Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ғасырлық туынды

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Смагулова Р.А.

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Сынып: 11 Т1

Сабақтың тақырыбы

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлер

Оқу бағдарламасына сілтеме

Түсіну және жауап беру

1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Сабақтың мақсаты

11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды;
  • шығармадағы кейіпкерлер бейнесін даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді;

Тілдік мақсаттар

Романдағы кейіпкерлер бейнесі, портретін жасау, әке мен бала арасындағы алшақтық пен сабақтастық, т.б.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Азаматтық позиция, құрмет, еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы. 1-кітап

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

Қызығушылығын арттыру.

Тест жұмысы: «Кім жылдам?»

1. Күнде кешкілікте Зере бесік жырын кімге айтады?

А) Оспанға

Ә) Смағұлға

Б) Абайға

В) Кәмшатқа

2.Смағұл Абайға қалай жақын?

А) туған інісі

Ә) жақын ағасы

Б) өгей шешеден туған інісі

В) алыс туысы

3.Оспан мен Смағұлдың жас алшақтығы қанша?

А) түйедей құрдас

Ә) Смағұл үлкен

Б) Оспан кіші

В) Оспан үлкен

4.Айғыздан туған Абайдың қарындасы -

А) Айгүл

Ә) Жанагүл

Б) Гүлшат

В) Кәмшат

5.Абай Айғызды қалай атаған?

А) Кіші апа

Ә) Үлкен апа

Б) Жас апа

В) Ай апа

6.Смағұл мен Оспанның балалық жанжалына Абай Смағұлды не үшін соқты?

А) тентектігі үшін

Ә) өгей інісі болған үшін

Б әлі жететін болған үшін

В Ұлжанды балағаттағаны үшін

7.Қалел деген кім?

А) Айғыздың үлкен ұлы

Ә) Ұлжанның кіші баласы

Б) Смағұлдың егізі

В) Айғыздың кіші баласы

8.Тәкежанның мінездемесі -

А) қалжыңбас, әзілқой

Ә) білімпаз, өнерпаз

Б) батыр, ер жүрек

В) шешен

9.Әрбір кеште «Мың бір түн» оқиғасын айтуға машықтанған кім?

А) Зере

Ә) Ғабитхан

Б) Абай

В)Ұлжан

10.Ғабитхан кім?

А) ақын

Ә) орыс тілінің мұғалімі

Б) молда ұстаз

В) аудармашы

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады.

Сабақтың ортасы

2 минут

16 минут

10 минут

Мағынасын ашу

Топқа бөлу

Суреттер арқылы 5 топқа бөлінеді.

Тапсырма.

«Әдеби шеңбер» стратегиясы Әр топ өздеріне тиісті тапсырманы орындайды.

- белгілеуші

Белгілеуші: шығармадағы кейіпкерге қатысты ең маңызды әрекет немесе сөздерін таңдау арқылы кейіпкерлер сипатын анықтаңыздар. Кейіпкерлерге сипаттама береді.

Кейіпкер әрекеті немесе сөзі

-Мына мешіттің тойы өтіп, іс жеңілдесін. Кішкене қол босасын. Содан соң саған айтар сөзіміз бар. Бала құсап ашуланба! Өзің зіңгіттей азамат болдың... Алшынбай аулына малды текке беріп жатыр деймісің? – деген болатын.

-Дәл қасымызға келіп қонып отыр. Енді аялдасақ ағайынның бетін қайтіп көреміз? Бата оқырын қалай жасасын дейді? Және Байқошқар, Бақанастағы екі ауыл қосыла бара ма? Соны тез шешіп, жөн айтсын!- депті.

...үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай. Биікке, алысқа мегзейді...

 "Осы жолы құдайдан соңғы қуатым құдаларым болды. Адал достықты, шын бейілді солардан көрдім деген". Атап айтқандары: Алшынбай, Тінібек. Онан соң Тобықты ішінде, тергеуге кетіп бара жатқан жолында, Тасболат руының ішінде Байтас басынан қатты тілеулестік көріпті.

