Сабақтың ортасы 2 минут 20 минут 12 минут | Тапсырма №1. Жұптық тапсырма. «Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі арқылы шығармада қолданылған көркемдегіш құралдар мен амалдар туралы жұптық талқылау жүргізеді. Тапсырма №2. Топтық тапсырма. С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасындағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін ажырату үшін талдау кестесімен жұмыс жасайды. ТЖ 1-топтың тапсырмасы Мәтіннен үзінді | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі | ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Не болды? Біреу бауыздайын деп жатқандай, не болды сонша ойбайлап?! БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым, қарындасым! Сұлутөбеге дейін ала кетші! ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Қайдан көрсең осы – ылғи сандалбай қазақ! Сыған сияқты қаңғырады да жүреді. Үйлеріңде отырмайсыңдар ма? Билет қайда? БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Билет жоқ!.. Билетті енді алайын деп тұр едім, депутатпын деп біреу тап алдымнан қақты да кетті. ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Обалың депутатқа болсын! Билет жоқ болса орын да жоқ, бар айда!.. БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым! Жүзің жылы жақсы бала екенсің!.. Мен түрегеп-ақ барам! ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Жарайды, қанша бересің! БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Бергенде – берем ғой... Өзінің бағасын берем! ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Тапқан екенсің ақымақты! БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым-ау, оқудағы балама барып... қазіргі кезде бала оқыту деген... Бұрын тек оқуға түсерде ғана беретін едік... Енді ай сайын... сессия сайын... Біресе ақша сұрайды... Біресе соғым сұрайды... Тіпті күріш, консерві сұрайтындары да бар... Бұл институт дегеннің мұғалімдері әбден құтырды. ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Қазір су тегін оқитын баяғы коммунизм жоқ, ағасы... Айтпақшы институтқа барған болсаңыз айдаладағы бұл станцияда нағып жүрсіз? БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Осы жерде аталарымыздың ескі қорымы бар еді. Жол үсті болған соң құран оқи кетейін деп түсіп едім, қарағым! ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Ха-ха! Міне, қазіргі жұрттың бәрі осындай! Біресе күнә жасап пара беремін дейді, біресе мұсылман болып, құран оқимын дейді.. Адамды өстіп ақымақ қылады. Басты қатырмай, анда, басқа вогонға барыңыз. /Вагонға кіріп кетеді/. | | |
2-топтың тапсырмасы Мәтіннен үзінді | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі | Сахнаға Мэлис Әлібаевич бастаған топ қайта шығады. Рестораннан шыққан беттері. Сондықтан бұрынғыдан да қызу, бұрынғыдан да көңілді. Көркемөнерпаздар тобы бұрынғыдан да бетер қызу әндетіп келеді. Қонақжай қазақ жасасын! Кеңпейіл қазақ жасасын! Арақ бергендер жасасын! Шарап құйғандар жасасын!
Дастархандар да жасасын! Ресторандар да жасасын! Үйге шақырғандар да жасасын! Банкет бергендер де жасасын!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ай, біздің қазақ деген... қазақтар деген ғажап қой! Қазақтың дастарханы... Қонақжайлылығы... МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Заман қанша қиындағанмен қазақтың пейілі, дастарханы тарылған жоқ!.. Сол баяғыдай... ҚОШҚАРБАЙ. Дұрыс айтасыз! Баяғы коммунизмдегідей! АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ай, Қошқарбай, сен де өзі шынымен азамат екенсің! /қалтасынан конверт шығарып/. Әсіресе, мынау конвертің жақсы екен! Жалтырап тұр!... Қалыңдығы да біраз бар ма деймін... ҚОШҚАРБАЙ. Иә-иә, шамамыз жеткенше... Қазақтың жолы деп... АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Қазақтың азаматтары қандай? Шетінен ер ғой!.. Данышпан, көреген ғой!.. АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Оның ішінде мына Мәкең!.. Мэлис Әлібаевич... Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы!.. Бақ қонған, қыдыр дарыған! МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Мынау, Асай Мүсеевич... қазіргі заманның Асан қайғысы... Бұқар жырауы! АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Сонда да көре алмайды кейбіреулір!.. МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, солай!.. Ана жолы депутаттыққа өткізбей тастады, әтеңе нәлеттер!.. АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Мені де... мені де... Академиктікке енді өтейін деп тұрған кезімде... Айтыңызшы, менен басқа кімі бар сонда? МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Сізге обал жасады. Бұл Академия деген... кілең бір қатып қалған... ескі... Президентінен бастап бәрін құрту керек. | | |
3-топтың тапсырмасы Мәтіннен үзінді | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі | ҚОШҚАРБАЙ. Бұл кісіні жалғыз сіз емес, бүкіл Қазақстан таниды! МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, таниды... сонымен менің айтайын дегенім - өмір дегеніңіз, шынымен пойыз сияқты... САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Пойыз сияқты болса жетіседі екенбіз... ешқандай билет сатпайды... БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Әсіресе, осы «Қазақстан» пойызы... сондай кісәпір пойыз... САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Ойбай, ана «Өзбекстан», «Қырғызстан» пойыздары да жетісіп тұрған жоқ! Билет сатпақ түгілі, есігін тарс жауып алып, өмірі ашпайды. ҚОШҚАРБАЙ. Түһ, шу-шу етпей қоя тұрыңдаршы!.. Адамға сөз айтқызбадыңдар ғой... САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Не айтатыны белгілі емес пе...Ішіп қояйық деп тұрған шығар... МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, солай, ішіп қояйық... Сол үшін... пойыз үшін! /ішіп қояды/. ҚОШҚАРБАЙ. Мәке!.. Мәке, өте жақсы!.. Керемет айттыңыз! /әндетіп/. Жасасын біздің қазақтар! Асыл ағайлар жасасын! /рюмкаға тағы да арақ құйып, Билетсіз жолаушыға ұсынады/. Қане-қане, ақсақал тартып жіберіңіз! БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым, мен намаз оқитын адаммын. Жалпы, біздің қазақтың түбіне осы арақ жететін болды!.. АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ақсақал, өйтіп пессимизмге салынуға болмайды!.. Мұны бірден емес, бірте-бірте, жайлап қоямыз ғой... ҚОШҚАРБАЙ. Иә-иә, солай! /рюмканы Саудагер әйелге ұсынып/. Апай, онда сіз... сіз кішкене!.. САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Жо-жоқ, қарағым!.. Маған болмайды! Ауырам мен!.. БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Дүниежүзінің есі дұрыс ешқандай елінде әйелді арақ іш деп зорламаса керек! АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Түһ, өзің бір қақсап қалған қақсауық шал екенсің! Көп емес, бір-ақ рет ішсін деп тұрмыз ғой! | | |
4-топтың тапсырмасы. Мәтіннен үзінді | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі | Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі | МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Бұлар сендердің қандарыңды сорып... Қандарыңды сорып... Ал сендер болсаңдар... Ай, халқым-ай!.. Қайран, менің халқым-ай!... Сендер үшін қабырғам қайысты-ау менің!.. ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. /куәлікке шұқшия қарап, сосын шошып кетіп/. А-а!.. Апырмау, ұят болған екен... Масқара болған екенбіз... /Жолсерік келіншекке/. Ай, бұл не? Не сұмдық мынау? Сен өзі қандай адамсың? Көзіңді неге ашып қарамайсың? Сенімен енді сөз басқаша болады... /қайтадан Мэлис Әлібаевичке қарап/. Мәке, Мэлис Әлібаевич! Біз сізді білеміз... Сыртыңыздан өте жақсы білеміз... Біз байқамай... қателесіп... Қане-қане, кіріңізші!.. Бәріңіз де кіріңіздер!.. Бәрін купеге кіргізіп жібереді. Сыртта Пойыздың бастығы мен Жолсерік келіншек қалады. ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. /әлгіндегідей емес мүлдем басқа үнмен/. Айналайын-ау!.. Қарағым-ау!.. Бұл кісі деген... бүкіл Алматы білетін... Қазақстан білетін, үлкен, жауапты қызметтегі кісі емес пе? Ойбай-ау...байқамайсың ба?! ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Байқағанда... өзіңіз де көріп тұрсыз ғой – аяғын баса алмайды... ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Енді... елге шыққан соң... жұмыстары сондай ауыр! Сосын көңіл көтерейін... дем алайын деп... МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. /купеден басын шығарып/. Сіз, жолдас Пойыздың бастығы, бұл үшін дұрыстап жауап бересіз әлі!.. ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Жақсы-жақсы, Мэлис Әлібаевич!.. /Жолсерік келіншекке/. Әлгі... бірдеңең бар ма еді? ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Бар ғой... Жаңа айтып едім ғой, бірден қалпақтай түсіреді... АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. /купеден басын шығарып/. Мыналар нағып сыбырласып кетті!.. Мэлис Әлібаевич дейім, құдайақы, осылар бір пәле ойластырып жатыр!.. ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Қазір... қазір... кішкене сабыр ете тұрығыздар! /Жолсерік келіншекке/. Алып кел тез! | | |
Бағалау критерийлері: - көркемдегіш құралдарды анықтайды;
- көркемдегіш құралдардың қызметін талдайды;
- айшықтау амалдарының қызметін талдайды.
Тапсырма №3. Берілген үзіндідегі қолданылған көркемдегіш құралды және қандай мақсатта қолданылғанын анықтайды. Сауалдар: Берілген үзіндіде қандай көркемдегіш құрал мен амалдар қолданылған? Автордың ол тәсілдерді қолданудағы мақсаты қандай? Бағалау критерийлері: -көркемдегіш құралдарды анықтайды; -көркемдегіш құралдарды қолданудағы автор мақсатын анықтайды; -айшықтау амалдарының қызметін талдайды. | Сұлтанәлі Балғабаев Тойдан қайтқан қазақтар /«Қазақстан» пойызы/ /екі бөлімді комедия/ |