Бала құқығы. Құқық негіздері, 9 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы:

Бала құқығы қалай қорғалады?

Сабақ мақсаты:

Құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау

Жетістік

критерииі:

Конвенцияны біледі

Конвенцияның баптарына сүйеніп, жағдаятты талдайды.

Танымдық мәтін: 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас ассамблеясында бала құқығын қорғау Конвенциясы қабылданды. Конвенцияның 54 бабында өктемдік көрсетуден қорғау, отбасы өмірінің тыныштығын сақтау, пікірін еркін білдру құқықтары көрсетілді. Конвенция балаларға олардың нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, мәртебесіне, қызмет түріне, ата-аналарының жағдайына қарамай бірдей құқықтар береді. Қазақстан осы заңнамаға сәйкес 2002 жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңы қабылдады

«Сәбиттің хаты» : «Сәлеметсіз бе, құрметті редакция!

 Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Сәбит деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті.

 Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік.

 Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін.

  Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған аязды күні сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым.

 Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз.

 Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру» Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ.Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін. Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.

 Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер.

«Сәлеммен Сәбит.»

Тапсырма:

  • Берілген жағдаятты оқып шығып, Сәбиттің бұзылған құқықтарының тізімін құрыңыз.
  • (Кемінде 6 құқығын көрсетуіңіз қажет)
  • .............................................................................................................
  • .............................................................................................................
  • .............................................................................................................
  • .............................................................................................................
  • .............................................................................................................
  • .............................................................................................................
  • Берілген жағдаятты конвенция баптарына сүйеніп талқылап, почта қызметкері ретінде хат жазыңыз.
  • (Кемінде 3 бапты дұрыс көрсетуңіз қажет)

...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

  • Бала құқығын қорғау конвенциясы

 (1989 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас ассамблеясында бала құқығын қорғау Конвенциясы қабылданды)1 – бап: 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. 2 – бап: Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.3 – бап: Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.4 – бап: Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.5 – бап: Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.6 – бап: Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.7 – бап: Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.8 – бап: Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынасы жатады.9 – бап: Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы.12 – бап: 10 жастан бастап баланың көзқарасы. Ескерілу қажет. Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.

14 – бап: Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.16 – бап: Жеке өмір сүру құқығын сақтау. 16 жасқа толған бала атын, тегін өз еркімен таңдауға құқылы.

Кері/байланыс:

В. Тапсырмасы: Жағдаятты конвенция баптарына сүйеніп шешімін жаз және төмендегі сұраққа қысқаша жауап бер

 К есімді 15 жасар баланың нағашы атасы ауырып қалады, бала сүйікті атасының көңілін тауып, рух беру үшін ата-анасынан өз ата-тегін атасының атына көшіруін сұрайды. Атасының ұл балалары болмағандықтан, жиенінің бұл әрекетіне өте қатты сүйсінеді. Бірақ К есімді баланың ата-анасы жұмыс басты адам болып, үнемі жұмыстан кеш келетін.

 Сондықтан олар балаға ата-тек ауыстырудың оңай емес екендігін, көптеген қағаздар толтыру керектігін айтып, күнде ертеңгі күнге қалдыра береді. Бала ашуланып, сотқа өз ата-тегін ауыстыру туралы шағым жазады. Сот ата-анасының рұқсатынсыз баланың ата-тегін ауыстырмайтынын және бала кәмелетке толмағандықтан, өз атынан өтініш жаза алмайтынын айтып, баланың өтінішін қабылдаудан бас тартады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?