Еңбекті қорғау. Құқық негіздері, 9 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
1.Берілген мәтін мазмұнынан кәмелетке толмағандарлың қандай еңбек құқықығы барын анықтаңыздар
2.Кәмететке толмағандар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?
3.Жұмыс беруші неге міндетті?
4.Кәмелетке толмағандар қанша жастан бастап еңбек етуге құқылы?
Кәмелетке толмағандардың еңбегі 18 жасқа жетпеген адамдарға болып табылады. Заң бойынша кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын айрықша қорғай алады, себебі кәмелетке толмаған бала дене күші жағынан да, рухани жағынан да толық өсіп жетілмеген. Олардың қажет ететін ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайы зиянды, ірі қауіпті жұмыстарға қабылдауға рұқсат етілмейді. Сондық оларды өздерініің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында түрлі қоғамдық қатынастарға қатысушылар деп есептеледі.Сондай-ақ республика аумағында тұратын жас азаматтарға кәсіби бағдарлық қызметті, кәсіби даярлықтан және қайта даярлықтан өтуді, бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды қолайлы жұмыс таңдау және жұмысқа орналасуды өкілетті органдардың делдалдық көмегін пайдалануда жұмысқа қабылдаудан орынсыз бас тарту және жұмыстан негізсіз шығарудан қорғау жөнінде тегін көмек алуға кепілдік беріледі. Жас азаматтармен жеке еңбек шартын жасасқан кезде олардың білім алу, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік мүдделері ескерілуі керек.Кәмелетке толмағандар үшін жеңілдіктерді көздейтін заң нормаларының тегеурінді сипаты бар мысалы, қысқартылған жұмыс уақыты және тыйым салулар.Мәселен, жасы 18-ге толмағандар түнгі уақыттағы жұмысқа қабылданар алдында міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді еңбегін қорғау, оқуын өнімді еңбекпен табысты ұштастыру үшін оларға қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында заңда олар үшін қысқартылған жұмыс уақыты көзделген. Кәмелетке толмаған қызметкерлер уақыттан тыс жұмыстарды атқаруға қатыстырылмайды.Жұмыс берушілер 18-ге толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасаса алмайды. Бұл арада әңгіме оларға берілген құндылықтарды сақтауға, өндеуге, сатуға, тасымалдауға немесе өндіріс барысында қолдануға тікелей қатысы бар қызмет не жұмыс туралы болып отыр. Жұмыс берушінің өз мүддесіне орай заңға сәйкес қызметкерді өз қаржысы есебінен оқытуға немесе кадрлар даярлау үшін оқуға жіберуге қақы бар.Егер кәмелетке толмаған қызметкерді оқыту тікелей өндірістің өзінде ұйымдастырылса, онда даярлау,мамандықтар бойынша біліктіліктің бастапқы деңгейіндегі біліктілік сипаттамасы талаптарының көлемін жүзеге асырылады.Бұл арада оқуға жіберілген кәмелетке толмағандардың жасы, жынысы және денсаулық жағдайы қазір қолданылып жүрген еңбек заңының талаптарына, экономиканың тиісті салалары жұмысшыларының,кәсіптері мен мамандықтарының еңбегін қорғау жөніндегі нормаларына сәйкес болуыкерек. Тікелей өндірістің өзінде кәсіби даярлықтан өтіп өтіп жатқан кәмелетке толмаған қызметкерге еңбек туралы заңның толықтай қатысы бар, жұмыс уақыты және тынығууақыты. Еңбек тәртібі және тағы басқалар.Сонымен еңбек заңында азаматты жұмысқа қабылдауғаболатын ең төменгі жас 16 жас болып белгіленген. Ал егерде 15 жасқа толған болса орта білім алған немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда жеке еңбек шартын ата-анасының немесе қорғаншы - қамқоршысының келісімімен ғана жасаса алады. 14-ке толған оқушыларды оқудан қолы бос уақытта атқаратын жұмысқа ата-анасының біреуінің қорғаншы-қамқоршысының келісімімен ғана алуға рұқсат беріледі. http://www.atr.adilet.gov.kz/ru/node/81715
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?