Әкімшілік құқық түсінігі. Құқық негіздері, 9 сынып. Презентация.


«9.1F Әкімшілік құқық түсінігі» бөлімі

Сабақ тақырыбы:

«Әкімшілік құқық негіздері»

Оқу мақсаты:

9.6.1.1 Әкімшілік құқық ұғымын түсіндіру

Бағалау критерийлері:

Білу:

Әкімшілік құқық ұғымын сұрақ-жауап алмасу негізінде түсіндіреді

Сыни ойлау:

Жағдаяттарды талдау арқылы, заң баптарына сілтеме жасайды

Рефлексия:

Проблемалық сұрақтарға жауап берудің негізінде «Әкімшілік-құқық қандай қоғамдық қатынастарды реттейді?» деген сұрағына қорытынды шығарады.

Термин сөздер:

Әкiмшiлiк құқық – ол, мемлекеттік басқарудағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Әкімшілік құқық бұзушылық –мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандығына қол сұғу әрекетін (әрекетсіздікті) түсінеміз.

Әкімшілік құқықтық нормалар –бұл мемлекеттік, қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды (әділ соттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген ережелер.

Әкімшілік құқық субъектілері – жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар.

Әкімшілік құқық – ол мемлекеттік басқарудағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы.

Әкімшілік-құқықтық әдістер

Тапсырма беру

Субъектінің әкімшілік құқықпен белгіленген қандай да бір нақтылы әрекетті жасау міндеті

Рұқсат ету

Құқық шеңберінде субъектіге қандай бір әрекет жасауға немесе өз қалауы бойынша оны жасаудан қалыс қалуға рұқсат беру

Тыйым салу

Заңмен тыйым салынған әрекеттерді жасауға тыйым салу

Әкімшілік-құқықтық нормалар

Мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлықтың мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелері

Топтық жұмыс (жағдаяттарды талдау)

Тапсырма:

Ұсынылған әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты жағдаяттарды 2014 ж. 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің баптарына сілтеме жасай отырып, талқылауы керек. Және қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәселелердің шешімдерін интеллект карта формасында практикалық орындап, теориялық презентациялау

Тақырыптық жағдаяттармен жұмыс:

1- жағдаят:

1-топ. Мас болған төрт 14-15 жастағы жасөспірім паркке барады. Мұнда олар демалушыларға тиісіп, өздерін әдепсіз ұстады. Айналадағы кісілердің ескертулеріне дөрекілік танытты.

а) Жасөспірімдердің әрекетінде құқық бұзушылық бар ма?

б) Мұндай іс әрекеттер үшін қандай жаза қолданылады? (дәлелдер келтір)

2 –жағдаят:

2-топ. Колледж ауласында оқушылардың бір тобы 15 көшет екті. Колледждің әйгілі бұзақысы Мақсат сабақтан қуылыған сәтінде аулаға шығып, егілген көшеттердің барлығын жұлып тастады.

а) Мақсаттың іс әрекетіне заң тұрғысынан баға бер

б) Мақсат айыппұл салу заңды болып табыла ма? Мақсаттың жасы 16.

3 –жағдаят:

3-топ. Колледжде, информатика кабинетінің маңында өрт сөндіру құрылғысы мен өртке қарсы кран орналасқан. Иванов пен Сидоров бұзақылық пиғылмен үнемі өртке қарсы құрылғыларды құртып кеттетін. Олармен тәрбиелік іс жүргізу, жазалау шаралары, ата-анасымен сөйлесу оң нәтиже бермеді.

Бір күні колледжде өрт шығып, өртке қарсы құрылғылардың іске жарамсыз болғандығынан (Иванов пен Сидоровтың кесірінен) колледж ғимаратына 150 мың теңгеге зиян келтірілді.

Әкімшілік пен өрт сөндіру инспекциясының өкілдері кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы акт шығарды. Иванов пен Сидоров өз кінәсін мойындамады.

а) Иванов пен Сидоровтын әкімшілік жауаптылыққа тартуға болады ма?

б) Өрттен туындаған материалдық зиянды (шығынды) қалай өндіріп алады?

4 –жағдаят:

4-топ. Бала кезінен ақыл есі кемдігінен мүгедек болып танылған 16 ж. Максим, дискотекада, өзімен бірге билеуді талап етіп, қыздарға тиіседі. Келіспеген қыздарға балағат сөздер айтып, ұрысты.

а) Сергейді әкімшілік жауаптылыққа тартуға болады ма?

б) Мұндай жағдайда қандай шараларды қолдануға болады?

Мұғалім тарапынан жеке оқушы және топтардың орындалған жұмыстарына дер кезінде объективті кері байланыс беріліп, бағалануы керек

Бекіту сұрақтары:

Әкімшілік құқық ұғымы дегенді қалай түсінесің?

Әкімшілік-құқық қандай қоғамдық қатынастарды реттейді?

Үй тапсырмасы.

Тақырыбы:

«Әкімшілік құқық қандай қоғамдық қатынастарды реттейді?»

«Жағдаяттармен жұмыс. Тақырыпқа сәйкес әр оқушы бір жағдаятты даярлап, оны сыныппен бірге талқылауы тиіс

Пайдаланылған сілтемелер:

Құқық негіздері пәнінен 9-сыныпқа арналған оқу жоспары, 2017 ж.

(http://kk.wikipedia.org/wiki/)

(http://45minut.org);

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу