Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, таратпа материал. 2 сабақ


Қызыл кітап туралы түсінік

-Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жойылу қаупі төнген (саны сиреп бара жатқан) түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Біздің елімізде жойылып бара жатқан жануарлар мыналар: барыс, ілбіс, қоңыр аю, бүркіт, дегелек, т.б. ал өсімдіктерден қызғалдақ, сексеуіл, т.б. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер – осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Тапсырмалар:

1- тапсырма

Оқушылар топта осы бөлімдерді талқылайды. Көтерілген мәселені анықтап, өмірмен байланыстырады.

І топ

Тартып алған аңдардың бір киерін,

Қыз-келіншек үшін мен құр күйемін.

ІІ топ

Тегі құрып,

Тігерге тұяқ қалмай,

Төзімдері біткен бе хайуанаттың?!

ІІІ топ

Кінəліміз жасымыз,

Кəріміз де:

Зауал болар аңдардың зары бізге.

ІV топ

Кетем іштей тітіреп,

Түршігіп те:

Дүниені төңкерер бір шүріппе!

Жоқтай-тұғын бүгінде хайуанат көп,

Ойланатын нəрсе көп тіршілікте!

V топ

Қызыл кітап –

Опат боп кеткен аңның,

Бастарына қойылған қызыл күмбез.

Бағалау

Топтар өзара бір-бірін бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

Шығарма сюжетіне құрылымдық талдау жасайды.

Шығарманың мазмұны бойынша эпизодтарды талдайды;

2- тапсырма Жеке тапсырма

Оқушылар топтық талдаудан кейін жеке отырып, кестені толтырады.

Шығарманың әдеби тегі

Шығарманың формасы

Көлемі

Бағалау дескрипторы:

Шығарманың әдеби тегін анықтайды;

Формасын ажыратады;

Көлеміне қарай жанрлық ерекшелігін түсінеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу