Қ.Мырза-Әли «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ


Қазақ әдебиеті пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ 2-сабақ

Күні:

Сынып 11

Бөлім. Табиғат және адам

Сабақтың тақырыбы

Қ.Мырза-Әли «Қызыл кітап» поэмасы

Оқу мақсаттары

1.3.4.1. Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып,әдеби сын жазу

Сабақтың мақсаты

Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып,әдеби сын жазу

 Бағалау критерийлері

Шығармаға қатысты сыни шолу жазады

Құндылығына баға бере алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Ойын жүйелі жеткізуге, кез келген тақырыпқа сыни шолу жазуға дағдыландыру. Проза, роман, композиция, сюжет, экспозиция, т.б.

 Пәнаралық байланыс

АКТ-ны қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады

 Алдыңғы білім

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

5 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару.

Слайд 1

Мақсат қою

5 минут

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын тұжырымдайды.

Оқушылар сабақтың мақсаты айқандап, бағалау критерийлері, күтілетін нәтиже түсіндіріледі.

Слайд 2

Жаңа материалды игеру

10 минут

10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі.

ЖЖ. «Ой қозғау»

Жұптарда оқушылар «Ой қозғау» әдісі арқылы шығарманың мазмұны мен жазылу себебіне өз ойларын айтып, пікір алмасады

Мағынаны тану кезеңі.

1- топтық тапсырма. Топтық жұмыс.

Әңгіме бойынша қандай құндылықтар көрініс тапты? Шығарма несімен көркем немесе адамзат өмірінен алатын орны қандай? Соған байланысты цитаталарды тауып оқып, онда қандай құндылық көрінетініне дәлел келтіруі керек.

Дескриптор:

  • Әңгімеден үзінділерді анықтайды;
  • Үзіндідегі құндылықтарды түсіндіреді.

2- топтық тапсырма. Топтық жұмыс.

Шығармаға қатысты өз көзқарасыңызды білдіре отырып, құндылықтарға баға беріп, шығарманың көркемдігіне немесе оқырманға берер әсеріне қатысты сыни шолу жасаңыз. Өмір шындығы қалай көрсетілген, баға беріңіз, мүмкіндігіңіз жетсе өзге шығармалармен салыстырыңыз.

3- жұптық тапсырма.

Шығармадағы ұлттық құндылықтарды талдайды.

Ұлттық құндылықтар

Шығармадан үзінді

Маңызы

Әдеби сын туралы ақпарат беріледі.

Әдеби сын:

Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.

4- жеке тапсырма.

Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, шығармаға қатысты сыни шолу жазады

Декриптор:

  • Шығармаға сыни шолу жасайды;
  • Құндылықтарға қатысты өз көзқарасын білдіріп баға береді.

Слайд 3

Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Слайд 9

Жаңа материалды бекіту

5 минут

Бүгінгі сабақ сізге қандай сезім сыйлады?

Рефлексия

5 минут

Слайд 10

Үйге тапсырма:

Б. Мұқай «Өмірзая» романы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу