С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 7 сабақ
Оқу мақсаты
11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау
Сабақтың мақсаты
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасының идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды
Бағалау критерийлері:
драманың идеясын анықтайды;
көркемдегіш құралдарды ажыратады;
идея мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды
Тапсырма №1 жұптық жұмыс
Жұптас-ойлас-бөлісЖандайшаптар мен маймөңке жағымпаздарды айналасына жиып, ел мүддесін ойлаған боп, биік-биік мінбелерден сөз сөйлеп жүрген лауазым иелерін көрсеткен шығарма қандай идеяны көздеді?
Жел сөзге марқайып, талтаңдап, жер баса алмай келе жатқан Мэлс Әлібаевич сияқты азаматтар қазіргі қоғамда кездесе ме?
Заманның жағымсыз тұстарын айқара ашып, арпалысқа түскен ел өмірін, қоғам мәселесін бейнелеген комедиялық туындының маңыздылығы неде?
Тапсырма №2 Топтық жұмыс
Мәтін үзіндісін оқып, көтерілген мәселені анықтап, себептері мен салдарын талдап, қорытынды шығарыңыздар.
Сұлтанәлі Балғабаевтың 1998 жылы М. Әуезов атындағы академиялық театрында қойылған «Тойдан қайтқан қазақтар» атты екі бөлімді, тоғыз көріністі комедиясы - қазіргі заман талабына сай заманына қарай амалын табар пенделерді, ел өмірін, бүгінгі қоғам мәселесін бейнелеген комедиялық туынды. Бұл пьесадағы бір ерекшелік, оқиға желісі «Қазақстан» пойызында өрбиді. Автор бұл пьесасының арнасын адам бойындағы жағымпаздықты астарлап жеткізуге бұрған. «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясында барлық қатысушылар қазіргі кезендегі адамдардың іс-әрекеттері, мінез-кұлық дағдылары жинақталған жиынтық образбен көрсете білген. Пьеса тойдан қайтқан қазақтардың перронға келуінен бастау алады. Автор бірінші көріністегі: «Жасасын жақсы ағалар! Асыл ағалар жасасын! Жасасын қамқор ағалар, Бастық ағалар жасасын!» [3,123 6] деген тұсынан немесе үшінші көріністегі Қошқарбайдың: «Жасасын Мэлнс Әлібаевнч! Мэлис Әлібаевнч жасасын! Жасасын асыл ағаларымыз! Ұлы ағаларымыз жасасын!» [3,129 6] деген сөзінен жағымпаздықтың, екіжүзділіктің көзге көлгірсу, бетке жылтырау, аяқ-қолын жерге тигізбей мактау, жазылып жастық, иіліп төсек болудың үлгісін көрсетсе, екінші көріністегі бнлетсіз жолаушының: «Қарағым-ау, окудағы балама барып... қазіргі кезде бала оқьпу деген... Бүрын тек окуға түсерде ғана беретін едік... енді ай сайын... сессия сайын... Біресе ақша сүрайды... Біресе соғым сүрайды... Тіпті күріш, консерві сүрайтындары да бар» [3, 126 б] деген сөзінен қазіргі замандағы парақорлықтың белең алып баражатқанын да әсерлі етіп суреттеген. Драматург пьесадағы әрекеттерді заман талабына сай өрбітеді. Композидиялық қүрылысы жағынан драманың дамуы пойыздың бастығы мен жолсерік келіншектің Мэлис Әлібаевичке арақ беріп, мас қылатын кезіне сәйкес келеді. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы арқылы Сүлтанәлі Балғабаев қазіргі қоғамда, үкімет органдарында екіжүзді, жағымпаз адамдардың пайда бола бастағанын, қоғамдық халыққа қызмет көрсету орындарында парақорлықтың көбейіп келе жатқандығын, халық арасында әлі күнге дейін рушылдықтың қалдықтары бар екенін қозғаған.
Тапсырма №3 Жеке жұмыс
Дескрипторлар:
шығарманың идеясын анықтайды;
көркемдегіш құралдың түрін анықтайды;
идея мен көркемдегіш құралдың байланысын талдайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?