Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ


САБАҚ:

Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Мәдениет: тіл және қарым-қатынас

Сабақтың түрі

Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Газет-журналдардағы ақпараттар негізінде жарнама жасайды.

Көптеген оқушылар

  • Ақпараттың көп бөлігін саралап, қажеттісін таба алады.

Кейбір оқушылар

  • Ұсынылған газет-журналдардың барлығындағы ақпаратқа анализ жасап, қорытынды шығарады.

Бағалау критерийлері

  • Барлық ұсынылған газет-жуналдардан өзіне қатысты айдары бойынша сұрыптау жұмысын жасайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: : айдар, мерзімдік басылым, баспасөз, ақпарат көздері, мақала, мәлімет

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: назарларыңызға ұсынамыз, қабыл алыңыздар, оқырмандардың тілегемен, кезекті жарияланымда, мәліметтерге сүйенсек

Ұлттық құндылықтар

Тіл, ана тілге деген құрмет

Мектеп құндылықтары

Өмір бойына оқу

Осыған дейін меңгерілген білім

Тіл және қарым-қатынас

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

5 минут

Ұйымдастыру

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

- жетістік критерийін ұсыну

Қызығушылықты ояту

Сыныпқа әр түрлі журналдардың мұқабалары таратылады

Сұрақтар:

  • Сіздер қандай ана тіліндегі газет-журналдарды оқисыздар?
  • Сүйіп оқитын баспасөз беттерін аташы.
  • Неліктен?
  • Мерзімдік басылымдардың қандай айдарларын жақсы көресіздер?
  • Не үшін?

«Айгөлек», «Балдырған», «Ұлан» газет-журналдарының бірнеше сандары

Сабақтың ортасы

10 минут

4 минут

10 минут

3 минут

Т.

Әр топ өз мұқабаларын флипчартқа жабыстырып, коллаж дайындайды, дайын коллаждың сыртындағы суреттер мен тақырыптарға сәйкес журналдарға жарнама жасайды.

Бағалау критерийі:

1. Жарнама жасау үшін журналдың сыртындағы оқылымға назар аударады.

2.Эстетикалық талапқа сай коллаж әзірлейді.

Ф. «Дауыс беру» тәсілі бойынша топтар бір-біріне баға береді. Яғни әр оқушы дауыс беру жәшігіне өзіне ұнаған, жетістік критерийлеріне сай келетін бір топқа дауыс беріп, жетонын тастайды, соңында жетондарды санап, жеңімпаз анықталады.

Сыныпқа әр түрлі газет-журналдар таратылады, танысып шығуға 5 минут беріледі.

ЖЖ.

1-жұпқа:

Барлық газет-журналдан пайдалы кеңестерді теріп алып, сыныпқа «Пайдалы ақыл-кеңестер» тақырыбында ақпарат беріңіздер.

2-жұпқа:

Барлық газет-журналдардан шет, алыс елдер туралы ақпарат жинап, шет елдер туралы таныстырылым әзірлеңіз.

3-жұпқа:

Барлық газет-журналдардан танымал тұлғалар туралы ақпарат жинап, бірнеше танымал тұлғаның өнегелі өмірі туралы баяндама дайындаңыз.

4-жұпқа:

Барлық газет-журналдардан еліміздің тарихы туралы ақпарат жинап, ел тарихынан сыр шертетіндей таныстырылым дайындаңыз.

5-жұпқа:

Барлық газет-журналдардан жас ақындардың поэзиялық шығармаларына сараптау жасаңыз. Жас ақындардың не туралы ой толғайтындарына анализ жасап, ақпарат беріңіз.

Бағалау критерийі:

- Барлық ұсынылған газет-жуналдардан өзіне қатысты айдары бойынша сұрыптау жұмысын жасайды.

Ф. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұптағы оқушылар бір-біріне баға береді.

Сабақтың соңы Рефлексия

Кері байланыс.

Газет-журналдардың беттерінен ақпарат сұрыптағанда:

Қызыл түске – қиын тұстары;

Жасыл түске – жеңіл тиген тұстарын;

Көк түске – қызықты тұстарын;

Сары түске – сіз байқамаған, бейтарап тұстарын;

Күлгін түске – газет-жунал сұрыптаудағы ұнапсыз тұстарын

Ж А З Ы Ң Ы З.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу