Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 14 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ғасырлық туынды

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Смагулова Р.А.

Сынып: 11 Т1 1-сабақ

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Оқу бағдарламасына сілтеме

Түсіну және жауап беру

1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Сабақтың мақсаты

11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну;

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды;
  • әдеби шығармадағы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсінеді;

Тілдік мақсаттар

Романның сюжеттік-композициялық құрылысына, көтерілген ғаламдық мәселелерге түсінік беру.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Азаматтық позиция, құрмет, еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Зобалаң заман шындығы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

7 минут

1 минут

Қызығушылығын арттыру.

«Суреттер галереясы» әдісі.

Абай мен М.Әуезов арасындағы байланысты табады.

/Абай мен М.Әуезов портреттері, «Абай жолы» романының 4 кітабы/

«Абай жолы» романы туралы айтылған пікірлерге талдау жасау.

«М. Әуезовтің « Абайы» - бұл нағыз роман, басқаша айтқанда, өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың, адамдар арасындағы құштарлықтың махаббат пен өшпенділіктің айқын бояулы картиналарын жасаған және , ең бастысы,есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап.Бұл романды мен соншалықты рахаттанып аудардым. Образдарының бедерлілігі мен әсемдігі, тілінің айқындығы мен бояуы терең поэтикалық сезім – осының бәрі қажетті сөздерді сарыла, сарғая іздеуге мәжбүр ете тұрса да, қуанышты болды; мені тағдыры өзіме көптеп жақын да қымбат болып кеткен қазақ әдебиетіне деген мақтаныш сезімі билеп алды. Леонид Соболев

Мен оның, (Мұхтар Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман – «Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен өрен ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын.

Луи Арогон

«Мен қазақтар туралы бұрын ешқашан естіген емеспін.Ал енді жуырда ғана Мұхтар Әуезовтің ағылшын тіліне аударылған ғажайып кітабын оқып шыққаннан кейін бұл халықты білетін болдым. Мен шын көңіліммен сіздердің бақытты халқыңызға қызығамын».

Бенжамен Матип

«Жазушы және филолог Мұхтар Әуезов тамаша кітапжазумен қатар, бізге белгісіз жаңа әлемді ашты...».

Герберт Кремпиен

«Мен Абай жолын» төртінші рет қайталап оқығанымда ғана барып түсіндім»

Ғабит Мүсірепов

Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.

Қалайша бас имессің оған, сірә!

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

7 минут

5 минут

Мағынасын тану.

«Абай жолы» романының жазылу тарихына тоқталу. /презентация/

1-кітаптың бөлім атауларына тоқталу

«Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген — әр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл — үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл — Құнанбайдың да баспалдақтары.

1-тапсырма.

«Қайтқанда» тарауының 1-бөлімі бойынша шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына «Цицерон» тәсілімен талдау жасау.

7 6

5

4

3

2

1

Жұп өзара жазғандарын оқи отыра, тарау мазмұнын еске түсіреді.

  • Есембай жырасындағы бала Абайдың қылығы
  • Елге деген сағыныш
  • Әке сынағы
  • Сағына қауышқан Абай мен аналары
  • Абай «емі»
  • Үлкендер жиынына алғаш қатысқан Абай
  • Сотқар Оспанның әрекеті.

Дескриптор:

  • әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды.

Мұғалімнің бағалауы.

Топтық жұмыс

Берілген үзінділерден шығармадағы көтерілген ғаламдық мәселелерді, көтерілген ұлттық мәселелерді анықтау.

  • «...Осы қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады. Неге қалатынын әжесіне де айтпайды. Жалғыз-ақ кеш батып, қораға мал келетін уақыт тақалғанда, кіші шешесі Айғыздың үйіне барып, мына кішкене қарындасы Кәмшатты көтеріп, еркелетіп ойнап жүреді де, ақырында әжесіне әкеп береді...» Абайдың әжесімен оңаша қалуы және Кәмшатты әжесіне алып келуінің сыры неде?
  • «...- Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі де күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айырылма!- деді.» Анасының сөзінен Абай не түйді? Айтылған ақылдың Абай әрекетіне қатысы болды ма?
  • «... Кішіреймейсің, кешірім етесің. Ақ көңілің мүлде ағарсын. Мұның да бір Құнанбайлығың болсын. «Игі жұмыс үстінде кірбеңнен арылам» дегенің болсын. Ана Бөжей ағайыныңды жау қып жатқа жіберме!.. Бауыр қып қасыңа тарт, татуласшы осы!- деді». Алшынбайдың ақылы Құнанбай беделін ойлауы ма, әлде туысқандар арасындағы татулықты орнатуға бағытталған ба?
  • «- Тынымы да өзгешелеу болды білем... Араларың алыс болса, қыз алысып, құда болысыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сүйтіп, иістерің аралассын!- десті.». Алшынбай шешімі Абайға қалай әсер етті? Қабылданған шешімге көзқарасыңыз қандай?

Дескриптор:

  • әдеби шығармадағы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсінеді;
  • үзінділерді түсініп оқиды.

Топтық жұмысты қорғау

Бағалау.

Презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабын оқу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) қолданамын.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс.

Ынтымақтастық, азаматтық позиция, құрмет құндылықтары көзделеді.

Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, тақтадағы ақпаратты жақсы көру үшін ыңғайлы отырғызу т.б.

Интерактивті тақта қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар ынтымақтастық, азаматтық позиция, құрмет құндылықтарының маңызына көңіл бөле отырып, М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабына сюжеттік-композициялық талдау жасайды. Оқушылар «Абай жолы» роман-эпопеясы 1-кітабының мазмұнын толық меңгерді, мағынасы түсініксіз сөздерді де игерді.

Тапсырмаларды орындауда ынтымақтаса жұмыс жасады. Жеке, жұпта, топта жасаған жұмыс түрлері де өз нәтижесін көрсетті. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабақ өтуде сюжеттік-композициялық талдау жасау тиімді болды.

Жалпы баға

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: сюжеттік-композициялық талдау жасауы.

2: Көтерілген ұлттық мәселелерді анықтауға байланысты талқылауы..

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Абай туралы фильмдерден үзінді көрсету..

2: Қазақстан тарихынан өткен ұқсас тақырыптарды еске түсірту.

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?

Оқушыларға осындай романдарды бөліп оқыту және оған сабақ кезінде талдау жасау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу