Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 7 сабақ.
Сіз «Абай жолы» романын оқыдыңыз ба?
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ « Абайы» - бұл нағыз роман, басқаша айтқанда өмірдің тұтас қыртыстарын қопарған, тұрмыстың, адамдар арасындағы құштарлықтың махаббат пен өшпенділіктің айқын бояулы картиналарын жасаған және , ең бастысы,есте қаларлық жарқын образдар арқылы халық тарихының өмірлік процестерін жинақтаған, құлашы кең кітап.
Леонид Соболев
Оқу мақсаты:11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну
Cабақ мақсаты: Роман-эпопеяға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну
Бағалау критерийлері:
Сұрақ: ЖЖ /Т
М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы жанрлық ерекшелігіне қарай неге роман-эпопея деп аталады?
Роман-эпопея дегеніміз не?
1-тапсырма
Роман, роман-эпопеяға тән 3 ерекшеліктерді қысқаша атап жазыңыздар, топта талқылаңыздар. 2 мин.
«Өз біліміңді толықтыр» Ж/ ЖЖ 2 мин
Жанр түрлеріне қатысты қосымша түсінікті оқы, жұпта өзара талқыла.
Тапсырма
Берілген эпизодтарды түсініп оқыңыз.
Эпизодтардағы оқиғалардың өз ішіндегі сюжеттік дамуын талдай отырып, осы эпизодтың роман-эпопеяның сюжеттік құрылымында алатын орнын анықтаңыз.
Эпизодтардың мазмұнындағы тарихи дәуірді сипаттайтын типтік оқиғалар мен сол оқиғалардың реалистікпен суреттелгенін танытатын детальдарды анықтап, кейіпкерлердің даралану ерекшеліктерін «Кесте сызбасы» арқылы талдаңыздар.
Дескриптор:
эпизодтарды түсініп оқиды;
эпизодтардағы оқиғалардың өз ішіндегі сюжеттік дамуын (оқиғаның басталуы, байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шиеленісуі, шешімі) талдайды;
эпизодтың роман-эпопеяның сюжеттік құрылымында алатын орнын анықтайды;
эпизодтардың мазмұнындағы тарихи дәуірді сипаттайтын (сол заманда жиі көрініс тапқан оқиғаларды) типтік оқиғалар мен сол оқиғалардың реалистікпен суреттелгенін танытатын детальдарды анықтайды және кейіпкерлердің даралану ерекшеліктерін «Кесте сызбасы» арқылы талдайды.
Кері байланыс:
Қай тапсырма түрін талапқа сай орындай алдыңыздар?
Қайсысы қиындық туғызды?
Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.
«Синквейн» әдісі«Эпопея» сөзіне 5 жолды өлең шығар
- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
Рефлексия
3-2-1
Сабақта алған
3 маңызды ақпарат
Қиындық келтірген 2 мәселе
Сабақта ұнаған 1 аспект
Үйге тапсырма:
Роман-эпопеяның «Жолда», «Шытырманда», «Бел-белесте» бөлімдерін оқыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?