Қай кейіпкерге тән?

Кейіпкердің қандай сипаты танылады?

Дескриптор:

1.Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты маңызды әрекет пен кейіпкер сөзін анықтай алады.

2. Әрекет немесе сөзі негізінде кейіпкерге сипаттама бере алады.

- байланыстырушы

Байланыстырушы –шығармадағы көтерілген мәселелерді немесе кейіпкерлерге қатысты маңызды әрекеттерді немесе кейіпкер шешімін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, өзіндік көзқарастарыңызды білдіріп, постер дайындаңыздар.

Дескриптор:

1.Шығармадағы көтерілген мәселелерді немесе кейіпкерлерге қатысты маңызды әрекеттерді анықтай алады.

2.Мәселелер мен кейіпкер шешімін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, көзқарас білдіре алады.

- бейнелеуші

Бейнелеуші: «Абай өзіне арналған хабарды үнсіз ғана аңырып тұрып тыңдады. Іші бір суық нәрсеге қақтыққандай, тіксініп қалды. Сол сәтте Тоғжан есіне түсіп, оның алдында қылмыс жасағалы тұрғандай сезініп еді» деген сәттегі Абайдың ішкі сезімін монолог түрінде жеткізіңіздер..

Дескриптор:

1. Шығармадағы көтерілген маңызды мәселеге қатысты көзқарасын танытады.

2. Өзіндік пікірін кейіпкер образы арқылы монолог түрінде жеткізе алады.

- суреттеуші

Суреттеуші: шығармадағы маңызды мәселелердің біріне қатысты эпизод немесе сюжеттің суретін салып, ой қорытынды жасаңыздар.

Дескриптор:

1.Шығармадағы маңызды эпизод немесе сюжетті сурет арқылы түсіндіре алады.

2.Сурет негізінде ой қорытындысын жасай алады.

-қорытындылаушы

Қорытындылаушы: шығармадағы мәселелердің біріне қатысты кейіпкер әрекетіне деген көзқарастарыңызды хат түрінде жеткізіңіздер.

Дескриптор:

1. Шығармадағы мәселені шешудегі кейіпкер әрекетінің маңыздылығын түсінеді.

2. Өз көзқарасын хат түрінде жеткізе алады.

Топтық жұмысты қорғау.

Бағалау. Әр топ дескриптор бойынша бір-бірін сағат тілімен бағалайды.

Презентация

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.- Шығармадағы жағымды кейіпкерлер кімдер?

  • Шығармадағы жағымсыз кейіпкерлер кімдер?

Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабын оқып аяқтау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлау.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Қазақстан тарихы, өнер пәндерімен пәнаралық байланыс.

Ынтымақтастық, азаматтық позиция, құрмет құндылықтары көзделеді.

Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, тақтадағы ақпаратты жақсы көру үшін ыңғайлы отырғызу т.б.

Интерактивті тақта қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар ынтымақтастық, азаматтық позиция, құрмет құндылықтарының маңызына көңіл бөле отырып, М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабындағы кейіпкерлерге сипаттама жасады. Оқушылар «Абай жолы» роман-эпопеясы 1-кітабының мазмұнын толық меңгерді, мағынасы түсініксіз сөздерді де игерді.

Тапсырмаларды орындауда ынтымақтаса жұмыс жасады. Жеке, топта жасаған жұмыс түрлері де өз нәтижесін көрсетті. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабақ өтуде кейіпкерлерге сипаттама жасау тиімді болды.

Жалпы баға

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Кейіпкерлердің мінез-құлқын таба алуы.

2: Кейіпкерлердің сипатын анықтауға байланысты талқылауы..

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Романға байланысты салынған суреттерді көрсету..

2: Абайдың өлеңдерін еске түсірту.(«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»)

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?

Оқушыларға осындай романдардағы бейнелерге көбірек талдау жасату



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу