С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 6 сабақ
Оқу мақсаты
11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу
Сабақтың мақсаты
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасындағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан эссе, әңгіме, өлең, шығарма жазады
Бағалау критерийлері
көтерілген мәселені анықтайды;
өзіндік пікір, көзқарасын білдіреді;
эссе, әңгіме, өлең, шығарма жаза алады
Топтарға бөліну
Эссе тобы
Әңгіме тобы
Өлең тобы
Шығарма тобы
Тапсырма №1. «Үш қадамды сұхбат» әдісі
Шығармадағы пойыз жолаушыларының әрекетінен қандай өзекті мәселені аңғара алдыңыз?
Мэлис Әлібаевич бейнесі арқылы жазушы қандай өзекті мәселені тілге тиек етпекші болды?
Эссе тобының тапсырмасы
Комедиялық туындыдағы қазіргі заман талабына сай заманына қарай амалын табар пенделерді, ел өмірін, бүгінгі қоғам мәселесіне өзіндік көзқарас таныта отырып, «Жағымпаздықтың қыры мен сыры» тақырыбында эссе жазыңыздар.
Шығарма тобының тапсырмасы
Комедиялық туындыда көтерілген жағымпаздықтың, екіжүзділіктің көзге көлгірсу, бетке жылтырау, аяқ-қолын жерге
тигізбей мақтау мәселесіне өзіндік көзқарас таныта отырып, «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» тақырыбында шығарма жазыңыздар.
Өлең тобының тапсырмасы
Автор бірінші көріністегі:
«Жасасын жақсы ағалар!
Асыл ағалар жасасын!
Жасасын қамқор ағалар,
Бастық ағалар жасасын!» деген тұсынан немесе үшінші көріністегі Қошқарбайдың: «Жасасын Мэлис Әлібаевич! Мэлис Әлібаевич жасасын! Жасасын асыл ағаларымыз! Ұлы ағаларымыз жасасын!» деген мәселеге көзқарас таныта отырып, «Жағымпаздық - бұл заманда басты өнер» тақырыбында өлең жазыңыздар.
Әңгіме тобының тапсырмасы
Комедиялық туындыдағы жазылып жастық, иіліп төсек болу сынды жағымпаздықтың түрлі үлгісіне өзіндік көзқарас таныта отырып, жағымпаздық пен парақорлықтан арылған мекеннің оқиғасын сюжеттік әңгімеге желісі арқылы жеткізіңіздер.
Дескрипторлар
көтерілген мәселені анықтайды;
өзіндік пікір, көзқарасын білдіреді;
эссе, әңгіме, өлең, шығарма жаза алады;
құрылымдық және стильдік ерекшелікті ескереді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?