С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 2 сабақ
Бөлім: Табиғат және адамС. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы
Оқу мақсаты:Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.
Бағалау критерийлері:
Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.
Қызығушылықты ояту:
Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка немесе ремарка деп атайды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, яғни репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады. Қалай болғанда да репликалар шымыр, ондағы кейіпкер мүддесі мен құштарлығы, аласұрған сезім әлемі көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылуы қажет. Олар өлең түрінде де, қара сөз түрінде де бола береді. Драмалық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялық тұрғыдан Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классик үлгіден өзгеше, яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. Ежелгі грек трагедияларында сахналық шығармалардағы тартыс аяқталып, өз шешімін тапқан соң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны катарсис, яғни күйіне отырып күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке толы бас кейіпкер монологі көрермендерге қатты әсер еткен. Қазіргі заманғы драмаларда, әсіресе, қазақ драмаларында осы үрдіс қолданылып жүр.
Тапсырма
«Тойдан қайтқан қазақтар» осы драмаға ұқсас жазылған қандай драмаларды білесіздер?
https://www.youtube.com/watch?v=Si6rtigch-I
«Күшік күйеу» туралы драмадан үзінді көрсетіледі.
Бұл драманы көргендеріңіз, Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» драмасын көргендеріңіз бар ма?
ТЖ. Ұсынылған бөлімдерге төмендегі үлгі бойынша мәтіндік талдау жасаңыз.
Құрылымы;
Негізгі идея;
Тірек сөздер;
Кейіпкерлерге мінездеме;
Көркемдегіш құрал;
Өмірлік қағида.
1-топ: «Жолаушы қарт» бөлімдері бойынша;
2-топ: «Асай Мүсеевтің шабармандары» бөлімдері бойынша;
3-топ: «Пойыздағы жағдай» бөлімдері бойынша;
4-топ: «Тойханашылардың әңгімесі» бөлімдері бойынша;
5-топ: «Пойыз жүргізуші қыздың кешірім сұрауы» бөлімдері бойынша;
6-топ: «Қарттың ізгі сөзі» бөлімдері бойынша талдайды.
«Сұрақтар жаңбыры»:
Шығарма авторы кім, қай жанрда жазылған?
Драмаға тән ерекшеліктерді атаңыз.
Ел ағалары қайда келді?
Драманың мақсаты не?
"Тойдан қайтқан қазақтар" драмасының кейіпкерлері кімдер?
Драма неше бөлімнен тұрады?
Драманың өзектілігі неде?
Асай Мүсеевтің «Оян қазақ» деуінде қандай мән жатыр?
Драманың бүгінгі өмірмен қандай байланысы бар?
Соңында автор қартты сөйлету арқылы оқырманға қандай ой тастайды?
Дескриптор
Драмаларды салыстырады.
Бөлімдерге мәтіндік талдау жасайды.
Сұрақтар жаңбырына жауап береді.
Өмірмен байланыстырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?