Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ


САБАҚ: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушы аты-жөні:

СЫНЫП: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Бөлім: Табиғат және адам

Сабақтың тақырыбы: Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы

Сабақтың оқу мақсаттары

11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау

 Сабақтың мақсаттары

Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» шығармасы идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау

 Бағалау критерийлері

Шығарманың идеясын анықтау;

Идея мен құралдың байланысын анықтау

Пәнаралық байланыс

экология

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексикология мен терминология: табиғат, экология, апат, зиян

Диалог пен айтылымға арналған тіркестер:

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Алдыңғы білім

Бұл бөлімде оқушылар 10-сыныпта меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады.

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

5 минут

«Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы оқушылар қабырғаға жабыстырылған суреттер арқылы астырын, жасырын ойды анықтау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтайды. Оқушылармен бірлесіп бағалау критерийлері құрылады.

5 минут

20 минут

10 минут

Тапсырма №1. «Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі бойынша келесі сауалдарды талқылайды. Жұптық жұмыс

1.Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» шығармасының идеясы қандай?

2.Адамбысың сен өзі мейірімді?

Адамбысың сен өзі қайырымды?!

- деген өлең жолдарында автор қандай көркемдегіш құралын қолданған?

Қолдануда қандай авторлық мақсатты көздейді?

Дескрипторға сай бағалау жүргізіледі:

  • шығарманың идеясын анықтайды;
  • көркемдегіш құралдың түрін анықтайды;
  • идея мен көркемдегіш құралдың байланысын талдайды.

Тапсырма №2. Ұсынылған кестеге сай талдау жүргізеді. Топтық жұмыс

Үзінді

Көркемдегіш құрал түрі, қолданылу мақсаты

Автор мақсатымен байланысы

Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!

Қан жуады олардың ізін әлі.

Саған ана мына жер —

Маған ана?!

Жата берсін шуылдап орман-тоғай,

Жата берсін малынып теңіз нұрға!

Ашу қысып,

Адам жеуге көшіпті жолбарыстар.

Әшкерелеп сұмдықты жарық түндер,

Жасырады қабағы жабық күндер.

Тола жатар орыны топастардың,

Мамонттардың орыны толмақ қалай?!

Бізге лайық бір жүкті артты ініміз.

Кеткен жоқ па азайып ерлігіміз?!

Кеткен жоқ па жоғалып мәрттігіміз?!

Талай темір көк тасқа қайырылды,

Талай тәңір сенімнен айырылды.

Дескрипторға сай бағалау жүргізіледі:

  • шығарманың идеясын анықтайды;
  • көркемдегіш құралдың түрін анықтайды;
  • идея мен көркемдегіш құралдың байланысын талдайды.

Тапсырма №3. Шығармадағы автордың көздеген мақсаты негізінде «Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау – әрбір адамның парызы» тақырыбында автордың көркемдегіш құралдарын қолдана отырып, шағын ой толғау жазыңыз.

Дескрипторларға сай бағалау жүргізіледі:

  • автордың мақсатын түсінеді;
  • көркемдегіш құралдарды қолданады;
  • ой толғау жазады.

Сабақ бойынша кері байланыс алынады.

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу