Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттары. Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттары

10.2.1.1 Конституциялық құқық институттарын құқықтық норма жүйесі ретінде түсіндіру

10.2.1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, Конституциялық Кеңестің актілері және т. б.)

Конституциялық құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы. Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты және тағы басқалар. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән тџсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат», «азаматтық», «азаматтықтан шығу», «азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері» сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ соныменн қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы, және сот тармақстарына бөлінеді.

Заң шығарушы билікті- Парламент, атқарушы билікті- Үкімет, сот билігін- соттар жүзеге асырады.

Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.

Президент- мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілеттік ететін ең жоғары лаузымды тұлға.

Қазақстан Респуликасының Перезиденті болып, тумысынан республика азаматы болып табылады, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстан кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы 7 жылға сайлана алады.

ҚР Президент өкілеттіктердің бірі – Президенттің вето (тыйым салу) құқығы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті (ҚР Конституциясының ІІІ бөлімінен):       1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;       2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды;     

3) Президент сыртқы істер және қорғаныс министерлерін тағайындайды;

      4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады; 

5) Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады; 

   ҚР Парламент- заң шығарушылық қызметті жүзеге асыратын республиканың жоғарғы өкілетті органы. Он Сенат пен Мәжіліс палаталардан тұрады.

  Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:       1) Заң жобаларын дайындайды;      2) Республикалық бюджетті бекітеді;      3) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;       4) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды; 

5) Республика Премьер-Министірін қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады.  

6)  Палата депуттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тындауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен оны қызметінен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады

  Үкімет-атқарушы биліктің жоғарғы органы, оны Президент құрады. Үкімет Министірліктерді және әкішіліктерді басқарады. Үкімет үйінің басшысы- Премьер- министр.

Министірліктер: Еңбек министірлігі, Қаржы министірлігі, Деңсаулық сақтау министірлігі, Білім министірлігі, Спорт, туризм және мәдениет министірлігі т.б.

Үкімет үйінің міндеттері:

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;       2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;       3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;       4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады.

5)Үкімет өзінің қызметінде Республика Президентінің, Парламенттің алдында жауапты.

Сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің өз алдына дербес тармағы болы табылады. Судьялар сот әділдігін жүзеге асыруда тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Қазақстан Республикасында сот әділдігін сот қана жүзеге асырады. Сот билігінің басты міндеті- азаматтардың, олардың бірлестіктері мен ұйымдарының құқықтарын, бастандықтарын қорғау.

Қазақстанда сот жүйесін Жоғарғы Сот және жергілікті соттар – облыстық және аудандық (қалалық) соттар құрайды.

ҚР Конституциялық Кеңесінің басты мақсаты- еліміздің бүкіл аумағында ҚР Конституциясының үстемдігін қамтамсыз ету болып табылады. Конституциялық Кеңес жеті мүшеден тұрады., олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Төрағасын Президент тағайындайды.

ҚР Конституциялық Кеңесінің міндеттері:

      1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;       2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;       2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың  Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;       3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;       4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді.

Жергілікті органдар: мәслихаттар және әкімшілік.

Мәслихаттар- жергілікті басқару сайланбалы органдар. Мәслихат депутатарының міндеттері:

  • аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік құрылымының жергілікті бюджетін бекіту.
  • азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.

Әкімшілік- жергілікті атқарушы орган.Әкімдіктердің қарауында: облыс, қала, аудан, аумақ бойынша экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын жоспарарын, жергілікті бюджетті әзірлеу мен қамтамасыз ету.

Тапсырма: ҚР саяси жүйесіндегі атқарушы, заң шығарушы, сот билігі арасындағы өкілеттілігінің бөлінуін анықтаңыздар.

Дескриптор: ҚР саяси жүйесіндегі атқарушы, заң шығарушы, сот билігі арасындағы өкілеттілігінің бөлінуін анықтайды.

Міндеттер

Президент

Атқарушы билік

Заң шығарушы билік

Сот билігі

1

Судьялыққа тағайындайды

2

сыртқы істер және қорғаныс министерлерін тағайындайды

3

Республика Премьер-Министірін қызметіне тағайындайды

4

Жаңа заң жобасын ұсынады

5

Қабылданған заңдарға қол қояды

6

Салықты енгізеді

7

Бюджетті ұсынады

8

Президентті қызметтен босатады

9

Тұрмыстық мәселелер бойынша түскен арыздарды қарастырады

10

Бюджетті қабылдайды

11

Басқа елге соғыс жариялайды

12

Президенттік сайлау күнін белгілейді

13

Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады

14

Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тындауға хақылы

Тапсырма: Парламент пен Үкіметтін қызметін және құрылымын салыстырып, кемінде үш айырмашылығы мен екі ұқсастығын анықтаңыз.

Дескриптор: Парламент пен Үкіметтін қызметін және құрылымын салыстырып, кемінде үш айырмашылығы мен екі ұқсастығын анықтайды.

Парламент

Ұқсастықтары

Үкімет үйі

1.

2.

3.

1.

2.

1.

2.

3.

__________________________________________________________________________________

Тапсырма: Парламент пен Үкіметтін қызметін және құрылымын салыстырып, кемінде үш айырмашылығы мен екі ұқсастығын анықтаңыз.

Дескриптор: Парламент пен Үкіметтін қызметін және құрылымын салыстырып, кемінде үш айырмашылығы мен екі ұқсастығын анықтайды.

Парламент

Ұқсастықтары

Үкімет үйі

1.

2.

3.

1.

2.

1.

2.

3.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу