Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ:

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім/ сабақтың тақырыбы

Ғасырлық туынды

Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том

Оқыту мақсатына сілтеме

11.3.1.1 шығарманы әдем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

 Сабақ мақсаты:

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларындағы басты кейіпкерлердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын танытатын мәселелерді салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

 Бағалау критерийі

  • романдардағы басты кейіпкерлердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын танытатын мәселелерді салыстырады;
  • шығармалардың тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

 Құндылықтарды игерту

  • өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • ынтымақтастық;
  • жауапты азаматтық позиция.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

  дағдылары:

Таныстырылым.

 Пәнаралық байланыс

Тарих, география, қазақ тілі, өзін-өзі тану.

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

типтендіру, даралау, эпикалық образ, мінездеу, тура және жанама мінездеу, роман-эпопея, сюжеттік-композициялық талдау, жанрлық ерекшелік, оқиғаның басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі т.б.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

«Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда», «Қат-қабатта» , «Жолда», «Өрде» тарауларының мазмұнын біледі.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

7 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар «Шаттық щеңберіне» жиналады. 2 мин

«Сәлемдесу» ойыны: Шеңбер құру, шеңбер бойымен жылжу арқылы сәлемдесу ойынын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір-бірлеріңізбен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыздар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен сәлемдесеміз.

Қызығушылықты ояту сатысы: 6 мин

Алдыңғы білімді тексеру мақсатында «Кейіпкерді тап» ойыны

Топтағы 4 оқушыға 4 түрлі тарау бойынша еске түсіру мақсатында тапсырма ұсынылады.

1-оқушы

«Жолда» тарауы бойынша көп нүктенің орнына тиісті кейіпкер атауларын қойып , оқиға ретін еске түсіріңіз. Тобыңызға оқып беріңіз.

... .... күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады. ... тез ұйықтамайды.

Сақылдап тұрып, күле қашып, жүгіріп келе жатқан .... екен.

Абай ...... тап беріп: - Бер құлжасын! –деді.

Өй, ақымақ!.. Ол оның шешесі болса, сенің де шешең. Бұны кім үйретті, доңыз? –деп кеп, ....... жақтан тартып жіберді.

-Әлім жеттік қыласың ғой! Сендер бір шешеден төртеусіңдер, көпсіңдер, деген ..........

  • Қой , жарықтығым , жетті енді! Сақтағаным балаларым еді . Олар екеш, оларды да аямағаның ба? деген .....

.... әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды.

...... , сонымен, Абайға үлкен қайыната болушы еді.

«Бөжей арыз беріп аяғымнан алғанын қойсын. Болмаса , сұр шекпенді кигізіп, бойын кездеп, айдатқанша тоқтатпаспын!» деп еді. Кімнің сөзі? ...................

«Көк шекпенді біздің мырза пішкен жоқ, құдай пішкен. Кім киерін көрерміз...» депті. Кімнің сөзі ?..................................

- Ей, тілмәш, осы саған «әке» дейін, жарықтығым, тек дегенімді жеткізші!.. Ін аузында отырған ақкөт торғай сияқты қылп-қылп еткеніңді қойшы осы!.. –деді. Кімнің сөзі..................................

Анау ................ ағайыныңды жау қылып жатқа жіберме. Бауыр қылып, қасыңа тарт, татуласшы осы. Кімнің сөзі ..........................

................. осы жайларды күле тыңдап тұрып, бір кезде оп-оңай өлеңдете кеп қоя берді: «Болыпты бір ақсақ тазы және соқыр».

-.................., жөніңді айтшы, бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, әлде өздігіңнен істедің бе? Кімнің сөзі ..........

-Аға, ата! Ата... аға!.. деп, кішкентай нәзік саусақтарын созып, жалт-жалт қарайды. Кімнің әрекеті..........................................

2-оқушы

«Шытырманда» тарауы бойынша көп нүктенің орнына тиісті кейіпкер атауларын қойып , оқиға ретін еске түсіріңіз. Тобыңызға оқып беріңіз.

-Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны- басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма! Ұқсама аналарға!.. – деді. Кімнің сөзі? .....................................

Күнкенің аулына Абай келісімен, Құнанбай мұны ...................... аулына жұмсады.

-Қайтпек керек? Ақперді, Ақперді! Ақпердіге құдай бақ берді, - деп, ..................... ащы бір мысқылмен күліп қойды.

Абай келгеннен бері .......................... үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті.

-Немене бұ, қуыршақ ойнайтын қыз ба едің сен, шешеңнің қасынан шықпайтын? Менің қасымнан сол қатындардың қасы артық болды ма? Мұнда болсаң ел көресің, сөз ұғасың, тәлім- тәрбие аласың . Онда не табасың? –деді. Кімнің сөзі? ...............................

«Мырза кім?» деді.«Мырза -.......................»-деді, «Шешен кім?» деді. Тағы да Қаратай жауап беріп, «Шешен- ...........................». «Жақсы кім?» десті. «Жақсы- .........................» . Жалғыз-ақ не қылайыны жоқ қой.

... адамның қай мінезі қасиеті болса, сол мінезі міні де болады. Мен өмірде ұстаған нәрсемді берік ұстанамын. Жақсылық кісінің айнымас табандылығында деп білемін. Соның түбінен мін шығатын кез де болатын шығар. Кімнің сөзі? .................................

Бұрын топ-толық қызыл шырайлы, қарақат көзді .........................., қазір сатқақ ұрғандай арықтап, құп-қу шөлмектей боп қалыпты. Қол- аяғы шидей.

Хабар ошарсыз .................................. қойылып қойғанына .............................. жаман қатуланды.

Бақанастағы Ырғызбайдың бұл ауылдары .................................... өлімі туралы айрықша хабаршы келер деп күтті.

................................. орта жасты кісінің қаралы туы – бір жағы ақ, бір жағы қызыл болу керек.

3-оқушы

«Бел-белесте» тарауы бойынша көп нүктенің орнына тиісті кейіпкер атауларын қойып , оқиға ретін еске түсіріңіз. Тобыңызға оқып беріңіз.

Абай ............................ аяп: «Мерт бола ма?» деп қорықты. Жалғыз-ақ ...................... пішініне көзі түскенде қайран болды.

Енді ғана анық көрінді, орталарына жетекке алған тұлданған қара көк аттың үстіне ................................ ертоқымы ерттеліпті.

.................................. қабағын қатты түйіп, селт етіп, бетін сипады. Жыладым деп ойлаған жоқ-ты.

Жау боп шықты ....................

Айыпқа бердің бір қызды –ай,

Оның аты ...........................

Жүйріктігі құландай,

Шұбарлығы ............................ Кімнің сөзі? ....................................

Мына да қарлар не дейді?

Жақсыдан жаман көбейді.

Ескінің асыл көзі еді,

Ұрлап та көмдің ............................. Кімнің сөзі? ....................................

Ап-анық соның арызымен соның .............................. тергеуге шыққан ұлық, жаңағыдай қарулы қолмен кепті.

Бір жағынан домбыра үйрене жүріп, ......................... осы кездерде ............................. айтты деген, әлденеше мысқыл, әзіл өлеңдер естіртіп қойып жүрді.

.......................................... Омбыға жүруі даусыз болды.

Әсіресе діні бөлек ................ ғой деп, параны көп алса да, көп уәде берсе де, сол ............................ сөзіне сенбейтін. Кім сенбейтін? .........................................

Тұр, Мырзахан! Сал, өрте ана қағаздардың бәрін! -деді. Кімнің сөзі? ...........................

Сергей өз қорасында осындай өрт шығарумен ......................... жеген парасын және заңға қарсы істеген қылмысын жапты.

Ендігі қайтысында Тобықтының страшыны ............................... орнынан түсіріп, соның орнына өзі сайланып қайтып келе жатыр еді. Кім? .............................

Есіттім , ....................! Өлеңіңіз жақсы екен! -деді. Кімнің сөзі? .....

Екеуі мінгесіп ап, қызыл өгізді қайта бұрып еді.

Төркініңе өзің бастап бар балаңды, -деп, Ұлжанға бұйырды.

Сол сәтте Тоғжан есіне түсіп, оның алдында қылмыс жасағалы тұрғандай сезініп еді.

4-оқушы

«Өрде» тарауы бойынша көп нүктенің орнына тиісті кейіпкер атауларын қойып, оқиға ретін еске түсіріңіз. Тобыңызға оқып беріңіз.

Қалыңмал басы .......................... өзіне арналған кесек күміс бесік жамбы.

-Ата бабаң жолы осы! Барған елің сені кінәлайды. «Әкесі - күйеу, шешесі - қалыңдық болмаған ба? » деп бізді мінейді. Ки! -деп, дәл аттанар жерде ...................... жаңағы күйеу киімнің бәрін кигізді.

....................... бұл келісі: ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре келу деп, қол ұстау деп те аталады.

Ол кебісін шешіп жатқанда, сырт сымбаты талдырмаш, бірақ аса сұңғақ бойлы, биік көрінді. Кім туралы? ......................................

Жеңге .................. қолын өзі көтеріп апарып, .............................. арқасындағы қос бұрымына тигізді.

Қайдан білейін бір жуан қара ғой! -деп ап- ашық қомсынғандай сөйледі. Кімнің сөзі? ....................................

Дәл нағашыларының ішіндегі үлкендеріне арнап, екі кебеже сүр де әкелгізген.

...Бәйгенің бір тоғызының басы осы болсын! - деді. Бергені үлкен кесек күміс – ...................... болатын.

......................... «қош келдіңіз, нағашы» деп қол қусырып тағзыммен қарсы алған.

Ендігі бар арман бір ұйқы. Тек осы тұрған жерге құлай кеткендей боп тұрмын! -деп, .......................... біржола титықтағанын айтты.

Құлаштап сермелген әлпеншекке ............................... мен ................ кезек кезек биіктей түсіп, теңселіп тұрып ән шырқасты.

№ 2 таныстырылым

Ортасы

30 мин

Мағынаны тану сатысы

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады. 2 мин

Оқу мақсатын талқылау барысында қойылатын сұрақтар:

  • «Абай жолы» романын әлем әдебиетінің қандай шығармаларымен салыстыруға болады?
  • Сіздер қай шығармамен салыстырар едіңіздер?

Ескерту: Тапсырма барысында оқушы жауаптары ескерілу керек, өйткені оқушылар орыс әдебиетінен өзге де шетел классикалық туындыларымен салыстырғысы келуі мүмкін.

«Аргументтеу моделі» әдісі

Тапсырманы оқушылар жұпта орындайды.

Тапсырма: ЖЖ 28 мин.

  • М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясын немесе И.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романындағы басты кейіпкерлердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын танытатын мәселелерді анықтаңыздар, салдарын талдаңыздар, өзіндік қорытынды жасаңыздар. «Аргументтеу моделі» сызбасын қолданыңыздар. Екі шығарма бойынша тұжырымдар мен авторлар идеясын шығарып, салыстырыңыздар.
  • Екі шығармадағы кейіпкер ұстанымдары мен өмір сүру салты, өмір сүру кезеңдерін, автордың қолданған көркемдік тәсілдерін негізге ала отырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалап, 5-6 сөйлемнен тұратын өзіндік қорытынды жасаңыздар.

Дескриптор:

  • салыстыру үшін екі романның бірін таңдап алады;
  • екі шығармадағы екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтына қатысты маңызды мәселелерді анықтаңыз;
  • екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын анықтайтын мәселелерді ашатын нақты 2 дәлел келтіріңіздер.
  • анықталған дәлелдерге сүйене отырып, мәселенің салдарын қоғамға және жеке адамның әлеуметтік жағдайына, психологиясына, өмірлік ұстанымдарына, қабылдаған шешіміне әсері тұрғысынан талдаңыздар;
  • екі шығарма бойынша тұжырымдар мен авторлар идеясын анықтап, оларды салыстырады;
  • мәселелерге қатысты анықталған дәлелдер, салдарлар негізінде шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға бере отырып, оқырман ретінде 5-6 сөйлемнен тұратын жинақы тұжырым жазады.

Тапсырманы орындау барысында мұғалім тиімді қолдау көрсету үшін 2 түрлі қосымша материал ұсынады: біріншісі мұғалім оқушыларға көмектесу үшін, ал екіншісі оқушылар оқып, өзіне қажеттісін алу үшін ұсынылады.

1-қосымша Кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын танытатын маңызды мәселелерді анықтау үшін ұсынылады.

(Бұл материалды мұғалім өз аузынан мазмұндап та беруге болады, тарату міндетті емес, өз аузынан айтса, әсерлірек болуы мүмкін)

Салыстыру үшін Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романындағы кейіпкерлер: Андрей Болконский мен Пьер Безуховтың бірін алуға болады. Мысалы, Болконскийдің өмірлік ұстанымдарына қатысты талдау жасап көрейік. Болконский Наполенға еліктейді, атақ-даңқты өміріне мақсат етеді, соғыста ең үлгілі жауынгер боп, көпшілікті артына ертеді, алдыңғы қатарда үздік болу әрқашанда маңызды деп ойлайды, бірақ соғыста қатты жараланып жатқанда ақша бұлттардың бейбіт әрі тыныш маңып бара жатқанын көріп, өмірдің мәні осы тыныштықта, бейбітшілікте екенін, атақ пен даңқтың бәрінің адам жанының қанағат табуының алдында түкке тұрғысыз екенін түсінеді. Өзі пір тұтып жүрген Наполенды көргенде, оның алдыңғы ойлары мен оған ұқсағысы келген мұратының күлі көкке ұшады. Сөйтіп, аман-есен еліне оралғанда барлық бақыт отбасында екен ғой деп түйсінеді. Адам жанының тыныштығын, өзара мейірім мен риясыз қарым-қатынастың ұлылылғына бас иеді. Біртіндеп ел ісіне араласа бастағанда, халыққа қызмет етудің маңыздылығын түсінеді, үнемі ізденіс үстінде болып, соңында кекпен өмір сүруге болмайтынын пайымдайды. Өмірде өз қателігін түсінуі, одан сабақ алу, адамның өзін-өзі табуы маңызды деген ойға келеді. Ендеше Андрей Болконскийдің өмірлік ұстанымы адамның өзін-өзі табуында деген тұжырым шығаруға болады.

2-қосымша оқуға ұсынылады.

Лев Толстой. «Соғыс пен бейбітшілік» Орыс және әлем әдебиеті қазынасынан ойып тұрып орын алған «Соғыс пен бейбітшілік» эпопеясы (1863-69) Толстойдың ең ірі шығармаларының бірі боп есептеледі. Кейбір сыншылардың автор бұл шығармасымен өз дәуірінде орын алған қиындықтардан қашты деп есептесе де, жазушы «Соғыс пен бейбітшілік» арқылы өз заманындағы өзі қатысқан оқиғаларды жан-жақты суреттеп бере алды. Ең негізгісі, автор бұл шығармасымен Наполенның 1805-07, 1812-14 жылдардағы жорығын негізге ала отырып, көптеген кейіпкер қатысқан, ірі оқиғалармен бірге кейіпкерлердің ішкі психологиясы шебер үйлескен тарихи-роман жанрына жол салды. Аталған шығармада 550-ден аса кейіпкер бар, олардың 200-ден артығы тарих болған адамдар. Роман-эпопея 1913-2016 жылдар аралығында 11 рет экранға жол алған.

Кері байланыс

  • Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
  • Тапсырманы дескриптор бойынша толық орындай алдыңыз ба?
  • Сізге топтың көмегі қажет болды ма?

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы 3 мин

Критерийлер

Рубрикатор

Төмен

екі шығармадағы екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын , өмір сүру салтына қатысты маңызды мәселелерді анықтайды;

екі кейіпкердің өмірлік ұстаным, өмір сүру салтына қатысты маңызды мәселелерді анықтауда көбірек қолдауды қажет еттім

екі кейіпкердің өмірлік ұстаным, өмір сүру салтына қатысты маңызды мәселелерді анықтауда қолдауды азырақ қажет еттім

екі кейіпкердің өмірлік ұстаным, өмір сүру салтына қатысты маңызды мәселелерді нақты анықтай алдым

екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын анықтайтын мәселелерді ашатын нақты 2 дәлел келтіреді;

өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын анықтайтын мәселелерді ашатын дәлел келтіруде қиналдым

екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын анықтайтын мәселелерді ашатын нақты 1 дәлел келтірдім

екі кейіпкердің өмірлік ұстанымдарын, өмір сүру салтын анықтайтын мәселелерді ашатын нақты 2 дәлел келтірдім

мәселенің салдарын қоғамға және жеке адамның әлеуметтік жағдайына, психологиясына, өмірлік ұстанымдарына, қабылдаған шешіміне әсері тұрғысынан талдаңыздар;

мәселенің салдарын қоғамға және жеке адамның әлеуметтік жағдайына, психологиясына, өмірлік ұстанымдарына, қабылдаған шешіміне әсері тұрғысынан талдауда қолдауды көбірек қажетсіндім;

мәселенің салдарын қоғамға және жеке адамның әлеуметтік жағдайына, психологиясына, өмірлік ұстанымдарына, қабылдаған шешіміне әсері тұрғысынан талдауда қолдауды азырақ қажетсіндім;

мәселенің салдарын қоғамға және жеке адамның әлеуметтік жағдайына, психологиясына, өмірлік ұстанымдарына, қабылдаған шешіміне әсері тұрғысынан талдау талдай алдым

екі шығарма бойынша тұжырымдар мен авторлар идеясын шығарып, оны салыстырады;

тұжырымдар мен авторлар идеясын шығаруда, оны салыстыруда қолдауды көбірек қажетсіндім;

тұжырымдар мен авторлар идеясын шығаруда, оны салыстыруда қолдауды аз қажетсіндім;

тұжырымдар мен авторлар идеясын шығарып, оны салыстыра алдым;

шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға бере отырып, оқырман ретінде 5-6 сөйлемнен тұратын жинақы тұжырым жазады.

тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, жинақы тұжырым жазуда қиналдым;

тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, жинақы тұжырым жазуда кейбір дәлсіздіктер орын алды;

тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, 5-6 сөйлеммен жинақы тұжырым жаза алдым

Өзге 2 жұпқа барып, өздерінің жұмыстарын таныстырып, сөйледі.

Өзге жұптарды төмендегідей бағалайды.

Өзге 2 жұпқа барып жұмысын қорғап, 2 жұпты тыңдап, бағалау

Пункттер

Жұптар

1-жұп

1.Шығармадан мәселеге қатысты дәлел келтіру

Бірінші дәлел келтірді.

Екінші дәлел келтірді.

2.Мәселенің салдарын талдау

Қоғамға қатысты салдарын анықтады.

Жеке адамға қатысты салдарын анықтады.

3. Қорытынды жасау

Құндылықтарға баға береді.

Мәселемен байланысты автордың идеясын анықтайды.

Мәселе мен автор идеясы негізінде қорытынды тұжырым шығарады.

№3 -слайд

№4 -слайд

№5 -слайд

№6-слайд

Рефлексия

2 мин

Сабақты және оқушылардың белсенділігін білу мақсатында рефлексия жаздыру немесе (смайликтер) белгілерді қолдану.

«Менің көңіл күйім және оның себебі»

Үйге: роман-эпопеяның «Өрде», «Қияда» бөлімдерін оқыңыз.

№14 -слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу