Қалай меншік иесі бола аламыз? Құқық негіздері, 9 сынып, дидактикалық материал.


Азамат Б – ның үйінде бірнеше сурет болған. Бірақ оның өзі осы суреттерді аса бағаламайтын. Ол суреттерді қабырғасы дымқылданған қосалқы үй – жайда сақтайтын. Бірде Б – ға оның танысы Т. қонаққа келеді. Б. оған баяғы суреттерді көрсетеді. Т. олардың біреуі атақты суретшінің жүмысы екенің таниды. Б – ның суреттерді арнайы ыңғайластырылмаған үй – жайда сақтайтынын көріп, бұлай етуге болмайтының, сурет мәдени құндылық болып табылатынын айтқан. Оған Б. меншіктің иесі екенін, суретпен не істесе де өзі білетінін айтып жауап берген. Бұл дауға қандай төрелік айтар едіңіз.

Бірде К. өзі иесіз деп есептеп жүрген ескі жеке ғимараттан өзін де, басқа таныстарын да таңырқатып, орамға буып – түйілген зергерлік бұйымдар тауып алды. Зергерлік бұйымдардың мәнін терең білетін таныстарының бірі олардың өте құнды және қымбат дүниелер екенін айтты. К. сол зергерлік бұйымдарды сатып, бұрын өзі армандаған заттарына қол жеткізу жайлы қиялдай бастады.

Алайда біршама уақыт өткеннен кейін оның үйіне А. деген азамат келеді. Ол ғимараттың өзіне тиесілігі туралы құжаттарды көрсетіп, көмбені қайтаруды талап етеді. Оның үстіне А. көмбе оның рұхсатынсыз ізделгенін, сондықтан К. көмбені оған қайтарып беруі керектігін айтты. Амалы таусылған К. заңға сәйкес көмбенің жартысына жуығы оған тиесілі болатынын естігенін ғана айта алды. А. ойланып көруді және көмбені қайтарып беруді ұсынды, олай болмаған жағдайда сотқа беретінін айтты. Бұл жағдайды сендер қалай бағалайсыңдар?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу