Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ.


Топтастыру:

«Синквейн» әдісімен «Эпопея» деген сөзге 5 жолды өлең шығар.

  • Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
  • Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
  • Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
  • Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
  • Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

1-тапсырма

Роман, роман-эпопеяға тән 3 ерекшеліктерді қысқаша атап жазыңыздар, топта талқылаңыздар. 2 мин.

Романға тән ерекшелік

Эпопеяға тән ерекшелік

«Өз біліміңді толықтыр» Ж/ ЖЖ 2 мин

Жанр түрлеріне қатысты қосымша түсінікті оқып, жұпта өзара талқылайды.

Романға тән ерекшелік

Роман-эпопеяға тән ерекшелік

Адамның жан-дүниесін, болмысын, тұтастай өмір белестерін кең ауқымда суреттейтін проза жанрының бір түрі

Эпопея (грек. epopoiia – тудыру, жазу) – эпостық шығарманың бір түрі; белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде суреттейтін, бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын поэзиялық не прозалық кесек туынды. Осының нәтижесінде белгілі бір тарихи кезеңде немесе бір тарихи оқиғаны терең толғап, жан-жақты суреттейтін роман не роман циклдері туды. Эпопеяға тән ортақ қасиет – тарихи тақырыптың терең әлеуметтік идея арнасында баяндалуы, оқиғаның реалистікпен суреттелуі, кейіпкер сипатының байсалды түрде даралануы, тіл нәрлілігі.[1][2] Эпопея дәуірлік туынды ретінде бір дәуірдегі тарихи оқиғаларды екшеп алып, сипаттайды. Кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылып, осының бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетіледі.

Сюжеттік құрылымы шытырман оқиғаларға толы әрі көлемді болып келеді.

Белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларының кең көлемде суреттелуі. Бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын прозалық кесек туынды.

Жеке адам тағдыры арқау болады.

Жарты ғасырлық немесе бір ғасырлық қоғамдық өзекті мәселелерді қозғап, халықтың тұрмысы мен тіршілігінен сыр шертеді. Сондай-ақ, кейіпкер сипаты байсалды түрде дараланады.

2-тапсырма 22+5 мин.

  • Берілген эпизодтарды түсініп оқыңыз.
  • Эпизодтардағы оқиғалардың өз ішіндегі сюжеттік дамуын талдай отырып, осы эпизодтың роман-эпопеяның сюжеттік құрылымында алатын орнын анықтаңыз.
  • Эпизодтардың мазмұнындағы тарихи дәуірді сипаттайтын типтік оқиғалар мен сол оқиғалардың реалистікпен суреттелгенін танытатын детальдарды анықтап, кейіпкерлердің даралану ерекшеліктерін «Кесте сызбасы» арқылы талдаңыздар.

Дескриптор:

  • эпизодтарды түсініп оқиды;
  • эпизодтардағы оқиғалардың өз ішіндегі сюжеттік дамуын (оқиғаның басталуы, байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шиеленісуі, шешімі) талдайды;
  • эпизодтың роман-эпопеяның сюжеттік құрылымында алатын орнын анықтайды;
  • эпизодтардың мазмұнындағы тарихи дәуірді сипаттайтын (сол заманда жиі көрініс тапқан оқиғаларды) типтік оқиғалар мен сол оқиғалардың реалистікпен суреттелгенін танытатын детальдарды анықтайды және кейіпкерлердің даралану ерекшеліктерін «Кесте сызбасы» арқылы талдайды.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 3 мин

Бағалау критерийлері

Рубрикатор

Төмен

Эпизодтардағы оқиғалардың өз ішіндегі сюжеттік дамуын (оқиғаның басталуы, байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шиеленісуі, шешімі) талдайды.

оқиғалардың өз ішіндегі сюжеттік дамуын анықтауда

көптеген дәлсіздіктер байқалады

оқиғалардың өз ішіндегі сюжеттік дамуын анықтауда кейбір дәлсіздіктер байқалады

оқиғалардың өз ішіндегі сюжеттік дамуын өте жақсы анықтадым

Эпизодтың роман-эпопеяның сюжеттік құрылымында алатын орнын анықтайды.

Эпизодтың роман-эпопеяның сюжеттік құрылымында алатын орнын анықтауда

көптеген дәлсіздіктер байқалады

Эпизодтың роман-эпопеяның сюжеттік құрылымында алатын орнын анықтауда кейбір дәлсіздіктер байқалады

Эпизодтың роман-эпопеяның сюжеттік құрылымында алатын орнын өте жақсы анықтадым

Тарихи дәуірді сипаттайтын типтік оқиғалар мен сол оқиғалардың реалистікпен суреттелгенін танытатын детальдарды анықтайды және кейіпкерлердің даралану ерекшеліктерін «Кесте сызбасы» арқылы талдайды.

Типтік оқиғалардың реалистікпен суреттелгенін танытатын детальдарды анықтауда және кейіпкерлердің даралану ерекшеліктерін талдауда көптеген дәлсіздіктер байқалады

Типтік оқиғалардың реалистікпен суреттелгенін танытатын детальдарды анықтауда және кейіпкерлердің даралану ерекшеліктерін талдауда кейбір дәлсіздіктер байқалады

Типтік оқиғалардың реалистікпен суреттелгенін танытатын детальдарды анықтауда және кейіпкерлердің даралану ерекшеліктерін өте жақсы талдадым

1-топқа ұсынылатын эпизодтар

1-эпизод

Құнанбай тез бұрылып сәлемдерiн алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға қарап алып:

– Балам, бойың өсiп ер жетiп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп бiлiмiң

де өстi ме?– дедi. Кекету ме, жоқ күдiк пе? Немесе шынымен жай бiлгiсi келгенi ме?

Бала ес бiлгеннен берi қарай әкесiнiң қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрi бақташыдай бағып, танып өскен. Әкесi де бұл баласының сондай сезгiштiгiн өзге балаларынан артық санаушы едi. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешiрмейтiн әке мiнезi Абайға мәлiм. Ол сабырлы, момын пiшiнмен:

– Шүкiрлiк, әке, – деп бiраз тұрды да – ат барған соң, дәрiс тамам болмаса да, хазiреттiң рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, – дедi.

Тiптi ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте әзiрлеген жауабы едi. Әкесiнiң қасында тұрған Майбасар мен соның атшабары екен. МайбасарҚұнанбайдың тоқал шешесiнен туған iнiсi. "Төрт тоқал" атанған туысқандарының бiртоқалынан осы Майбасар. Бұны биыл Құнанбай өзi аға сұлтан болғаннан кейiн, осыТобықтыға болыстық старшын еткен-дi.Майбасар Абайдың жауабын ұнатып тұрып:

– Өзi, тiптi, көшелi кiсi боп қапты!– дей берiп едi, Құнанбай оның сөзiн аяқтатпастан

Абайға:

– Бар, ана шешелерiң жаққа бар, амандас, балам!– дедi.

Абайдың күткенi де сол едi...

2-эпизод

Құнанбайдың мына баласын осында шақыртып алып отырған және жаңағыдай етiп бұларға танытқалы отырғанын өзгеден Қаратай бұрын аңғарған. Ол, дағдылы, майысқақ ептiлiкке салып, ендi Құнанбайдың жаңағы бетiмен Абайды сөз қыла бастады. Бөжей мен Байсалға қарап:

– Сендер мұның сүндетке отыртқанда не дегенiн естiп пе едiңдер?– деп, аз күлiп алды. Абай өзiнiң балалық, шалалық мiнезiнiң бiрiн, мынадай суық пiшiндi үлкендердiң ортасына салғалы келе жатқан Қаратайға тiптi ырза емес едi. Қысылып, ұяла бастады. Бiрақ тоқтар шарасы жоқ. Сондықтан, бар тапқаны – ол бала өзi еместей, үндемей сазарыпқалды.

Қаратай күле отырып:

– Сүндетке отырғызғанда, ауырсынып жылап жатып:" құдай-ай, бұл қорлықты

көргенше, қыз қып неге жаратпадың!" дептi. Сонда шешесi: "ақылсыз-ау, қыз болсаң бала таппас па едiң, содан қиын боп па?" десе, мынау:"Ойбай, онысы тағы бар ма едi?", деп жылауын тыя қойып, шыдай берiптi, – дедi. Үлкендер ақырын мырс-мырс күлiп қойды. Құнанбай естiмеген сияқты, ешбiр белгi бермедi. Бұл сияқты сөз оны мен Байсалдардың қабағына қарағанда ұзаққа бармайтын тәрiздендi. Абайға жайлысы сол болып едi. Әйтпесе үлкен адамша орталарына шақырып ап, ақымақ бала қып қойып күлгендерiне ырза болайын деген ойы жоқ.

3-эпизод

Әжесi өзiне байланысты бiр нәрсеге ишара қып отырғанды көрiп:

– Не дейдi? Не деп жатырсыңдар, естiмедiм, – деп едi, Абай Оспан жайын айтып кеп, қатты сөйлеп:

– Әже-ау, былтыр мұндай емес ең. Құлағыңа не болған, неге естiмейсiң?– дедi.

Көптiң ортасында отырса да, ерiксiз жапа-жалғыз боп оқшауланып қалған әжесiне жаны ашып, құшақтап алдына жантайды. Әжесi түсiндi де, аз ғана босаңсып:

– Балам-ай, әжеңде кеуде болмаса, не сымбат қалды?– деп, өзiнiң дағдылы мұң-

шыңына қарай беттеп едi. Баласы қимады.

– Жазыла ма өзi? Емдесе қайтедi?– дедi.

Үй iшi де, әжесi де құр күлiп қана қойды. Кәрi шеше күле отырып, баласының талабы қайтпасын дегендей қып:

– Үшкiрсе, кейде ашылып қалады. Үшкiрген жағады, - дедi.

– Үшкiрсе, мына балаң молда боп келдi ғой. Үшкiрт балаңа, – деп Айғыз күлдi.

– Үшкiрсiн, баласы үшкiрiп берсiн.

– Сорлы кәрiнiң көңiлiне о да болса демеу ғой!– деп үйдегi үлкендер, әсiресе, жеңгелер Абайдан шын бiрдеменi дәметкендей.

Абай бұған iшiнен ыза болды. "Үшкiру, iшiрткi жазу, қасида оқу "молдалықтың ел үйренген дағдысы екенi рас үйренген дағдысы екенi рас. Бала көңiлiне қатты жиренiштi көрiнетiн балгер, құшынаш

сияқты, бақсымен тең молда, қожа аз емес. Абай соны еске алып, өз жайын мысқылдағандай болып, аз күлiмсiреп отырды да, бiр кезде оқыстан, әжесiнiң басын құшақтай ап, сыбырлай күбiрлеп, бiр нәрсенi шұбырта жөнелдi. Жұрт аңыра қарап отырып, басында дұғалық оқып жатыр екен деп едi. Кәдiмгi молдадай шарт жүгiнiп алып түсiн томсартып жiберiп, шешесiне төнiп отырып:

Өзі раушан, көзі гауһар,

Лағылдек бет ұшы ахмар.

Тамағы қардан әм биһтар

Қашың, құдрәт, қоли шиға. –

деп, көпшiлiк ұға қоймайтын өлеңдi шұбырта берiп, дауысын "тәбәрәк" оқыған

молдаларша ұзайта созды.

Мұбада болса ол бір кәз

Тамаша қылса юзма-юз…

Кетіп қуат, юмылып көз,

Бойың сал-сал бола нига?–

деп кеп көзiн жұмып, ернiн жыбырлатып, әжесiнiң құлағын ашып "су-ф" деп қойды. Бұл өзiнiң биыл осы көктемде Науаи, Фзулидi оқып жүрiп жазған өлеңi болатын. Отырғандар әлi де дел-салда. Күдiк етушiден де шын дұғалық екен деушiлер көп. Бала солардың шама-шарқын танып, мысқыл еткендей боп алдаңқырап келдi де, ендi шынын танытпақ боп, даусын ашық етiп қатайтып алды. Тағы да көзiн жұмып, түсiн томсартып, құран аударған молдадай, iлгерi-кейiн теңселе берiп:

Ұшады бозша торғай көдені ықтап,

Басасың аяғыңды нықтап-нықтап,

Кәрі әжем естімейді, нана берсін,

Берейін өлеңіммен шын ұшықтап…–

деп кеп, тағы да "су-ф-ф!" деп қойды. Үйдiң iшi ендi сезiп, ду күлiстi. Соңғы өлеңнiң

тұсында әжесi де түсiнген. Ол, үнi өшiп, сүйсiнiп күлiп, баласын арқаға қағып, маңдайынан иiскедi.

Абай күлместен, мысқылдай қарайды. Әжесiне жабысып отырып:

– Қалай, құлағың ашылды ма?– дедi.

– Е, көзi бiр өзiне қадалғанда ендi қысылыңқырап, қызарып едi. Бiрақ, көзiнде жайнай жанған от бiлiнедi. Өзге балаларының ажарынан бөлек, қызулы, саналы оты бар сияқты. Ұлжан тартымды болумен қатар, сыншы да ана. Баласының жаңағы мiнезiне бiраз ойлана қарап отырды. Биыл денесi өскелеңдеп қалған баласы, мiнез жағынан да ересек тартқан сияқты. Ұлжан көппен бiрге күлген жоқ едi. Ендi байқай отырып, ақырын мырсеттi де:

– Балам-ау, қаладан молдалық әкелдi десем, нағашыңа тартып қайтқанбысың, немене?– дедi.

Қырын отырған әкесiнiң үлкен кесек пiшiнi Абайға жартылай ғана көрiнедi. Түсi суық. Қара сұр жүзiне бозғылданып түгi де шығып алыпты. Жалғыз өзi ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зiл бар. Кейде Абайға қызық көрiнетiн бiр мақалдар, мәтелдер айтылып кетедi. Абай әкесiнiң сөз желiсiн, түп мәнiсiн түсiнген жоқ. Кейбiр  Әкесiнiң ат жақты келген, ұзын сопақ басынан құлақтан жоғарғы жерi жұмыртқасындай көрiнедi. Онсыз да ұзын, үлкен бетiне, ұп-ұзын боп дөңгелей бiткен

сақалы қосылғанда, басы мен бетi бiр өңiрдей. Сонда, Құнанбайдың жалғыз сау көзi, оның

көтерiңкi жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы

өңiрдi қалт етпей күзетiп тұрған сияқтанады. Қоя берiп, салғырттығы жоқ сергек қатал

күзетшi.

2-топқа ұсынылатын эпизодтар

1-эпизод

Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесiле, сыздана қарайды. Кiрпiгiн де сирек

қағады. Иығына бота iшiгiн жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай, осы үйде

әркiмге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйiндiкке ғана қадалып сөйлейдi.

Сақал-шашы бiр реңдес, қара бурыл Сүйiндiк оқта-текте бiр қарап қойғаны болмаса, Құнанбайға тесiле қарамайды. Көзiн төмендете бередi. Абайға оның пiшiнi – көп

кездесетiн, әңгiмесi аз пiшiн сияқты. Бөжей де оншалық өзгеше емес. Түсi ақ сұр келген, өзi қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей - осы отырғанның бәрiнен де сұлу. Бетiнде

ажымы да аз. Бiрақ, Абайдың көзiн оған көп тартатын бiр нәрсе - мұның бiтiкшелеу, кiшкене келген көздерi.

Құнанбай ұзақ сөйлеп отырған кезде Бөжей қыбыр етiп қозғалған жоқ. Көзiн де төмен салған қалпынан бiр көтермедi. Сондықтан оның ұйықтап отырғаны, я ойланып отырғаны мәлiм емес. Қалың еттi, салбыраңқы қабағы кiшкене көзiн көрсетпей, тасалап алған сияқты. Құнанбайға бұлардың iшiнен көз алмай, қырандай қарап отырған - дәл төрдегi Байсал. Қызыл жүздi жирен сақалды Байсалдың денесi iрi, қапсағай. Көкшiл түстi үлкен көздерi – әрi салқын, әрi сыр берместей сабырлы.

...– Ей, Сүйiндiк, – деп киiп кетiп ұрыса сөйледi, – албасты да қабаққа қарай басатын.

Қыры жоқ, қасиетi жоқ басшы болса ыбылыс, жын иектемей нетедi. Адал десек, аман

десек, жан берейiк, ақтайық, ақыретте айыбын өз мойнымызға алайық. Бiрақ, меңiң екi бiрдей жаным жоқ. Майысар болсаң, жаныңды да берерсiң. Беремiсiң, жаныңды?!– деп

сарт етiп өзiне жабыса түстi. Сүйiндiк Құнанбайдың бағанадан бергi зiлiне ендi ызалана

бастап едi...

2-эпизод

Сүйретiле баражатып, Қодар зор дауыспен барынша шырқап:

– Ақ, қарамды тексермедiң бе, өңшең қан жұтқан, қара бет?!– деп, қанталаған көзiмен

Құнанбайға бұрылып, атып жiбергендей қарады.

Бiрақ, осы кезде мойнына шылбыр түсiп қалып едi. Төрт жiгiт жетектеп жылдам

тартып, анадай жатқан қара атанның оң жағына апарды. Басына қап сияқты бiрдеңенi жаба салды. Бес-алты кiсi тапжылтпай, түйенiң қабырғасына басып, жығып ұстап тұрды.

Қодар тағы лағнат айтып айғайлай берiп едi. Сыртынан бiр қатты күш тарпып, серпiп жiбергендей болды. Тұрып бара жатқан түйенiң қабырғасы қаққан екен. Осыдан әрi мойнынан "лық" етiп, темiрдей қысып, жанын суырып әкетiп бара жатқан таудай ауыр күш басты. Жалған жапырылып, үстiне кеп құлады. Көзiнiң оты жарқ еттi де, сөнiп бара жатты, жиында жиында үн жоқ. Түйенiң ар жағына Қодармен тең қып асқан Қамқа, түйе тұрысымен, бiр сәтте үзiлiп кеттi. Оны бәрi көрiп тұр. Қодар бiр жиырылып, бiр созылып, тез өле алмады. Батырға бiткен зор денесi, созылған уақытында, бұрынғысынан да ұзарып нар түйенiң бойына теңелгендей, аяғы жерге тиер-тиместей болды. Түйенi тұрғызып бiрталай ұстап тұрғанда, жиын әлi үн қатпады. Екi жанның өлiм азабын өз үстiне арқалап тұрған түйе де үнсiз. Дәтi шыдамаған Байсал кейiн бұрылып, шетке шығып кеттi. Сөйлегендер болса, сыбырмен ғана сөйлейдi. Қаратай Бөжейге күбiр етiп:

– Өле алмай қиналды-ау, бақыр! Бишараны жаңа бiлдiм, арыс екен ғой!– дедi.

Бөжей мұның бетiне қатты сұрланған жүзбен, ажырайып қарады да:

– Арысыңды, ендеше, арыстан жедi, – деп сырт айналып кеттi.

Жұрт сыбырлап:

– Өлген жоқ, әлi өлген жоқ...– десе бердi.

Қодардың денесi шынында әлi де тiтiркенгендей дiрiлдеп қап, кейде тартыла түсiп

қояды. Құнанбай жұрттың күбiрi көбейiп бара жатқанын ендi сездi. Өлтiргеннен де қинау бататын тәрiздi. Ол қолымен қатты ишарат қып, түйенi шөгер деп бұйырды.

Түйе шөккенде Қамқа серейiп сұлқ түстi де, Қодар өлмеген екен, бүктетiлiп түстi.

Сол арада жұрттың есiн жиғызбастан, Құнанбай қасындағы құзды көрсетiп: Шық алып, мынаның басына! Құлатыңдар содан кәпiрдi! Бiтсiн сонымен!– дедi.

Бағанағы Қамысбай мен сол жiгiттер, үнсiз Қодарды түйенiң үстiне көлденең салып, арқанмен байлады да, тау басына тарта жөнелдi. Бұл құздың арғы сырты жазаң. Көлбей бiткен бетегелi жазаң болатын. Тосып тұрған жұрттың iшiнен бiрен-саран дәтi шыдамағаны сусып, кетейiн деп едi, Құнанбай:

– Ей, тарқама түге! Тоқта былай!– деп саңқ етiп зiлдi бұйрық бердi. Жұрт қайта иiрiлдi.

Аздан соң құздың басына ереуiлдеген жаяулар шықты да, ойдағы жиынға қарады.

Құнанбай түрегелiп, оқшауырақ шығып, қолын төмен сiлiктi, "таста" дегенi. Жоғарыдағы төрт жiгiт, Қодар денесiн қаумалап, iлгерiлi-кейiндi толқытып тұрып, бiр кезде тастап жiбердi. Бұл тас - бауыр жағы ойылғандай шұқшиған тас едi.

Азап пен қорлық шеккен, онсыз да өлi дене, жолшыбай бiр тасқа соқпастан тұпа-тура

ағып кеп, ауыр салмақпен күрс етiп бiр-ақ түстi. Қазiр де шоқтай жиылып қалған топтың қақ қасына кеп құлады. Шетiрек тұрған кiсiлерге естiлгендей боп, ақырын ғана күтiр етiп сүйек-сүйегi сына түскендей болды. Дәл осы кезде Жексен аулына төменгi тоғай iшiне шығып, қатты жүрiп кеп, екi салт атты түсiп едi. Денелерi ықшам, бiреуi бала бейнелi. Олар аттарын шеткi үйге байлай сала, жылдам басып келе жатқан Абай мен Жиренше болатын.

3-эпизод

Құнанбай:

– Әлi жаны шыққан жоқ. Ендi анау кәпiрден өз жанымызды ақтап, аулақ әкету үшiн, қырық рудың қырық кiсiсi кесек атсын. Ал, осы жиындағы әр атаның баласынан бiр-бiр

кiсi кесек алыңдар қолдарыңа!– деген.

Өзi алдымен алды да, Бөжей мен Байсалға қарап жердегi тасты нұсқап: "алыңдар"!–

дедi. Бұйыра айтты. Аналар бағынды да тас алды.

– Мiне шариғат бұйрығы. Атыңдар кесектерiңмен!– деп, алдымен өзi лақтырып, Қодардың жонынан ұрды. Бөжейлер алған кезде тасты бiреу алып, бiреу алмай

тартыныңқы едi. Жаңағы дабырлаған дауыс сол тас алдырып, ұрғызудың бұйрықтары екен.

Абай жеткенше жұрт бiрi артынан бiрi тас жiберiп ұрып жатыр. Топтың шетiне Абай келе бергенде, Жиренше қолынан ұстай алып, бетiне бетiн тақап:

– Ананы қара! Мынау ұрғалы жатқан шалды қара! Осы Қодардың жақыны. Өзi шал.

Өзi Борсақ. Жексен! Бұған не жоқ екен, көк төбетке!?– дедi. Абайға нағыз өлтiрушi осы сияқтанды. Ентелей ұмтылып, Жексеннiң желке жағынан тақай бергенде, Жексен Қодардың өлiгiне қарап:

– Кет, бәлекет, жүзi қара! Кет!– деп, үлкен кесек тасты жiберiп қалды. Қодардың денесiн Абай жаңа көрiп едi. Бас сүйегi мылжа-мылжа болыпты. Жүрегiне қан төгiлгендей қайнап кеп:

– Өй, кәрi малғұн!– деп, Жексендi желкеден қойып жiбердi.

Жексен Қодарды ұрған бiреудiң топшысы тидi ме деп сырт айналып қарағанда:

– Не деген имансыз едiң, кәрi төбет?!– деп тұрған Құнанбайдың баласын көрдi. Абай

сырт айналып кете берiп едi, Жексен бұған зекiп:

– Өй, бала! Ой, сен өзiң?– деп тұрып дауыстап:– Мен бе екен? Ер болсаң, әне...

Әкең!- дей бердi.

Жұрт. "О не, о не?" десiп жатты. Абай жылдам басып атына жеттi.

Белдеуден атын шешiп жатып, осы үй iшiнде жылап отырған көп жанның үндерiн

есiттi. Әйелдер көрiнедi. 

3- топқа ұсынылатын эпизод

1-эпизод

Дауыстап жылады. Жиреншеге бiлдiрмеймiн деп, әлi де ағызып шауып келе жатқан. Сол шабыс қосылды ма, болмаса өзiнiң бала көңiлiнiң сенделуi сондай ма, Абай бiр уақытта жылау үстiнде лоқсып-лоқсып булығып кеп, құсып-құсып жiбердi. Аш өзегi ақтарылғандай. Жаны да, денесi де қатарынан қатты азап шектi. Бiрақ сонда да тоқтаған жоқ. Аттың жалын құшып алып, тек қана құлап қалмасты ойлап, шаба бердi. Жиреншеге жеткiзбеген күйiнде Көлқайнарға жетiп, шешесiнiң үйiне кеп түстi. Ұлжан тыста тұр екен. Баласы үйге тақа Ұлжан тыста тұр екен. Баласы үйге тақай бергенде, өңiне көзiн салып, тiксiнiп қалды. Абайдың түсi құп-қу, қатты өзгерген. Тiптi Абай сияқты емес. Ұлжан: көзiм бұлдырап тұр ма?– деп, кiрпiгiн жиi қағып, қайта қарады. Абай. Бiрақ, тiптi жат реңдi. Баласы атын байлап қасына келгенде, жаңа байқады. Көзi де қып-қызыл боп iсiп кетiптi.

– Өй, Абайжан, қарағым, не болды? Бiреу тиген бе?– деп, iшiнен "әкесi ұрды ма?" деп

те ойлап қап едi. Далада өзге кiсi жоқ екен, Абай үндемей шешесiн құшақтай алды да, бауырына кiрiп, өзiнiң ып-ыстық басын анасының төсiне басып, жабысып тұрып қалды. Жетiмдiктен құтқарғандай анасы бар екен! Жылау артынан ықылық атқандай, денесi дiрiлдеп, солқ-солқ еттi. Бiрақ бұл кезде Абайдың көзiнде жас жоқ-ты. Бәрiн жылап тауысқан. Ендi жыламасқа, көз жасын ешкiмге көрсетпеске бекiнiп, iштен қатты түйiнiп алған.

– Жөнiңдi айтшы, қарағым, не болды? Әкең ұрды ма?

– Жоқ, ешкiм де ұрған жоқ, кейiн айтам. Апа, төсек сап бершi, жатқызшы!- деп Абай

шешесiн құшақтап қысқан бойда, үйге қарай аяңдады.

Сабырлы Ұлжан осыдан әрi еш нәрсе сұрап тақымдаған жоқ. Үйде әжесiн де, өзгенi де үркiткен жоқ. Абай жайын бiр жанға бiлдiрмедi. Үлкен ақ үйдiң оң жағына әкелiп, әжесiнiң жер төсегiн жайлап бердi де, шешiндiрiп жатқызып, өзiнiң мол пұшпақ iшiгiмен жауып, қымтап қойды.

Әжесi:

– Немене, қарағым? Ұшындың ба әлде, – деп бiрдеңе бiлгiсi келiп едi...

...Ойбай, бау-рем Абай!– деп қойып, сұңқ еттi. Абай басы ауырып жатса да, ерiксiз күлiп жiбердi.

Оспан ендi байқады. Шешесiнiң үлкен, толық денесi қайта қозғала бастады. Ол тұрғалы жатыр екен. Тағы бiр тықырдың болатынын бiлiп, шешесi тұрып болғанша Оспан төсектен ырғып түсiп:

– Ойбай, бау-рем Абай, Абай! Абай!– деп есiкке қарай атқып бердi. Шешесi тұрып алып ұмтылайын деп едi, болмады.

– Әй, кiм барсың? Ұста! Ұстап әкелшi жындыны!- деп едi. Оспан есiк алдында

қайқаңдап, секiре-секiре түсiп, шеткi үйлер жаққа қарай зыта жөнелдi. Тыстан шешесiнiң

бұйрығын естiп, мұны ұстап келгелi тап берген үлкен ағасы Тәкежанды көрiп қапты.

Абай осыдан бiрталай, ұзақ ауырды.

2-эпизод

Биыл Абайдың жасы он үшке толған едi. Денесi де бiр аралық кейiпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы едi, биыл бiраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесi баладан гөрi iрiлеңкiреп, бала бозбалалық қалпына бейiмденген. Бiрақ, әлi сол мүсiнде үлкендiк жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңi солғын, бойшаң ғана өсiмдiк бейнелес. Бұрын қара болушы едi, бетiнiң қызылы да бар едi. Қазiр де қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуiр бозғылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрiнедi. О да ауырғандық пен күн көзiнде болмағандық белгiсi.

Абайдың осы сияқты қалпына ендiгi мiнез машығы да бiр алуан боп өзiнше үйлестi. Ол атқа мiнiп жүруге жарағанымен үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрi басқа бiр ермек, бөлек бiр дос тапты. Онысы, әсiресе, әжесi. Одан қала берсе шешесi. Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесi бiр түрлi шебер әңгiмешi екен. Қызық сөйлейдi. Әңгiмесiнiң барлық жерiн дәмдi қып, қызықтырып айтады. Әуелi Абай ауыра бастағанда бiр күнi кешке ұйықтай алмай жатып, әжесiнен әңгiме айтуды сұрады. Сонда, ол ойланып отырып:

– Е-е. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кiм өткен?– деп, кiшкене тақпақтап

бастап едi. Абай соны ұғып қапты. Келесi жолы әңгiме сұрағанда әжесiн тiзесiнен ақырын

қағып:

– Е-е. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрыңғыда кiм өткен?– деп, тағы да әңгiме

тiлегенiн бiлдiрушi едi. Әжесi әуелде көп-көп ертектер айтқан. "Едiл-жайық", "Жұпарқорығы", "Құламерген" бәрi де айтылды. Оның әңгiмелерiн түсте де, кешке де, тiптi көш бойы да Абай айтқыза

беретiн болды. Бертiн келе, тәуiр болып алған соң, әжесiнен тағы бiр әңгiмелер тапты. Ол осы ел iшiнде Зеренiң жасынан бергi көргенi, естiгенi жайындағы әңгiмелер. Ел мен елдiң шабысы, таласы жайында бiрталай күндер айтты. Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Найманның осы елге, осы ауылға шапқанын, сонда Бостанбек деген өзiнiң асыранды баласы өлгенiн және Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсiп, жыл жарымдай кiсенде жатқан Қожамбердi деген ақын жайын айтады. Соның көп өлеңiн шұбыртады. Басқа да "Қарашоршапқан" сияқты шабысты, жортуылды айтады. Тағы бiр күндер Мамыр, Еңлiктей қыздардың қайғыларын да айтып бердi. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесi шаршап, айтпай қойса өз шешесiне жабысатын. Ұлжан да көп әңгiме бiлушi едi. Және көбiнесе, өлеңдi, бiлдiрмей, сақтап жүрген зейiнiне таң қалады. Нелер ескi заман жырларын, айтыс, өсиет әзiлдерiн де көп айтып бередi. Екi анасын көңiлдендiрiп тағы айтқызу үшiн кейде өзi де қаладан әкелген кiтаптарының iшiнен: "Жүсiп-зылиха" сияқты қиссаларды оқып бередi. Әндетiп мақалдап қояды. Шешелерiне ұғымсыз болған түрiк тiлiнiң жеке сөздерiн жолшыбай

қазақшалап отырады. Осымен қайта көңiлдендiрiп алып, ескi әңгiмелердi тағы айтқызады.

3-эпизод

Қонақтармен жай сұрасып, амандасып болған соң Ұлжан Абайға қарап жымиып:

– Ал, балам, әжеңмен екеумiздi қажай берушi едiң, әңгiме-жырдың дүкенi мiне, жаңа келдi. Мына кiсi Барлас деген ақын!– дедi.

Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбеттi келген, зор дауысты ақ сары кiсi Барлас Абайға салғаннан ұнады. Бiлгенiн iшiне бүгiп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес. Барлас iле сөйлеп кететiн жарқылдақ, ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген, ауыл адамы сияқты.

– Е, балам, "шешенiң судай төгiлген, тыңдаушың бордай егiлген" дегендей, сөйлеудi де, тыңдауды да сүйген ел – ел-дағы. Тыңдауға өзiң жалықпасаң, айтуға Байкөкше жалықпас!– деп, жас жолдасына қарап күлiп қойды. Жайлауға келiп қонғалы бөгде қонақтар келгiш едi. Барлас Сыбан болатын. Жайлауға қоныстары жақындаған соң жылдағы дағдысы бойынша осы ауылдарға амандаса келген

екен. Жолшыбай, Мамай iшiнен Байкөкше қосылыпты. Ол Барластың ақын шәкiртi. Жылда осылайша қасына ерiп, бiрнеше айларды бiрге өткiзущi едi. Үй iшi тегiс қош алған соң, екi ақын да оңай шешiлдi. Осы түнде ас пiскенге шейiн Барлас "Қобаланды батыр" жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да, кiтап iшiнен де өмiрi естiп бiлмеген ең бiр сұлу, ең бiр әсерлi, күштi жыры осы едi. Барлас жырын бiтiрiп, қол жуғалы қамданған уақытта Абай:

– Мұны айтқан кiм? Осы өлеңдi шығарған кiм екен?– деп, бағанадан берi өзiн

сүйiндiрген ақынның атын бiлмек едi.

– Әрiден келе жатқан деседi-ау, балам, бұның түбiн...– дедi.

Қобландының қоштасқаны, Тайбурылдың шабысы, Қазан мен Қобландының жекпе-жегi Абайды, әсiресе, елтiткендей болатын. Жатқанда көпке дейiн қызып, ұйықтай алмады. Ертеңiне Ұлжан Барлас пен Байкөкшенi жiбермедi.

– Жүрмеңдер, асықпай әлi бiраз күн қонақ боп жатып кетiңдер, - дедi. Бұл Абайдың тiлегi. Абай бұрын тағлiм, үлгi - кiтапта; бiлiм, өнер - медреседе ғана деп түсiнетiн. Оған, дастан шеберi – Низами, Науаи, Фзулиде; мұң нәзiгi – Шайх-сарди, Хожа-хафизде, батыр жыры – Фердаусиде көрiнетiн.

Қазақта нелер "Баян көрпеш", талай "Ақбала боздақтар" барын анық бiлмеушi едi. Тiлi ұғымды, өмiрi таныс болғаннан ба, немесе Барлас пен Байкөкшенiң кезектеп Барлас, бiр оңашада, жай ғана тақпақтап:

Шырағым, ер жетерсің,

Ер жетсең сірә не етерсің,

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң шыңға жетерсің,-

деп кеп Абайға домбыраны ұсынды.

– Мiне, балам, осы менiң батам болсын. Тiптi, шынымен мейiрiм түсiп айтқызып отыр, – дедi. Абай ыңғайсызданып қысылды да, үндемедi. Бұл "Барластар ертең жүредi" деген түнде, ас алдында болған сөз едi. Ертеңiнде ақындар аттарын ерттеп, жүрерге тақағанда, Абай шешесiн тысқа шығарып алып:

– Апа, екеуiне де жақсы қып тұрып сый берiп аттандыршы, – дедi. Ұлжан үндеген жоқ. Қонақтар қымыз iшiп болып, ендi қоштасарға келгенде Ұлжан Барласқа қарап бiр сөз айтатындай пiшiн бiлдiрдi. Қонақтар iркiлiп қалған едi.

– Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп, арыла алмай қойып едi. Сендер

келгелi жақсы сөздерiңмен ем әкелгендей болдыңдар. Қадамы құтты. Қонақ болдыңдар!– дедi.

4-топқа ұсынылатын эпизод

1-эпизод

Күзеуден жетi көшiп отырып Қызылшоқы, Қыдырға, Көлқайнарға жеткен Құнанбай ауылдары ендi осы аралардағы қыстау-қыстауына тарамақ болатын. Бiрақ кеше таңертең Құнанбай бұйрық етiп:

«Хабар алмай көшпесiн, тарамасын!» дептi. Өзi қасына Майбасарды ертiп Шыңғысқа кетiптi. Жер алыс болмаса да, Құнанбай күн ұзын ат үстiнде жүрiп, кешке ғана қайтты. Келiп түскенi, бәйбiшесi Күңкенiң ауылы едi. Мұнда бүгiн сыбаға әкелген әйел қонақтар көп екен. Iшiнде Құнанбайдың тоқал шешелерi Таңшолпан бар. Ақбердiнiң шешесi бар. Және кәрi жеңгесi Бопай да келiптi. Күнкеге бiрi келiн, бiрi абысын есептi Ырсайдың шешесi, Жұманның шешесi, Жортардың шешесi сияқтылар да бар екен.

Өзге жұрттан бөлiнiп көшкен бұл бiр топ ауылдар – шетiнен Ырғызбай руы. Ұзын саны жиырма шақты ауыл. Көпшiлiгi Ырғызбайдың тоқалдары мен Өскенбайдың тоқалдарынан тараған туысқандар болатын. Осы абысын, жеңге, келiн атаулының бiр машығы – жылына екi мезгiл Құнанбай үйлерiне сыбаға әкелушi едi. Бiр сыбаға көктемде. Қыстай қыдырып араласа алмай жүрсе, жазғытұры ең алғаш сыбайлас қонғанда, Зере отырған үлкен үйден бастап осы Күңкенiң үйiне де бiр-бiр келеді. Қыстан сақтап шыққан сүрiлерiн әкеледi. Екiншi рет, қазiргiдей қыстау-қыстауға айырыла көшерде әкелетiн. Құнанбай кеп түскенше, жапырлап сөйлеп, күлiсiп, әзiлдесiп жатқан әйелдер, Құнанбайға Майбасар кеп есiк ашқанда, жым-жырт бола қалды. Еркектер төрге кеп отырған соң, тек Таңшолпан ғана:

– Мына шешелерiң, жеңгелерiң сыбаға әкеп, ендi тарағалы отыр, қарағым. Кәрi әжеңнiң орны бiр басқа. Онiкi өз бетiмен барып жатыр! – деп, Зеренi де есiне алды. Барлық үлкен-кiшi Зеренi «кәрi әжең» дегендiктен Таңшолпан да соңғы жылдар өз күндесiн осылайша атайтын боп едi. Құнанбай үндеген жоқ. Таңшолпан өр шешенiң бiрi едi. Келiншек кезiнде, жылқыға жау тигенде, жайдақ атқа мiнiп қолына найза ала шапқан ерлiгiн жұрттың бәрi бiлетiн. Өзiнде үйелмен-сүйелмен төрт ұл бар. Ондай көп ұлы бар тоқал, өзiнен-өзi өр боп кететiн әдетi, Таңшолпан Құнанбайдың үнсiз отырғанын жақтырмай, бiр ырғалып қойды да:

– Сыбағаны Күнкеге әкеп отырғанымыз жоқ. Балам да болсаң бас болдың, саған Құнанбай – өз басы бiр шешеден жалғыз, бәйбiшенiң жалғызы. Қара шаңырақ иесi. Қалың дәулет пен әмiр, билiк иесi. Жасқа да көп туысынан өзi үлкен. Сол себептi, үлкен әкесi Ырғызбайдан тараған осы мына жиырма ауылдың мынандай топтарының iшiнен бiрде-бiр жан әлi күнге Құнанбайдың алдынан көлденең шығып көрген емес. Тiптi, өкпе-назы болса да, ашып-жарып айта алмайтын. Ал, бiрақ Құнанбай сойыл соғарды, қол қимылды, тiзе мен ызғарды керек қылған жер болса, бұл қауымның iркiлетiн бiрi жоқ. Шоқтай жиын – мықты топ. Жер алуда, ел алуда, оңайдан мал табуда бұлар Құнанбайдың қабағын қалт еткiзбей түсiнедi.

2-эпизод

Бiрнеше көштердi сай-саймен өз жолдарымен жiберсе де, Сүйiндiк, Жексендер бастаған еркектер тобы жұбын жазған жоқ. Бiрталай қалың көштердi арттарына салып ап, тура Қарашоқының тоғайлы өзенiне кiрiп, соны өрлеп келедi. Қодар құлаған құз жартас та көрiндi. Соның етегiндегi кең шалғын тегiс орылып, мая-мая боп үйiлiп қапты. Жексен қорасының үстiне қаптаған сиыр, түйе, жартастан жоғарылай қонған көп үйлi ақ ауыл. Түтiнi будақтап, қой-қозысы шұбартып, бықып жатыр. Бұл ара ендi Жексен қыстауы емес. Осы мына отырған ауылдың мекенi болғанға ұқсайды. Жартастан берi, Сүйiндiктердiң қарсы алдында, қалың жылқы ендеп, жайылып келедi. Екi шетi сайдың екi жақ иығындағы сар тұмсықтарға шашырай шығыпты. Iшiнде шұбары мен құласы көп, Құнанбай жылқысы.

– Құдай ұрды десеңшi! Қарағым Сүйiндiк-ай, ендi қайттiм?– деп, Жексен көзiне жас

алды.

– Жайлауыңды жау алды, қыстауыңды өрт алды, – деген сұмдық осы да!– деп, құр күрсiнгеннен басқа Сүйiндiк түк айта алмады. Жат сыбысты естiгенмен, дәл мұндай болар деген ой бұл топтағы кәрi-жастың ешқайсысында да жоқ едi. Бұлардың iшiнде, әсiресе, күйгенi Жетпiс болатын.

– Бiр Жексен емес, бар Бөкеншi, бар Борсақтың жерiн бiр-ақ басып алған ғой. Бұл қорлыққа шыдағанша өлген артық!– дегенде, Бөкеншi, Борсақтың тағы бiрнеше жас жiгiттерi аттарын тебiнiп, iлгерi шыға берiстi.

– Жер ашуы – жан ашуы!

– Бұдан арғы амандық садағам!

– Бөкеншi, Борсақ құмадан туып па.?

– Қашанғы шыдаймыз?

– Қорқа, қорқа тапқаның осы ғой!

– Бұға, бұға болдыңдар ғой осы!

– Етек басты қып. Өлтiрдiңдер ғой осы, сендер-ақ!– деп бәрi де Сүйiндiк, Сүгiрге

қадалды. Сүйiндiк бұл сөздердi өз басына тиген қамшыдай сезiп, қатты ширықты. Ерiк берсе осы топ мыа бейбiт жылқыға тиiп кетуден де тайынатын емес. Бiрақ жаңағы сөйлегеннiң бәрiн байқап қараса, шетiнен аталы ауылдың адамдары емес. Бұлар жоқ-жiтiк шаруа көрiнедi. Атақсыз көпшiлiк. Бұлар бiр қимылды iстеуiн iстеп тастайды. Бiрақ салмағы кiмге түспек? Бәрiн бастап кеп, жылқыға тиген, ауылға шапқан Сүйiндiк болады ертең. Осыны ойлағанда Сүйiндiк сескенiп, шошып кеттi. Малмен де, баспен де жауап беретiн осы Сүгiр, Жексен үшеуi болмақ. Ол атының басын iркiп тұра қап, қатты зіл тастап:

– Әй, жігіттер, тоқта былай! – деді. Жұрттың бәрі іркіліп, соның аузына қарады.

– Сөздерiңнiң түрi мынау болса, бәлеңдi аулақ тарт! Мен бұл тобыңда жоқпын! Бар әне, бара бер! Құнанбай сенiң шошайған жиырма сойылыңнан қорқар деп пе ең? Қорықса бүйтер ме едi? Сен жиырма болсаң, ол жүз, сен жүз болсаң, ол мың болады, әне!-деп, ауылға қарай иек қақты. Жұрт жаңа байқады. Ауыл мен жартас жақтан және екi жағадағы жота-жотадан мына қалың жылқыға қарай жай бастырып келе жатқан көп аттылар бар екен. Бәрiнiң де сойылы бар. Бiреулерi көлденең ұстап, кейбiреулерi тақымына қыстырып, немесе бiлектерiне iлiп, сүйретiп алыпты. Кем қойса, жүз қаралы сойыл соғар. Бәрi де аз уақытта жылқының iшiне кiрiп, ендi бастары қосылып, Сүйiндiктерге таман жылжып келедi.

3-эпизод

Малдасын құрып отырған Қамысбай да жалма-жан тұра берiп едi. Үркiмбай, барлық осы үйдегi өз жiгiттерiне ақырын, бұйрық етiп:

– Ұста! Сой екi иттi!– дедi.

Жұмағұл да, Қамысбай да арпалысып, айғайлап, боқтық астына ала бастады. Бiрақ он жiгiт ырық бермедi. Үндеместен жабылып, екеуiн алып-алып соқты да, тiзерлеп басып-басып алды.

– Байдалының жауабы сол. Екi иттiң бауыр сыртынан дүренi соғып-соғып, Майбасарға қып-қызыл жоса қып қайтар, – дедi! Ал! Тұр бәлем!– деп кеп, Қараша Қамысбайдың басына өзi мiнiп алып, құйрығы мен жонынан шықпырта бердi. Жұмағұлды Үркiмбай мен өзге жiгiттер де сондай сабады.

Екi атшабар таяқты Жiгiтектен мейлiнше жеп алып, беттегi қызыл жоса қандарын айғыз-айғыз қылған бойында, сүртпестен шапқылап отырып, Қарашоқыдағы Құнанбайдың алдына тура кеп кiрдi.

Құнанбайдың қасында Байсал, Майбасар бар екен. Және Құлыншақтың батыр ұлдарынан Наданбай, Манас отыр. Ырғызбайдан - Жұман, Төлепбердi, тағы да басқа үй

толы жiгiттер бар екен. Құнанбай әуелi үн қатпай сазарып отырып барып, аздан соң екi атшабардың бетiне нұсқап отырып Байсалға: Мiне, көрдiң бе? Қайтiп ағайын болайын? Мына қамшы мыналарға емес, маған жұмсаған қамшысы ғой Бөжейдiң. Тұр тегiс!– деп, бар жiгiтке қатты ақырып бұйрық

бердi. – Қазiр барыңдар да сол өз үйiнде сабатқан Үркiмбайды қол-аяғын байлап тұрып, дәл менiң алдыма сүйретiп әпкелiңдер!- дедi.

Басқа бiр кiсi бiр ауыз сөз айтқан жоқ. Құнанбай да мұнан әрi ләм деген жоқ. Он жiгiт атқа мiне-мiне шаба жөнелдi. Iшiнде Құлыншақ балалары бiрге кеттi. Осы топ ымырт жабыла Үркiмбайдың аулына жетiп, барлық ауылдың еркектерiн бықпырт тигендей сабап жүрiп, Үркiмбайды өз үйiнен сүйреп алып шықты. Үркiмбай үйде қарсыласқанмен, таяқ тиетiнiн байқаған соң, ендi қайтып үн қатқан жоқ.

Бетiнде жалғыз тамшы қан жоқ. Ашудан көкпеңбек боп, булығып алған едi. Ернiн тiстеп, қабағын тастай түйiп ап, шыдай бермек болды. Тыста мұның қолын артына байлап, бiр семiз шабдар атқа мiнгiздi де, артына Төлепбердi қарғып мiнiп алды. Ашулы топ Қарашоқыға қарай тасырлатып, шапқылап жөнелдi. Қазiрде қас қарайып, iңiр қараңғысы әбден болған екен.

Бұлар Шыңғыстың қалың iшiндегi Үркiмбай қорасынан төмен беттеп, өзендi бойлап шауып келедi.Аз уақытта өзендi кесiп өтетiн бөктер жолға жеттi.

5-топқа ұсынылатын эпизод

1-эпизод

Асығыста Бөжейдi топшысымен қағып, өтiнiш етiп:

– Мынау соқыр аяйын деп тұрған жоқ. Тағы да түбiмiзге жеттi ғой. Атамын! Жайратамын!– деп, шақпағын шаға берiп едi. Бөжей оны қатты серпiп жiберiп, тоқтатып:

– Атпа, тарт былай! Аруақ бары рас болса, бұдан келген кердi көрермiн!- дедi. Бұл

кезде Құнанбай айғай салып, бұйрық берiп:

– Алып шық шеттерiнен! Сүйретiп шық iндерiнен! Қол-аяғын байлап ап шық өңшең тоң мойын құлдың!- деп, Майбасар бастаған барлық Ырғызбайды қораға қарай жаяу қаптатты.

Олар есiк-есiктiң алдында iркiлiп қалғандықтан, Құнанбай тағы ақырып:- қапта, түс

аттан!

Қапта тегiс!– деп, Көтiбақ, Топай, Торғай жiгiттерiн де тұтас айдап салды. Байдалы мен Бөжейдiң қасындағы Базаралы, Балағаз, Дәркембайлар қатты-ақ қимыл етiп едi. Бiрақ, қалың нөпiр үркiп кiрген қалың қойдай боп, кернеп басып кеттi. Төбесi аласа қораның iшiнде Базаралы, Дәркембайлар сойылдарын да құлаштап тұрып сермей алмады. Аз-ақ уақыттың iшiнде қалың-қалың топырлар Жiгiтектiң қырық кiсiсiн тағы да ұйпап, жеңiп алды. Жiгiтектердi сүйреп-сүйреп алып шығып жатыр.

