Қ.Мырза-Әли «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 5 сабақ
Мына үзіндіден көркемдегіш құралдарды табыңыз:
Айналайын бұлбұлым,
Бал таңдайым,
Саған тор да,
Қасқырға қақпан дайын.
Шынтақтаған жастықты
Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.
Кешіре гөр біздерді,
Әулие көл!
Кешіре гөр біздерді,
Қыр киелі!
Әдеби-теориялық ұғымдарды еске түсірейік
Троп (грекше - tropos - бұрылыс, бұрма):
метафора; синекдоха;
кейіптеу; метонимия;
символ; аллегория.
Фигура - Әдебиетте сөз тіркестерін дағдылы, синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру:
Арнау; Қайталау;
Шектестіру; Дамыту;
Инверсия; Эллипсис.
1 тапсырма
Шығарманың идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдаңыз
Суреттеуші – автордың идеясын анық көрсететін үзінділерді табады.
Зерттеуші – суреттеуші тапқан үзінделерден троп пен фигура түрлерін анықтайды.
Қолданушы – құбылту мен айшықтаудың қолданылу ерекшелігін көрсетеді.
Бағалаушы – автор стиліне баға береді.
1 топ – 1, 2 бөлім
2 топ – 3, 4 бөлім
3 топ – 5, 6 бөлім
4 топ – 7, 8 бөлім
5 топ – 9, 10 бөлім
Дескриптор:
- троп пен фигура түрлерін анықтайды;
- құбылту мен айшықтаудың қолданылу ерекшелігін көрсетеді;
- автор стиліне баға береді.
2 тапсырма
Троп пен фигура түрлерін қолданып,
«Хайуанатқа жасаған қиянатың –
Бауырыңа жасаған опасыздық!..»
тақырыбында монолог құрастырыңыз.
Рефлексия
«Блоб ағашы»Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды