Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 14 сабақ.
«Суреттер галереясы» әдісі
«Абай жолы» романы туралы айтылған пікірлерге талдау жасау.
«Мен қазақтар туралы бұрын ешқашан естіген емеспін.
Ал енді жуырда ғана Мұхтар Әуезовтің ағылшын тіліне аударылған ғажайып кітабын оқып шыққаннан кейін бұл халықты білетін болдым. Мен шын көңіліммен сіздердің бақытты халқыңызға қызығамын».Бенжамен Матип
«Жазушы және филолог Мұхтар Әуезов тамаша кітапжазумен қатар, бізге белгісіз жаңа әлемді ашты...».
Герберт Кремпиен
«Мен Абай жолын» төртінші рет қайталап оқығанымда ғана барып түсіндім»
Ғабит Мүсірепов
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.
Қалайша бас имессің оған, сірә!
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ « Абайы» - бұл нағыз роман, басқаша айтқанда өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың, адамдар арасындағы құштарлықтың махаббат пен өшпенділіктің айқын бояулы картиналарын жасаған және , ең бастысы,есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап.Бұл романды мен соншалықты рахаттанып аудардым. Образдарының бедерлілігі мен әсемдігі, тілінің айқындығы мен бояуы терең поэтикалық сезім – осының бәрі қажетті сөздерді сарыла, сарғая іздеуге мәжбүр ете тұрса да, қуанышты болды; мені тағдыры өзіме көптеп жақын да қымбат болып кеткен қазақ әдебиетіне деген мақтаныш сезімі билеп алды. Леонид Соболев
Мен оның, (Мұхат Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман – «Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен өрен ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқаелдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын.
Луи Арагон
1897-1961 ж.ж.)
Бөлім: Ғасырлық туынды
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы
1-кітап
Қайтқанда
Қат-қабатта
Шытырманда
Бел-белесте
Өрде
Қияда
2-кітап
Тайғақта
Жайлауда
Еңісте
Оқапта
Асуда
Тарауда
Биікте
3-кітап
Абай аға
Кек жолында
Қарашығын
Өкініште
Қақтығыста
Қоршауда
4-кітап
Түн-түнекте
Құз-қияда
Қапада
Қастықта
Шайқаста
Жұтта
Мағынасын тану.
«Абай жолы» романының жазылу тарихына тоқталу. /презентация/
1-кітаптың бөлім атауларына тоқталу
«Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген — әр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл — үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл — Құнанбайдың да баспалдақтары.
1-том 1942 жылы
2-том 1947 жылы
3-том 1952 жылы
4-том 1956 жылы
“Абай жолы” романы
1949 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді
1959 ж. Лениндік сыйлыққа ие болды
1-тапсырма.
«Қайтқанда» тарауының 1-бөлімі бойынша шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына «Цицерон» тәсілімен талдау жасау.
7 6
5
4
3
2
1
Жұп өзара жазғандарын оқи отыра, тарау мазмұнын еске түсіреді.
Есембай жырасындағы бала Абайдың қылығы
Елге деген сағыныш
Әке сынағы
Сағына қауышқан Абай мен аналары
Абай «емі»
Үлкендер жиынына алғаш қатысқан Абай
Сотқар Оспанның әрекеті.
Дескриптор:
әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды.
Мұғалімнің бағалауы.
Топтық жұмыс
Берілген үзінділерден шығармадағы көтерілген ғаламдық мәселелерді, көтерілген ұлттық мәселелерді анықтау.
«...Осы қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады. Неге қалатынын әжесіне де айтпайды. Жалғыз-ақ кеш батып, қораға мал келетін уақыт тақалғанда, кіші шешесі Айғыздың үйіне барып, мына кішкене қарындасы Кәмшатты көтеріп, еркелетіп ойнап жүреді де, ақырында әжесіне әкеп береді...» Абайдың әжесімен оңаша қалуы және Кәмшатты әжесіне алып келуінің сыры неде?
«...- Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі де күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айырылма!- деді.» Анасының сөзінен Абай не түйді? Айтылған ақылдың Абай әрекетіне қатысы болды ма?
«... Кішіреймейсің, кешірім етесің. Ақ көңілің мүлде ағарсын. Мұның да бір Құнанбайлығың болсын. «Игі жұмыс үстінде кірбеңнен арылам» дегенің болсын. Ана Бөжей ағайыныңды жау қып жатқа жіберме!.. Бауыр қып қасыңа тарт, татуласшы осы!- деді». Алшынбайдың ақылы Құнанбай беделін ойлауы ма, әлде туысқандар арасындағы татулықты орнатуға бағытталған ба?
«- Тынымы да өзгешелеу болды білем... Араларың алыс болса, қыз алысып, құда болысыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сүйтіп, иістерің аралассын!- десті.». Алшынбай шешімі Абайға қалай әсер етті? Қабылданған шешімге көзқарасыңыз қандай?
Дескриптор:
әдеби шығармадағы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсінеді;
үзінділерді түсініп оқиды.
Топтық жұмысты қорғау
Бағалау.
Үйге тапсырма:
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабын оқу.
Кері байланыс.
Шығарма неліктен «Абай жолы» деп аталған?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?