Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 15 сабақ.
«Ой-талқы» Топ ішінде ой бөлісіңіздер.
Әр елде, әр кезде халық – анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық – анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді. Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі – Мұхаң. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған, інжу-маржандай жалтылдаған сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан, халық өмірін жырлауда гректің «Илиадасымен» тең түсетін «Абайымен» әлем халқын шарлауда. Қазақ сахарасында дүниеге келіп, сол сахарасын оның талантты әдебиетімен дүниеге паш етіп отырған жазушы табысының сыры неде?
Тапсырма. «Кестелер галлереясы» М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында көтерілген мәселе негізінде қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт, әдеби ағым, жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтап, талдау негізінде кестені толтырыңдар.
Бағалау
- Шығармаға талдау жасайды;
- Талдау негізінде дәлелдейді;
Есіңде болсын!
Туған әдебиеттері үшін Сервантес, Шекспир, Бальзак, Диккенс, Тиккери, Толстой, Достоевский, Тагор мен Кавабата не бітірсе, Әуезов те қазақ әдебиетінде дәл соны бітірді. Өз ұлтын адамзатқа тегіс танымал, рухани туысқан етсе, ұлттық әдеби дамуымызды әлемдік биікке алып шығып, қазақ сөзі мен қазақ пікірін жалпы адамзаттық мәшурада алғаш рет паш етті. Туған елімізді, жерімізді, тілімізді өліп-өшіп сүйіп өтуде Абай жолынан, Әуезов жолынан айнымайық...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?