Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.


№1-таратпа құралдар

Оқушының аты-жөні.............................................................. Сыныбы....................

«Жолда» тарауы бойынша көп нүктенің орнына тиісті кейіпкер атауларын қойып , оқиға ретін еске түсіріңіз.

... .... күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады. ... тез ұйықтамайды.

Сақылдап тұрып, күле қашып, жүгіріп келе жатқан .... екен.

Абай ...... тап беріп: - Бер құлжасын! –деді.

Өй, ақымақ!.. Ол оның шешесі болса, сенің де шешең. Бұны кім үйретті, доңыз? –деп кеп, ....... жақтан тартып жіберді.

-Әлім жеттік қыласың ғой! Сендер бір шешеден төртеусіңдер, көпсіңдер, деген ..........

  • Қой , жарықтығым , жетті енді! Сақтағаным балаларым еді . Олар екеш, оларды да аямағаның ба? деген .....

.... әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды.

...... , сонымен, Абайға үлкен қайыната болушы еді.

«Бөжей арыз беріп аяғымнан алғанын қойсын. Болмаса , сұр шекпенді кигізіп, бойын кездеп, айдатқанша тоқтатпаспын!» деп еді. Кімнің сөзі? ...................

«Көк шекпенді біздің мырза пішкен жоқ, құдай пішкен. Кім киерін көрерміз...» депті. Кімнің сөзі ?..................................

- Ей, тілмәш, осы саған «әке» дейін, жарықтығым, тек дегенімді жеткізші!.. Ін аузында отырған ақкөт торғай сияқты қылп-қылп еткеніңді қойшы осы!.. –деді. Кімнің сөзі..................................

Анау ................ ағайыныңды жау қылып жатқа жіберме. Бауыр қылып, қасыңа тарт, татуласшы осы. Кімнің сөзі .......................................

................. осы жайларды күле тыңдап тұрып, бір кезде оп-оңай өлеңдете кеп қоя берді: «Болыпты бір ақсақ тазы және соқыр».

-.................., жөніңді айтшы, бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, әлде өздігіңнен істедің бе? Кімнің сөзі ..................................

-Аға, ата! Ата... аға!.. деп, кішкентай нәзік саусақтарын созып, жалт-жалт қарайды. Кімнің әрекеті..........................................

Оқушының аты-жөні.............................................................. Сыныбы....................

«Шытырманда» тарауы бойынша көп нүктенің орнына тиісті кейіпкер атауларын қойып , оқиға ретін еске түсіріңіз.

-Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны- басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма! Ұқсама аналарға!.. – деді. Кімнің сөзі? .....................................

Күнкенің аулына Абай келісімен, Құнанбай мұны ...................... аулына жұмсады.

-Қайтпек керек? Ақперді, Ақперді! Ақпердіге құдай бақ берді, - деп, ..................... ащы бір мысқылмен күліп қойды.

Абай келгеннен бері .......................... үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті.

-Немене бұ, қуыршақ ойнайтын қыз ба едің сен, шешеңнің қасынан шықпайтын? Менің қасымнан сол қатындардың қасы артық болды ма? Мұнда болсаң ел көресің, сөз ұғасың, тәлім- тәрбие аласың . Онда не табасың? –деді. Кімнің сөзі? ...............................

«Мырза кім?» деді.«Мырза -.......................»-деді, «Шешен кім?» деді. Тағы да Қаратай жауап беріп, «Шешен- ...........................». «Жақсы кім?» десті. «Жақсы- .........................» . Жалғыз-ақ не қылайыны жоқ қой.

... адамның қай мінезі қасиеті болса, сол мінезі міні де болады. Мен өмірде ұстаған нәрсемді берік ұстанамын. Жақсылық кісінің айнымас табандылығында деп білемін. Соның түбінен мін шығатын кез де болатын шығар. Кімнің сөзі? .................................

Бұрын топ-толық қызыл шырайлы, қарақат көзді .........................., қазір сатқақ ұрғандай арықтап, құп-қу шөлмектей боп қалыпты. Қол- аяғы шидей.

Хабар ошарсыз .................................. қойылып қойғанына .............................. жаман қатуланды.

Бақанастағы Ырғызбайдың бұл ауылдары .................................... өлімі туралы айрықша хабаршы келер деп күтті.

................................. орта жасты кісінің қаралы туы – бір жағы ақ, бір жағы қызыл болу керек.

Оқушының аты-жөні.............................................................. Сыныбы....................

«Бел-белесте» тарауы бойынша көп нүктенің орнына тиісті кейіпкер атауларын қойып , оқиға ретін еске түсіріңіз.

Абай ............................ аяп: «Мерт бола ма?» деп қорықты. Жалғыз-ақ ...................... пішініне көзі түскенде қайран болды.

Енді ғана анық көрінді, орталарына жетекке алған тұлданған қара көк аттың үстіне ................................ ертоқымы ерттеліпті.

.................................. қабағын қатты түйіп, селт етіп, бетін сипады. Жыладым деп ойлаған жоқ-ты.

Жау боп шықты ....................

Айыпқа бердің бір қызды –ай,

Оның аты ...........................

Жүйріктігі құландай,

Шұбарлығы ............................ Кімнің сөзі? ....................................

Мына да қарлар не дейді?

Жақсыдан жаман көбейді.

Ескінің асыл көзі еді,

Ұрлап та көмдің ............................. Кімнің сөзі? ....................................

Ап-анық соның арызымен соның .............................. тергеуге шыққан ұлық, жаңағыдай қарулы қолмен кепті.

Бір жағынан домбыра үйрене жүріп, ......................... осы кездерде ............................. айтты деген, әлденеше мысқыл, әзіл өлеңдер естіртіп қойып жүрді.

.......................................... Омбыға жүруі даусыз болды.

Әсіресе діні бөлек ................ ғой деп, параны көп алса да, көп уәде берсе де, сол ............................ сөзіне сенбейтін. Кім сенбейтін? .........................................

Тұр, Мырзахан! Сал, өрте ана қағаздардың бәрін! -деді. Кімнің сөзі? ...........................

Сергей өз қорасында осындай өрт шығарумен ......................... жеген парасын және заңға қарсы істеген қылмысын жапты.

Ендігі қайтысында Тобықтының страшыны ............................... орнынан түсіріп, соның орнына өзі сайланып қайтып келе жатыр еді. Кім? .............................

Есіттім , ....................! Өлеңіңіз жақсы екен! -деді. Кімнің сөзі? ..................................

Екеуі мінгесіп ап, қызыл өгізді қайта бұрып еді.

Төркініңе өзің бастап бар балаңды, -деп, Ұлжанға бұйырды.

Сол сәтте Тоғжан есіне түсіп, оның алдында қылмыс жасағалы тұрғандай сезініп еді.

Оқушының аты-жөні.............................................................. Сыныбы....................

«Өрде» тарауы бойынша көп нүктенің орнына тиісті кейіпкер атауларын қойып, оқиға ретін еске түсіріңіз.

Қалыңмал басы .......................... өзіне арналған кесек күміс бесік жамбы.

-Ата бабаң жолы осы! Барған елің сені кінәлайды. «Әкесі - күйеу, шешесі - қалыңдық болмаған ба? » деп бізді мінейді. Ки! -деп, дәл аттанар жерде ...................... жаңағы күйеу киімнің бәрін кигізді.

....................... бұл келісі: ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре келу деп, қол ұстау деп те аталады.

Ол кебісін шешіп жатқанда, сырт сымбаты талдырмаш, бірақ аса сұңғақ бойлы, биік көрінді. Кім туралы? ......................................

Жеңге .................. қолын өзі көтеріп апарып, .............................. арқасындағы қос бұрымына тигізді.

Қайдан білейін бір жуан қара ғой! -деп ап- ашық қомсынғандай сөйледі. Кімнің сөзі? ....................................

Дәл нағашыларының ішіндегі үлкендеріне арнап, екі кебеже сүр де әкелгізген.

...Бәйгенің бір тоғызының басы осы болсын! - деді. Бергені үлкен кесек күміс – ...................... болатын.

......................... «қош келдіңіз, нағашы» деп қол қусырып тағзыммен қарсы алған.

Ендігі бар арман бір ұйқы. Тек осы тұрған жерге құлай кеткендей боп тұрмын! -деп, .......................... біржола титықтағанын айтты.

Құлаштап сермелген әлпеншекке ............................... мен .............................. кезек кезек биіктей түсіп, теңселіп тұрып ән шырқасты.

2-таратпа құрал

1-қосымша Кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын танытатын маңызды мәселелерді анықтау үшін ұсынылады.

Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романындағы кейіпкерлер: Андрей Болконский мен Пьер Безуховтың бірін алуға болады. Мысалы, Болконскийдің өмірлік ұстанымдарына қатысты талдау жасап көрейік. Болконский Наполенға еліктейді, атақ-даңқты өміріне мақсат етеді, соғыста ең үлгілі жауынгер боп, көпшілікті артына ертеді, алдыңғы қатарда үздік болу әрқашанда маңызды деп ойлайды, бірақ соғыста қатты жараланып жатқанда ақша бұлттардың бейбіт әрі тыныш маңып бара жатқанын көріп, өмірдің мәні осы тыныштықта, бейбітшілікте екенін, атақ пен даңқтың бәрінің адам жанының қанағат табуының алдында түкке тұрғысыз екенін түсінеді. Өзі пір тұтып жүрген Наполенды көргенде, оның алдыңғы ойлары мен оған ұқсағысы келген мұратының күлі көкке ұшады. Сөйтіп, аман-есен еліне оралғанда барлық бақыт отбасында екен ғой деп түйсінеді. Адам жанының тыныштығын, өзара мейірім мен риясыз қарым-қатынастың ұлылылғына бас иеді. Біртіндеп ел ісіне араласа бастағанда, халыққа қызмет етудің маңыздылығын түсінеді, үнемі ізденіс үстінде болып, соңында кекпен өмір сүруге болмайтынын пайымдайды. Өмірде өз қателігін түсінуі, одан сабақ алу, адамның өзін-өзі табуы маңызды деген ойға келеді. Ендеше Андрей Болконскийдің өмірлік ұстанымы адамның өзін-өзі тануы маңызды деген тұжырым шығаруға болады.

2-қосымша оқуға ұсынылады.

Лев Толстой. «Соғыс пен бейбітшілік» Орыс және әлем әдебиеті қазынасынан ойып тұрып орын алған «Соғыс пен бейбітшілік» эпопеясы (1863-69) Толстойдың ең ірі шығармаларының бірі боп есептеледі. Кейбір сыншылардың автор бұл шығармасымен өз дәуірінде орын алған қиындықтардан қашты деп есептесе де, жазушы «Соғыс пен бейбітшілік» арқылы өз заманындағы өзі қатысқан оқиғаларды жан-жақты суреттеп бере алды. Ең негізгісі, автор бұл шығармасымен Наполенның 1805-07, 1812-14 жылдардағы жорығын негізге ала отырып, көптеген кейіпкер қатысқан, ірі оқиғалармен бірге кейіпкерлердің ішкі психологиясы шебер үйлескен тарихи-роман жанрына жол салды. Аталған шығармада 550-ден аса кейіпкер бар, олардың 200-ден артығы тарихта болған адамдар. Роман-эпопея 1913-2016 жылдар аралығында 11 рет экранға жол алған.

Тапсырма:

  • М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясын немесе И.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романындағы басты кейіпкерлердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын танытатын мәселелерді анықтаңыздар, салдарын талдаңыздар, өзіндік қорытынды жасаңыздар. «Аргументтеу моделі» сызбасын қолданыңыздар. Екі шығарма бойынша тұжырымдар мен авторлар идеясын шығарып, салыстырыңыздар.
  • Екі шығармадағы кейіпкер ұстанымдары мен өмір сүру салты, өмір сүру кезеңдерін, автордың қолданған көркемдік тәсілдерін негізге ала отырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалап, 5-6 сөйлемнен тұратын өзіндік қорытынды жасаңыздар.

Дескриптор:

  • салыстыру үшін екі романның бірін таңдап алады;
  • екі шығармадағы екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтына қатысты маңызды мәселелерді анықтаңыз;
  • екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын анықтайтын мәселелерді ашатын нақты 2 дәлел келтіріңіздер.
  • анықталған дәлелдерге сүйене отырып, мәселенің салдарын қоғамға және жеке адамның әлеуметтік жағдайына, психологиясына, өмірлік ұстанымдарына, қабылдаған шешіміне әсері тұрғысынан талдаңыздар;
  • екі шығарма бойынша тұжырымдар мен авторлар идеясын анықтап, оларды салыстырады;
  • мәселелерге қатысты анықталған дәлелдер, салдарлар негізінде шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға бере отырып, оқырман ретінде 5-6 сөйлемнен тұратын жинақы тұжырым жазады.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 3 мин

Критерийлер

Рубрикатор

Төмен

екі шығармадағы екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын , өмір сүру салтына қатысты маңызды мәселелерді анықтайды;

екі кейіпкердің өмірлік ұстаным, өмір сүру салтына қатысты маңызды мәселелерді анықтауда көбірек қолдауды қажет еттім

екі кейіпкердің өмірлік ұстаным, өмір сүру салтына қатысты маңызды мәселелерді анықтауда қолдауды азырақ қажет еттім

екі кейіпкердің өмірлік ұстаным, өмір сүру салтына қатысты маңызды мәселелерді нақты анықтай алдым

екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын анықтайтын мәселелерді ашатын нақты 2 дәлел келтіреді;

өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын анықтайтын мәселелерді ашатын дәлел келтіруде қиналдым

екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын анықтайтын мәселелерді ашатын нақты 1 дәлел келтірдім

екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын анықтайтын мәселелерді ашатын нақты 2 дәлел келтірдім

мәселенің салдарын қоғамға және жеке адамның әлеуметтік жағдайына, психологиясына, өмірлік ұстанымдарына, қабылдаған шешіміне әсері тұрғысынан талдаңыздар;

мәселенің салдарын қоғамға және жеке адамның әлеуметтік жағдайына, психологиясына, өмірлік ұстанымдарына, қабылдаған шешіміне әсері тұрғысынан талдауда қолдауды көбірек қажетсіндім;

мәселенің салдарын қоғамға және жеке адамның әлеуметтік жағдайына, психологиясына, өмірлік ұстанымдарына, қабылдаған шешіміне әсері тұрғысынан талдауда қолдауды азырақ қажетсіндім;

мәселенің салдарын қоғамға және жеке адамның әлеуметтік жағдайына, психологиясына, өмірлік ұстанымдарына, қабылдаған шешіміне әсері тұрғысынан талдау талдай алдым.

екі шығарма бойынша тұжырымдар мен авторлар идеясын шығарып, оны салыстырады;

тұжырымдар мен авторлар идеясын шығаруда, оны салыстыруда қолдауды көбірек қажетсіндім;

тұжырымдар мен авторлар идеясын шығаруда, оны салыстыруда қолдауды аз қажетсіндім;

тұжырымдар мен авторлар идеясын шығарып, оны салыстыра алдым;

шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға бере отырып, оқырман ретінде 5-6 сөйлемнен тұратын жинақы тұжырым жазады.

тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, жинақы тұжырым жазуда қиналдым;

тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, жинақы тұжырым жазуда кейбір дәлсіздіктер орын алды;

тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, 5-6 сөйлеммен жинақы тұжырым жаза алдым

Өзге 2 жұпқа барып жұмысын қорғап, 2 жұпты тыңдап, бағалау

Пункттер

Жұптар

1-жұп

1.Шығармадан мәселеге қатысты дәлел келтіру

Бірінші дәлел келтірді.

Екінші дәлел келтірді.

2.Мәселенің салдарын талдау

Қоғамға қатысты салдарын анықтады.

Жеке адамға қатысты салдарын анықтады.

3. Қорытынды жасау

Мәселемен байланысты автордың идеясын анықтайды.

Мәселе мен автор идеясы негізінде қорытынды тұжырым шығарады.

 

Өзге 2 жұпқа барып жұмысын қорғап, 2 жұпты тыңдап, бағалау

Пункттер

Жұптар

1-жұп

1.Шығармадан мәселеге қатысты дәлел келтіру

Бірінші дәлел келтірді.

Екінші дәлел келтірді.

2.Мәселенің салдарын талдау

Қоғамға қатысты салдарын анықтады.

Жеке адамға қатысты салдарын анықтады.

3. Қорытынды жасау

Құндылықтарға баға береді.

Мәселемен байланысты автордың идеясын анықтайды.

Мәселе мен автор идеясы негізінде қорытынды тұжырым шығарады.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу