет ақпарат оқушылардың қиналған тапсырмалары және жеке жетістіктері)

АКТ-ның пайдалану уақыты шектеулі,сергіту тапсырмалары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды ма, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары,ОМ қол жеткізу,саралау тапсырмаларын талдау мүмкіндігі.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?