Қараша мен Үркiмбайдан бастап, жас жiгiт атаулының барлығын тысқа шығара сала, бес-он кiсi жабыла түсiп, торсылдатып дүре соға бастады. Бетi қан, омырауы мен сырты қан болған Қараша, Дәркембайлар тiлiн тартпай, барлық қарғыстың бәрiн Құнанбайдың дәл өзiне арнап, айғайлап айтып жатыр. Бiрақ көптiң шуының iшiнде ол сөздер Құнанбай құлағына жеткен жоқ. Алып шыққанның бәрiне қарап:

– Саба, сал дүренi! Аяма! Қарсыласады ғой бұл Жiгiтек?- деп, өз бұйрығымен сабатып тұрған Майбасар. Талмастан, бөгелместен қамшы жұмсайтын жалаң қаққан жiгiттер бар. Солардың басы екi атшабар: Қамысбай мен Жұмағұл. Құнанбай алғашқы шыққандарға қарап тұрған жоқ. Оларға берiлiп жатқан жазаны да елеген жоқ. Үлкен қораның үш есiгiнен шығарып жатқан Жiгiтектердiң пiшiндерiне ғана қадалды. Күткенi, тiсiн басқаны бiреу-ақ. Мiне ендi, ең соңында оны да алып шықты. Бұл - Бөжей. Өзгелердей емес. Әзiр қыры сынбаған күйде, өз еркiмен шығып келедi. Бас киiмi –пұшпақ тымағы да өзiнде. Басқаларша үстi де жыртылмаған. Итерiп шағарған да кiсi жоқ.

Тек екi жағын, алды-артын қамалаған Ырғызбай ғана көп екен. Құнанбай атына қамшы басып жiберiп, омыраулатып келдi. Мұның қасында тұрған Байсал да осы кезде қатты тебiнiп, қатарласып кеп қап едi, Құнанбай Майбасар мен Қамысбайға ақырып әмiр етiп:

– Соқ дүренi!- дедi.

Бөжейдi сол сәтте Қамысбай мен Жұмағұл екеуi жағадан алып жұлқып, жығып салды.

– Сал дүренi! Артын түрiп қойып соқ!– деп, Құнанбай қалшылдап кеп, төнiп тұр.

– Көзiң аққыр, көзiң ақсын! Ей, Құнанбай, аруақ қаны. Қарғыс атқыр!– деп, Бөжей

айғай салып едi, осы кезде оны жығып салып, тоны мен шапанын түрiп тастап, Қамысбай

қамшыны қайқайта көтерiп алды. Бөжейдiң етi аппақ екен. Белi мен арқасы ашылып, көлденең жатыр. Барлық қалың жиын дәл осы сәтте жым-жырт боп тына қалды. Қамысбайдың қамшысы сермеген бойында Бөжейдiң арқасына төне бергенде, бiреу келiп, өз денесiмен Бөжейдi жаба бере, құлап кеп түстi. Бұл Құнанбаймен ере келген Көтiбақ Пұшарбай едi. Бөжейдiң Көтiбақ iшiндегi құрдасы, досы болатын.

– Уа, жеттi, жеттi ғой, Құнанбай! Араша,

 Уа, жеттi, жеттi ғой, Құнанбай! Араша, араша, – деп айғайлап жығылды.

Құнанбай бұған қатты зәрленiп, оттай күйiп, ашуланып кетiп, өз қамшысын иiрiп кеп:

– Соқ дүренi! Өзiне де соқ бұл иттiң!– деп ақырып жiбердi. Сол кезде Құнанбайдың қақ қасынан қатты ашулы айғай шықты.

– Боқты соғарсың!– деп, саңқ еткен Байсал едi. Құнанбай бұған атып жiберетiндей болып жалт қарап тұрып, бұзылған түсiн анық таныды. Бiрақ өз дегенiнен қайтқан жоқ.

– Соқ! Екеуiне де соқ!– дегенде, Майбасар бастаған Ырғызбай мен атшабарлар

батырлатып жөнелдi.

Бөжейге де, Пұшарбайға да қамшы тиiп жатыр.

Байсал ендi өз атын кимелетiп, Майбасарды қаға-маға Пұшарбайды айыра бердi.

Барынша ақырып, айғай салып:

– Көтiбақ! Көтiбақ! Ер, соңымнан, Көтiбақ!– деп ұран салып, бар Көтiбақты бiр-ақ сәтте екшеп алды. Қалың нөпiрмен Құнанбай тобынан лезде бөлiнiп ап, Жiгiтек жаққа шыға бердi. Бiрақ бұл арада оған қосылып, төбелеске шығарлық Жiгiтек тобы мардымсыз. Сондықтан ол Құнанбай қолымен соғысқан жоқ. Осы арада ашумен булығып кеп, Бөжейүшiн, Пұшарбай үшiн, барлық ағайын ел үшiн намысы қайнап, жаны ашып, Жiгiтек жаққа жарқ бергенi анық. Жұрттың бәрiне де бұл жай оп-оңай танылды. Майбасарлар ендi бұдан ары Бөжейдi ұра алмады. Босатып, тұрғызып жiбердi. Бөжей тұрып алып, анадай жерде сырттап бара жатқан Құнанбайға айғайлап:

– Әй, Құнанбай! Мен сенi оқтан аяп ем жаңа, сен менi отқа салдың ба? Осыныңды

ұмытпа!– деп қалды.

Құнанбай Көтiбақтан басқа қалған қолын iрiктеп алып, әлi де қалың нөпiр болып, Қарашоқыға қарай тартты.

2-эпизод

 Осы жолғы мырзаның абыройы бөлек боп тұр-ау!_ деп бастаған Жақып едi. Аға сұлтан Құнанбайды Қарқаралы арызшыларымен бiрге осы Тобықтылар тегiс соңғы мезгiлде Құнанбай демей "мырза" деп атасатын.

– Қызғанған дұшпанның iшi күйсiн! Ертең мешiт те бiтейiн деп тұр. Жұрттың тiлеуi тегiс-ақ бұрылды бiлем бiздiң мырзаға, – деп Майбасар  мазатсып қойды.

– Мешiттiң өзi де келiскен-ақ екен!

– Бұ Қарқаралы көрмеген сәулет қой...– десiп, Бурахан, Төлепбердiлер де сүйсiне

сөйлейдi.

Абай Қарқаралыға келгелi "мешiт" деген сөздi әкесiнiң аузынан да және басқа

атқамiнерлердiң аузынан да көп-көп есiтетiн. Әкесiнiң атақ, абыройын осындай көп

аузына қатты жайып бара жатқан сол мешiт жөнi екенiн де жақсы бiледi.

Құнанбай өткен жаздан берi бұл атраптағы ең бiрiншi мешiттi осы Қарқаралы

қаласына өз әмiр-құдретiмен салғызып жатқан. Сол мешiт бүгiн әбден бiтпек едi. Қала

iшiндегi молда, қалпе атаулы, ел iшiндегi атқамiнер қарт-қария атаулы мешiт салғызғаны

үшiн Құнанбайды шынымен көп дәрiптейтiн.

Құнанбайға екi күн бұрын келiп кеткен қазағуар имам, молда Хасен Саратай да:

– Қарадан хан туған өзiңсiң... Мәсжiдтiң кәлам шәрифтегi бiр исмi Бәйтолла. Хұдай

тәбарака уа тағаланың үйi. Оны надан қауым қараңғы сахара ортасына салған сен, иеннiң

сүйген құлының бiрi боларсын. Ынша алла...– деп, көп атқамiнер, старшын, ұлықтар

алдында алғыс айтып, фатиха берiп едi. Жаңағыдай бұл дүние мен ол дүниенiң берекесiн

бiр-ақ берген хазiретке Құнанбай сол жиыннан қайтар шағында бiр ат, бiр түйе берiп, үйiне апартып салған.

3-эпизод

Қарқаралы деген округтың әмiршiсi - Құнанбай мен осы Майыр. Қазақ округты "дуан" деп, мыналарды бiрде "дуан басы" деп, кейде Құнанбайды "аға сұлтан" дейдi. Құнанбай округты басқаратын приказдың бастығы, Майыр орынбасары болатын. Үшiншi адамы – кiшi сұлтан аталушы едi. Ол қазiр қалада жоқ. Майыр Құнанбайға Бөжей жұмысымен кеп едi. Құнанбайдың жаңағы ашу үстiндеМайырды керек қып отырғаны да сол жұмыс болатын. Құнанбай мұндайда ойдағы жұмысына күмiлжiмей, тұпа-тура кiрiсетiн. Сол әдетiмен тез сөз бастап:

  • Майыр, сенiң атаң аты Тобықты емес едi. Осы Қарқаралыға кеп бауыр тапқаннан

аманбысың? Бөжейдi айдату керек, қағазын дұрыста деп ем. Сары аурудай создың да кеттiң ғой. Соның жан күйерi сен болып, бауыр тартып, бауырың езiлiп жүр ме осы, немене?– дедi.

Тесiле қарап, Майырдан жалғыз көзiн алмай, сызданып отыр. Майыр:"аудар!" деп, тiлмашқа қарады.

Қасқа тiлмаш Құнанбай мен Майырға кезек жалтақтады. Жүгiнген бойында құнысып, қозғалақтай бердi. Бiр жағынан орысша тiлi жеткiлiктi болмаса, екiншi жағынан, екi ұлықтың бiрiне бiрi айтатын ашу сөздi тұпа-тұра жеткiзуден, әсiресе, тайғақтайтын. Әлi бөгелiп отыр. Кейде жер шұқып, кейде қымыңдап қозғақ қағады.

Құнанбай мұның бөгелгенiне ыза боп:

– Ей, тiлмаш, осы саған "әке" дейiн, жарықтығым, тек дегенiмдi түгел жеткiзшi! Iн аузында отырған ақкөт торғай сияқты қылп-қылп еткенiңдi қойшы осы! – дедi. Торғайды айтқанда Майбасар шыдай алмай күлiп жiбердi де, Құнанбайдың ашулы түсiне имене қарап, тәубе қыла қалды. Iшiнен күлкiден өлердей қысылып отыр едi. Абайға да бұл теңеу аса қызық көрiндi. Оның көз алдына: тұрымтай салып жүргенде, iн аузында қылпылдап отыратын шақшақ елестеп едi. Шынында мына сорлы тiлмаш дәл соның өзi сияқты. Бiрақ сөздiң бетi қатты. Күлер жер емес. Абай Майбасардың жаңағы жеңiлтек

күлкiден қысылғанын таныды да, өз бойын тежеп қалды. Тiлмаш бөгеле отырса да, Құнанбай сөзiн жеткiзген едi. Майыр сасқан жоқ. Саңқылдаған зор даусымен қатты сөйлеп, шұбыртып кеттi.

– Әкiмшiлiк өш кiсiден кек алу үшiн берiлмейдi бiзге. Бөжей 

 Әкiмшiлiк өш кiсiден кек алу үшiн берiлмейдi бiзге. Бөжей Ералиновтан түскен

қағаз көп, тексеру керек! Және ол үшiн ренжитiн кiсiлер де көп. Айдатпай тоқтай тұр!-дедi.

Осыдан соң екi жағы да шапшаң сөйлесе жөнелiп едi.

– Сөйтiп арпалыстырып ұстамақсың ғой? Көздегенiң сол ғой?

– Жалғыз мен емес. Бұрын аға сұлтан болған Құсбек, Жамантайлар да солай қарайды. Тiптi, мына Алшынбай бiлетiн Баймұрын да солай ойлайды.

– Олар кiм? Бiрен-саран! Олар аздар! Және күндестiкпен сүйтедi. Көп елдiң көп атқамiнерi менiң сөзiмдi құптайды. Көрмей отырмысың соны?

– Аз болса болсын. Бiрақ закон – патша законы, олардың куәлiгiн де тыңдайды.

Олардың сөзi де жетедi жоғарғы ұлыққа.

– Жеткiзетiн сенсiн ғой! Айыпкердi сен ұстаған соң, бел аспай қайтедi?

– Құнанбай мырза, сен менi айыптама үйтiп! Бұл екi жүздi семсер сияқты жұмыс.

– Бiлемiн. Қоймаңның сырын бiлемiн сенiң!

– Аға сұлтан! Орныңызды ұмытпаңыз! Бiз екеумiздi де көрпiс сайлаған, – деп Майыр трубкасын тұтатып алып түрегелiп, үй iшiнде әрлi-берлi жүрiп кеттi. Ашумен қатты қызарып алған едi.

Құнанбайдың ендiгi жауабын Алшынбай айтқызғысы келмедi. Дуанның екi бастығы бұдан әрi сөйлессе, ұрысқа кететiн түрi бар. Ол орынсыз. Алшынбай өз көз алдында бұған ырық беруiне болмайды. Құнанбай үшiн де және тiптi өзi үшiн де залалды. Ол бағанадан үстелге шынтақтап, қыбыр етпей отырған қалпынан тез шалқайып:

– Ей, мырза! Ей, Майыр! Сабыр етiңдершi!– деп қатты айтты.

Алшынбайды жалғыз Құнанбай емес, Майыр да сыйлайтын. Талай қиын iсте әлденеше рет iстес болған. Әлi күнге түс шайысқан. Жерлерi жоқ. Және Алшынбай өзi ұлық болып көрмесе де, түптеп келгенде, талай старшынды, тiптi кейде аға сұлтанды да сайлаушының ең мықтысы болатын. Оны да Майыр жақсы бiледi. Есептеспеу қиын.

Алшынбай үн қатқанда түрегеп тұрған Майыр Құнанбайға көз қиығын бiр тастап байқап

өттi. Құнанбай да Алшынбайды тыңдайтын тәрiздi.

Майыр танаурап, қатты демiгiп орындығына қайта кеп отырды. Алқымында әлi айықпаған ашу бар едi. Демi дiрiлдей шығады.

– Сендер бұлай шалқиыспаңдар, ұлықтар! Мақұл емес!– деп Алшынбай сөйлей

бастағаннан-ақ, қасқа тiлмаш Майырға қарай қисая түсiп айтып жатыр.

– Бiрiңе-бiрiң серiксiң, ынтымақты болсаң ел билейсiң. Ынтымақсыз болсаң неңдi билейсiң? Өз бәлең өзiңе жетiп, жұрт та қалар, жұмыс та қалар. Ұғысып iстеңдер. Ал, өздiгiңмен ұғыспасаңдар мына бiздей, арадағы кiсiнiң сөзiн тыңдаңдар. Ол жайы сол!–

деп, екi ұлыққа кезек қарап, екеуiнiң де қайтқан түрiн аңғарып ап, Алшынбай:– Ал жаңағы

ақырғы жұмыстарыңа келсек, мына мен осы үйге, Құнанбай мырза, саған, – деп, Құнанбай

жаққа ырғала түсiп, – сол жұмыспен келiп отырмын. Бүгiн кешке шейiн осы жұмыс

туралы рұхсат берiңдершi! Майыр, қазiр сен қайта тұр. Тұрақты бiр жауабын бүгiн кешке

6-топқа ұсынылатын эпизодтар

1-эпизод

Құлыншақ аулы әлi қыстауда екен. Күн жылынған кезде тамнан шығып, қыстау жанына кигiз үй тiгiп отыратын әдет болушы едi. Қарашоқыдағы Құнанбай аулы сүйткенмен Құлыншақ олай етпептi.

Өзiн бала көргенмен, Құнанбай жiбергенiн ескерiп, Құлыншақ Абайды үлкен кiсiдей қарсы алды. Қонақтар отырып амандасып болған соң:

– Уай, қатын, қазан көтер мына қонаққа!– деп бұйрық еттi. Құлыншақтың "бес қасқа" деп атанған, бес мықты ұлы болатын. Олардан қазiр Манас қана үйде отыр. Бұл "қасқа" десе дегендей, еңгезердей екен. Жалпақ маңдайлы, нұр жүздi балуан тұлғалы жас жiгiт Құлыншақтың немересi едi. Үндемей отырып, домбырасын тыңқылдатып тартады да, қонақтарға салқын қарап қояды. Абай Құлыншақтың сабырлы сықағына қызығып күлiп жiбердi. Тартысам деп келген емес. Және әке қарызынан құтылды. Сондайды шапшаң болжап шыққан Абай жаңағы Құлыншақ қалжыңын iле жөнелiп:

– Бақ берген емей немене.

Борсақтан қалған аз жердi.

Менiкi деп тап бердi деңiз!– дедi. Абайдың бұл мiнезiне үйдiң iшi тегiс күлдi. Шай құйып отырған Манастың келiншегi, әсiресе ырза болды бiлем, қып-қызыл боп, қатты күлiп жiберiп, Абайға жалт етiп қарап, тамсанып қойды. Құлыншақ шалқая берiп, Абайға:

– Е, балам-ай, мынау лебiзiң қалай жақсы едi. Тек осыныңды Ақпердi есiткей еттi!– деп, ырза боп қалды. Осыдан Құлыншақ Бетқұдық әңгiмесiн былай қойып:

– Шырағым, осы анада Бөжейге берген жас бала қалай екен? Айғыз бишара жылап қалды деп едi, ол қалай?– деп, Абайдың үй iшiн, Зере жайын, Ұлжан күйiн сұрастыра бастады. Кәмшат туралы Абай ешнәрсе айтқан жоқ, Құлыншақ қайта оралып:

– Айыпқа мал бермедi деп, Бөжей жағы қомсынады бiлем. Сол кiшкене

қарындасыңның күтiмi де келiстi емес деп есiттiм-ау. Айғыз бақыр соны сезiп қайғырады ғой, – деп, қайдағы бiр көңiлсiз, шетiн жайларды қозғай бастады. Абай бұл арада ол әңгiменiң ешқайсысына сыр берiп iшiн ашпақ емес. Құлыншақ

жетектеген сөздерге басқан жоқ. Азырақ үндемей отырып, өзiнше бiр жөн тауып:

– Ақсақал, осы сiздiң балаларыңыздың "бес қасқа" атанатын себебi не? Соның мәнiн ұқтырыңызшы?– дедi. Құлыншақ мына баланың жаңағы сөздерге iлеспегенiн түсiндi де, iшiнен. "байыпты бала-ау өзi. Салмақ бар ғой. Сыр ашпайын деп отырғанын қарашы. Бұған да үйреткен

екен"...– деп ойлады. Алғашқы сөздерiн тастап:

– "Қасқа дегенi – батыр деп айтқаны" деп болмайды ғой мыналар түге. Жөнiн мынаның өзiнен сұрасаңшы, – деп Манасты нұсқап қойып:- батыр боп кiмдi мұқатып жүргенiн кiм бiлсiн. Әйтеуiр қолтыққа дым бүрку ғой. Болмаса, анау бiр кезде Бөкеншi, Борсақ "Қарашоқыны бермеймiн, өлiсем" деп келгенде, әкеңнiң жалғыз ауыз сәлемiн есiтiп, осы бес баламды ертiп барған мен едiм. Сонда иесi кетiп жатқан иен жерден тым құрыса бiр құдық тиер деп ем. Тигенi мынау ма? Қасқаның тұмсығы тасқа тигенi осы да!- деп алғашқы сөздерiне тағы бiр оралып соқты.

– Бүлiнген елден бүлдiргi алма дегенi қайсы? Бөтен болса бiр сәрi. Бөгде емес, Бөкеншiнi қуып алған кiмге құт болады дейсiз? Өкiнiп қайтесiз?– деп, Абай аса бiр байсалды мәслихат айтты. Манас пен келiншегi осыны жақсы ұғып ұнатса да, Құлыншақ көнген жоқ. Ол осыдан соңғы әңгiмелерде Қсоңғы әңгiмелерде Құнанбайға өкпелi болған кiсiнiң қабағын бiлдiрдi. Абай ар жағынан байқап кеп, Құлыншақтың ойы: "Бөкеншi, Борсақтан жер олжа қылмадым" деген арман екенiн бiлдi. Соны ұғынумен қатар, жерден басқаны, жемнен басқаны тыңдағысы келмеген Құлыншаққа iшiнен наразы боп аттанды. Абай әкесiне Құлыншақтың көнгенiн айтса да, өкпесiн айтқан жоқ. Iстеп келген iсiн қысқа ғана баян етiп едi. Бөлек жерде Құнанбай Қарабастан да сұрастырған. Абайдың айтқан сөздерiн түгел есiттi. Қарабас Абайдың бүгiнгi мiнездерiне ырза екен.

– Балаңыз сөзге ысылып қалыпты. Тiптi бiр үлкен кiсiдей орамды жатыр. Құлыншақ екен-ау, ұтылады екем-ау!– демедi. Қалай болса да тең сөйлеседi!– деп, мақтай бастап едi. Құнанбай "Жеттi, доғар" дегендей ишарат қылды да, Қарабасты тоқтатып тастады.

2-эпизод

Осының ертеңiнде Құнанбай Абайды және жұмсады. Қасына тағы сол Қарабасты қосып, ендi Сүйiндiкке жiбердi. Сүйiндiк аулына Абайлар ел орынға отыра келдi. Өз қыстауынан айрылып, қарауылдың бас жағын – Түйеөркеш деген жердi қыстаған Сүйiндiк аулы қазiр тамда емес, киiз үйде екен. Мал, жан, көп ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғанмен, әлi жаңа қыстау сала алмай, ескiлеу тар қораға сыя алмай, күннiн көзi жылынысымен киiз үйге шығыпты. Сүйiндiктiң аппақ үлкен үйi жылы екен, iшi тола тiрелген жүк, буулы тең  менен сандықтар. Оның ар жағы екi босағаға шейiн текемет, алаша, тұскиiзбен қоршалыпты. Саптама мен тиiн iшiктi әлi тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес. Биылғы көктемде алғашқы рет киiз үйге қонғалы отырғаны осы. Мұнда бiр жеңiл салқындық, кең тыныс бар. Көктемдегi киiз үй Абайға әрқашан таңсық болатын. Үлкен үйдiң ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйiндiк бәйбiшесiмен және екi баласы – Әдiлбек, Асылбекпен – бәрi де қонақтармен бiрге болды. Бұл үйге әсiресе, өзгеше көктем нұрын енгiзген бiр жан бар. Ол Сүйiндiктiң қызы – Тоғжан. Абай келгеннен берi Тоғжан үлкен ағасы Асылбектiң отауынан осы үйге бiрнеше рет келiп кеттi. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тiлменен Тоғжанның келерi мен кетерiн паш етедi. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркi, бiлек толған неше бiлезiктерi – баршасы да бұл өңiрден Абайдың көрмеген бiр сәнi сияқты. Толықша келген, аппақ жүздi, қырлы мұрын, қара көз қыздың жiп-жiңiшке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкiр боп, самайға қарай тартылған қас, жүрекке шабар жендеттiң жебесiндей. Тоғжан үйдегi сөзге құлақ салып, не күлiп, не қымсынса, сұлу қастары бiр түйiле түсiп, бiр жазылып толқып қояды. Елбiреп барып дiр еткен қанат лебiндей. Самғап ұшар жанның жеңiл әсем қанатындай. Биiкке, алысқа мегзейдi. Абай көпке шейiн Тоғжан жүзiнен көзiн ала ажүзiнен көзiн ала алмай, телмiре қарап қалады. Қыздың көп кiрiп шығысы қонақтардың қамы екен. Аз уақытта дастарқан жайғызып, күтушi әйелге шай құйғызып, өзi әкесiнiң төменгi жағына отырып, шыныларды әперiп, үй iшiне қызмет көрсете бастады. Абай Сүйiндiктен де қысылған жоқ. Бала емес, ысылған, ашық, үлкендерше сөйледi.Тоғжан кеп отырғаннан кейiн, Сүйiндiкке қарап:

– Сүйiндiк аға, осы мына сiздiң жердiң алдындағы Қарауыл дейтiн жалғыз биiк не себептi Қарауыл атанды екен?– дедi.

Сүйiндiк:

– Кiм бiлсiн, шырағым, – дей түсiп, аз отырып:– Е, Тобықты мен Матайдың шабуылы, жаулығы қалған ба? Сондағы қуғыншы мен жортуылшының бiрi қойған атыдағы. Өзi өзге таудан бөлiнiп, айдалаға оқшау барып тұр ғой. Содан қарауылдамай, қайдан қаауылдасын!– дедi.

– Сүйтiп, бұл атты Тобықты қойған дейсiз бе? Тобықты келмес бұрын сондай ат жоқ па екен?

– Қайдан болсын! Бұл өңiрдегi барлық атты Тобықтының өзi қойған.

– Әй, бiлмеймiн-ау! Бар атты өзi қойса, Шыңғыс дегенi несi екен? Шыңғыс деген Тобықты бар ма?

– А, жоқ! Мынауың жаны бар сөз. Бәсе, бұ Шыңғыс деген осы үлкен алып таудын аты неге Шыңғыс атанды екен бұл?– деп, Сүйiндiк өзi де ойланып қалды.

3-эпизод

"Махаббат па? Осы ма? Осы болса, мынау дүние мынау маужыраған тынысты нәзiк түн... Бесiгi ғой. Сол сұлу саздың құлақ күйi ғой ". Сүттей жарық, айлы түн. Таң әлi жоқ. Бiрақ жоқ екенiн бiлсе де, Абай әлдеқандай өзгеше "таңды" сезедi. Күйiк те, үмiт те, қуаныш та, азап та бар, – жүрек таңы. Кеуде толған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезiм. Соның шалқи түсiп шарықтауы көп. Лыпыл қаққан қанаттай тоқтаусыз құбылып, тыныштық ала алмай лепiредi. "Ненi айтады? Не деп түсiнедi? Не сипатты бұл сезiм? Не боп барам? Тағат, сабырым қайда? Бойына тоңазығандай бiр дiрiл пайда болды. Себепсiз дiрiлдейдi. Жүрегi де тулап кеп, өз-өзiнен қысылып, шаншып кеткендей. "Таң... Жүрек таңы. Сол таңым сенсiң бе? Жарығымбысың, кiмсiң?" Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр бiлегi, жас баланың етiндей, ақ торғындай мойыны! Таң осы да... Өзi ғой!

...Ақ етiң аппақ екен атқан таңдай!

Шынымен бар жанымен құлай табынған сұлуға қарап, бар сезiммен үнсiз жырлап тұрған тәрiздi. Тоғжанға арналған, ең алғашқы "ғашығым" деген жарына арналған жан жарының тұңғыш жолы осы едi. Ойша екi-үш ауыз махаббат сәлем айтып шықты. Бiртүрлi оңай, рахат боп, өз-өзiнен құйылып тұрған тәрiздi. Бiрақ сол кезде Қарабас үйiне қарай шақырды. Екеуi тыста жалғыз қапты. Абай үйге таман келе жатып, жаңағы өлеңiн қайта есiне түсiрейiн деп едi, "ақ етiң аппақ екен атқан таңдай!" дегеннен басқасы есiне әзiр қайта түспедi. Қарабас пен Абай үйге кiргенде Сүйiндiк пен бәйбiшесi биiк төсекке жатып қалған екен. Сарғыш шегiрен шымылдық үлкендердiң жататын орнын қоршап тұр. Кең үйдiң төрiне екi қонаққа арналып төсек салынып жатыр. Одан басқа өзге жататын жай сезiлмейдi. Тоғжанның өз үйi басқа ғой. Ол Сүйiндiктiң кiшi әйелi Қантжанның қызы екен. Жаңа үйге кiрерде Қарабас айтқан. Тоғжан, әрине, өз үйiне кеткен болу керек. Үйге кiрген жерде Абайдың ойлағаны осы. Үйткенi төсек салып жүрген – бағанағы шай құйған сары келiншек. Абай төрге қарай қозғала берiп едi. Бiр уақытта шегiрен шымылдық толқып барып қозғалды да, есiк жақтағы шетiнен шолпы сылдыры естiлiп, Тоғжанның әсем бойы көрiндi. Қолына бiр торғын көрпенi алып, берi шығып келедi екен. Асықпай, тiптi ақырын қозғалады. Шолпысының ендiгi сылдырынан өзi қысылған тәрiздi. Келiншек Абай жататын төсектi баптап салып болып қап едi. Тоғжан қолындағы торғын көрпенi кеудесiне көтерiп, бауырына қысыңқырап тұрып, келiншекке әдеппен ғана бұйрық етiп:

– Аяғын, аяқ жағын биiктесеңшi!– дедi.

Абайға бұ да дәл өзiне ғана арналған, өзгеше ықылас сияқты көрiндi. Бiрдеме айтар едi... Айтқысы кеп едi. Бiрақ жүрегi лүпiлдеп, аузына тығылғандай боп, түк сөз таба алмады. Құр ғана қызарып қысылды да, сырт киiмiн шеше бердi. Тоғжан ақырын, сыпайы ғана кеп, Абайдың төсегiне торғын көрпенi жазыңқырап қойды да, есiкке қарай қозғалды. Үнсiз бейiл белгiсiндей үлкен iлтипат жасады. Бiрақ бары сол ғана. "Шын-ақ бары сол ма? "Әлде, тiптi, бар қонаққа iстейтiн дағдылы сыйлық сияқты ма? Сол ғой! Үлкен үйдiң есiгiне жеткенше Тоғжан ақырын басып, келiншектi ертiп кетiп барады. Қайта бұрылмайды. Дәл шығар жерде ғана, өзiнен бұрын есiк ашқан келiншектi iлгерi шығарып жiберiп, өзi бiр түрлi сұлу қозғалыспен сырт айнала берiп, төрге таман ақырғы рет бетiн берiп, үй iшiнен сыртымен шықты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу