Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 11 | Оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||
Сабақтың тақырыбы | Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; | ||||
Сабақтың мақсаттары | Поэмадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану. | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Лексикалық бірліктер: шілтер – ілмегі бар бізбен жібек жіптен селдір етіп тоқылған әшекейлі бұйым мия – дәні ащы, ақшыл я қызыл түсті бұршақ тұқымдасына жататын, көпжылдық шөптесін өсімдік егей – таңдаулы, ығай мен сығай; игі жақсы, бірегей шүрегей – жабайы үйректің ең кішкене түрі жиһан – бүкіл дүниежүзі, әлем сайғақ – жапан түзде үйір-үйір болып тіршілік ететін аң, ақбөкен Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін; | ||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Қ.Мырзалиевтің шығармашылығы | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланатын уақыт |
| Дереккөздер | |||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері анықталады. |
№1 слайд | |||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут | Сыныптағы оқушыларды 4 топқа бөлу. Топтық тапсырма Оқушылар поэманың алғашқы төрт бөлімін 4 топта оқиды. Ұсынылған өлең жолдарынан алынған қанатты сөздерді пайдаланып, үзінділердегі мәселені анықтап, пікірін білдіреді. 1-топ Хайуанатқа жасаған қиянатың —Бауырыңа жасаған опасыздық! 2-топ Ұяламын қарауға қоңыр қазға.Толып-ақ тұр бүгінде өмір назға. 3-топ Бауырлар-ау!Кесесің неңді қырқып?Кей орманның орнында қалды бір түп. 4 топ Оңбағанның артында ұрпағы бар,Ал мамонттың артында тұяқ та жоқ.Бәрі-бәрі олардың қырылыпты,Біздер мына— бүгінде тірі мықты. Дескриптор
Тапсырма №2. Жұптық жұмыс Берілген кіріспені пайдаланып және поэмадан аргумент ретінде үзінде ала отырып, «Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы» тақырыбында эссе жазу. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. ... Дескриптор
| ||||
Сабақты бекіту 5 минут | Ой толғаныс Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады. Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. «Сұрақ-жауап» әдісі 1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды? 2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз? 3. Сіз үшін бүгін не қиын болды? 4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз? 5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды? | ||||
Үй тапсырмасы | Поэманың құрылысына талдау жасау. |
Қосымша ақпарат | ||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?