Қалай меншік иесі бола аламыз? Құқық негіздері, 9 сынып, презентация.
"Болжау" стратегиясы
-Бүгінгі сабақ қандай тақырып маңайында өрбиді?
-Қандай негізгі мәселелер көтеріледі деп ойлайсыздар?
Сабақ тақырыбы
Қалай меншік иесі бола аламыз?
Оқу мақсаттары
Меншік түрлерін анықтау;
Меншік құқығына ие болудың және тоқтатылудың жолдарын, құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы анықтау
Бағалау критерийлері
Меншік ұғымын біледі;
Меншік түрлерін жіктейді;
Меншік құқығының түрлерін анықтайды және әр қайсысына бір мысал келтіреді;
Меншік құқығына ие болу тәсілдерін анықтайды және бір мысал келтіреді
Меншік ұғымға қатысты сөздерді тізіп жазыңыздар
Берілген суреттерден меншік нысандарын ажыратыңыздар
І-топ: Жеке меншік
ІІ-топ: Мемлекеттік меншік
Меншік — бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылғанЗаңдастыру екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік.
Жеке меншік — бұл азаматтардыңАзамат және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі.
Мемлекеттік меншік - мемлекеттің иелігіндегі мүліктер болып есептеледі.
Республикалық меншік – меншік иесі тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы екенін білдіреді.
Коммуналдық меншік – мемлекеттік меншік түрі ретінде Қазақстан облыстарына тиесілі әкімшілік – аумақтық бірліктен құралған. Жергілікті қазынадан және коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Сіздің отбасыңыз қандай меншік иеленетіндігі туралы ойланыңыз. Мысалы, үй, көлік, киім-кешек сияқты заттарды қоса алғанда 10 затты тізіп жазыңыздар.
Сіз осы заттардың иесі екендігіңізді қалай дәлелдейсіз?
Біз осы меншікті иеленуге заңды құқықты қалай аламыз (иелену, пайдалану, билік ету).
Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.
Пайдалану құқығы дегеніміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда — кіріс, өсім, жеміс, төл алу, т.б. нысандарында болуы мүмкін. Бір ескеретін жағдай пайдалану құқығы иелену құқығынан кейін пайда болады. Мәселен, жеке меншік болып табылатын тракторды шаруашылықта пайдалану — иелену құқығы, ал оны басқа тұлға пайдалануға беру—пайдалану құқығы болып табылады.
Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл мүлікке байланысты заңға қарсы келмейтін қандай да болсын әрекеттерді жасау мүмкіндігі. Мысалы, өзіне тиесілі мүлікті біреуге сату, айырбастау немесе оны жойып жіберу, т.б. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.
ҚРК 6- бабын пайдалана отырып, меншік құқығына баға беріңіз.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (6- бап)
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Жағдаяттармен жұмыс
Үйге тапсырма:
«Адамдардың меншікке деген өз құқықтарын дәлелдей алуы неге соншалықты маңызды?» тақырыбына 200 сөзден кем емес хабарлама жазу.
Эссенің құрылымы:
Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі.
Негізгі бөлім. Тақырып бойынша қысқаша шолу. Аргумент. Дәлел. Факт. Контраргумент. Дәлел. Факт.
Қорытынды. Тұжырым. Оқушы қандай шешімге келді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?