Бала құқығы. Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Адам Қоғам Құқық Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.3С Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері Күні: Сынып: | Мектеп : НЗМ Өскемен Мұғалімнің аты-жөні: Р.А.Имашпаев Қатысқан оқушылар саны:_______ Қатыспаған оқушылар: _________ | ||||||||||||||||||
Кәсіби даму | Сөз тіркестері арқылы оқушылардың жазылым дағдыларын дамыту | ||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Бала құқығы қалай қорғалады? | ||||||||||||||||||
Пәндік мақсат | Отбасындағы балалар құұығына анықтау | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Құқықтық актілерге сүйене отырып, қоғам мен отбасындағы балалар құқығын талдау | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Конвенцияны білудің қажеттілігі Конвенцияның қай баптары өз өмірлеріңде нақты көрініс табады | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындай отырып, балалар құқығына өз ойларын бере алады. | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
|
|
|
|
|
| |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қоғамдық пәндер | ||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-ны қолдана отырып презентация және бейнеролик көрсету. | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін және БАҚ көздерінен берілетін балалар құқығы туралы ақпараттарды қолданады. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспар кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | I.Қызығушылықты ояту: Ұйымдастыру: амандасу-түгендеу М/Б 1. «Отбасы» туралы сурет көрсетіп, сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына шығу. 2. Тақырыпты ашып, сабақ тақырыбымен мақсат, жетістік критериймен таныстыру 3. Оқушыларға сурет беріп, бала құқықтарын ашу 4. Оқушылар сурет бойынша дәптерлеріне Бала құқығын жазу сұралады 5. Ойларын ортаға салады Бағыттаушы сұрақ: Бұл отбасын бақытты етіп тұрған қандай байланыс? II. Мағынаны тану М/Б 1. Оқушыларға Бала құқығы туралы мультфильм көрсету 2. Оқушылар ұсынылған мультфильмді «Жасырылған ойлар» әдісі арқылы талдайды 3. Өара пікір таласқа түседі. Үзінділер:
М/Ж 1. Оқушыларға жағдаяттар беру 2. Оқушылар жағдаяттарды конвенция баптарына сүйеніп талдайды 3. Берілген жағдаятты конвенция баптарына сүйеніп талқылап, почта қызметкері ретінде хат жазыңыз.
Хат: «Сәбиттің хаты» «Сәлемәтсіз бе, құрметті редакция! Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Сәбит деген баламын. Жасым 12-ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлар қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың аяғын жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз.Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру» Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ.Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін.Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер. «Сәлеммен Сәбит.» | Неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518; Отан отбасынаң басталады http://kaztrk.kz/rus/society/Otan_otbasinan_bastaladi.html басың құндылықтар сақта http://www.youtube.com/watch?v=LSo90qFfRfQ Өнегелі отбасы –білім мен тәрбие ордасы http://www.youtube.com/watch?v=D0i69FMcaVo | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы Үй тапсырмасы | Ой толғау: М\Б 1. Оқушыларға ойды қорыту үшін таңдау тапсырмасын беру 2. Қалауы бойынша эіссе жазады немесе берілген диалогты аяқтайды Эссе
Критерий:
Диалогқа жазылым:
Қазақстан Республикасының Бала құқығы туралы заңы 2002 жыл 8 тамыз | Кері байланыс парақтары | |||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Қабілеті орташа оқушылар: 1 және 2 тапсырманы орындай алады Қабілеті жоғары оқушылар: Барлық тапсырмаларды орындайды | Берілген мақсаттар бойынша құрастырылған тапсырмаларды оқу барысында дұрыс жауап көрсете отырып қалыптастырушы жұмыс жүреді | Бөлмедегі қауіпсіздік жағдайды қадағалау | |||||||||||||||||
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?