Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: --.--.---- жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Тулегенов М.Б.

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау

 Сабақтың мақсаты

Автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындайды.

 Бағалау критерийлері

  • өмірмен байланыстырады;
  • автор позициясын, көтерген мәселесін айқындайды.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Жұпта, топта жұмыс жасау арқылы құрмет, ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Power Point бағдарламасы арқылы жасалған презентация, интерактивті тақта арқылы жұмыс жасалады.

Осыған дейін меңгерілген білім

әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

Жоспар

Жоспар-

ланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері талқыланады.

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану кезеңі

Үйден оқып келгендерін тексеру үшін, кестені толтыру арқылы романдағы оқиғаларды жүйелеу, әр оқиғаға қатысты кейіпкер бейнесін айқындау.

Тараулар

Негізгі

оқиға

Абайдың әрекеті

І топ

«Қайтқанда»

«Қат-қабатта»

ІІ топ

«Жолда»

«Шытырманда»

ІІІ топ

«Бел-белесте»

«Қияда»

«Өрде»

Дескриптор:

  • романдағы оқиғаларды жүйелейді;
  • әр оқиғаға қатысты кейіпкер бейнесін айқындайды.

Топтық жұмыс

I топ: Абай бейнесін сомдаудағы автор шеберлігі.

II топ: Абай бейнесін жасауда жазушы жеткен биіктік.

III топ: Абай бейнесінің қазақ әдебиетіндегі алар орны.

Дескриптор:

  • автор шеберлігіне талқылау жасайды;
  • көзқарасын білдіреді;
  • дәлелді сөйлейді.

Топта бірін-бірі бағалайды,мұғалімнің кері байланысы беріледі.

Талқылау сұрақтары

Оқушылар талқылау жүргізеді. Мысалы:

Қодар мен Қамқа өлімінің Абайға әсері.

Әкесі Абайға қандай сын тақты?

Абай неге халық жағына шықты?

Абайдың өнер-білім жолына бет бұруының себептері неде?

Құнанбай мен Абай арасындағы келіспеушілік, қайшылық тек әке мен бала арасындағы өкпе, наразылық па?

Романдағы оқиғалар мен кейіпкерлер Абай өмірімен шынай сәйкес келе ме?

Дескриптор:

  • проблемалық сұрақ құрастырады;
  • маңызды іс-әрекетті анықтайды;
  • өмірмен байланыстырады;
  • автор позициясын, көтерген мәселесін айқындайды;
  • өз білімдерін жинақтап ортаға салады.

Кері байланыс «Бағдаршам»

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«3-2-1» әдісі

3 - маңызды ақпарат

2 - қызықты ақпарат

1 - түсініксіз болған жайт

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларды қолдау үшін мақтап, мадақтаймын, қолайлы орта туғызамын. Қабілетті оқушылар жұптық, топтық жұмыстарда өз көшбасшылығын танытады, білімімен бөліседі.

Оқушының өзін-өзі бағалауы жүзеге асады. Мұғалім кері байланысы, оқушы рефлексиясы орын алады.

Тарих, әдебиет теориясы пәндерімен байланыс орнайды. Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады. Жауапты азаматтық позиция, құрмет, ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу