Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 3 сабақ


Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы

Оқу мақсаты

11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

Сабақтың мақсаты

«Қызыл кітап» поэмасындағы көтерілген мәселелерге көзқарасын танытып, эссе жазады

Бағалау критерийлері:

көтерілген мәселені түсінеді;

көтерілген мәселеге өзіндік көзқарас танытады;

эссе жаза алады

Көршіңмен әңгімеле

«Қызыл кітап» деген сөз тіркесі ғылымға 1966 жылдан бастап енді. Осындағы «қызыл» деген сөз «қауіп төніп тұр» деген адамзат баласына ескерту ұғымын білдіріп тұрса да, неліктен жануарларды өлтіру тыйылмай келеді?

«Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады» деген тұжырымға көзқарас білдіріңіз.

Тапсырма №1 жеке жұмыс

https://www.youtube.com/watch?v=ODEC3d6AM-E

Қадір Мырза Әлидің «Қызыл кітап» поэмасынан үзінді тыңдап, «Попс формуласы» арқылы берілген бейнебаянды өмірмен байланыстырып, өз ойыңызды жеткізіңіз.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қортынды шешімге келдім...»

Тапсырма №2 жұптық жұмыс

Эссенің құрылымдық бөліктерін жұбыңызбен талқылаңыз

Эссенің құрылымдық бөлімдері

Кіріспе және қорытындыда ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді).

Тапсырма 3 Жеке жұмыс

Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасындағы көтерілген мәселелерге жеке өз көзқарасыңызды таныта отырып, «Табиғаттың адамзатсыз күні жоқ, оны айтарға табиғаттың тілі жоқ» тақырыбында эссе жазыңыз

Дескрипторлар

эссе тақырыбының сәйкестігі;

берілген тақырып/мәселеге өзіндік тұжырымдардың берілуі;

дәлелдемелермен дәйектелуі

эссе құрылымының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу