М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

бөлім: Ғасырлық туынды

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекайдар Г. Б.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Түсіну және жауап беру

Сабақтың мақсаты

11.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы көтерілген ғаламдық мәселелерді терең түсіну;

 Бағалау критерийлері

  • шығарма бөлімдеріне композициялық талдау жасайды;
  • көтерілген мәселені талдайды.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Азаматтық жауапкершілік:

Шығарманы талдауда тарихи кезеңдерге шолу жасау арқылы елжандылық сезімдерге тәрбиелеу. Өткенге, тарихқа құрмет көрсету

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Абайдың өмірі, шығармаларымен таныс

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

«Серпілген сауалдар» Сұрақтың жауабына сәйкес туындайтын сұрақтарға жауап беру арқылы көтерілген мәселені анықтайды («Қат-қабатта» бөлімі бойынша)

  • Құнанбайдың ерте көшкен көшін болжаған Бөжей, Сүйіндік әңгімесінің астарында не жатыр?
  • Бөжей Құнанбайға неге өкпелі деп ойлайсыздар?
  • Құнанбайдың ерте көшінің сыры неде?
  • Құнанбайдың бұл ісі Бөжей, Сүйіндіктерге қалай әсер етті?
  • Сүйіндіктер тобы «Қодар өлімінің сырын» қалай түсінді?
  • Құнанбай мен Бөжей арасы неге бүлінді?
  • Құнанбайдың шабармандарының жеген таяғы неге алып келді?
  • Бөжейге жұмсалған соққы неге апарып соқтырады деп ойлайсыздар?

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.

Сабақтың ортасы

10 минут

15 минут

Мағынаны тану кезеңі

Оқиғалар желісін ретімен орналастыр.

Оқиғалар желісі

Оқиғалар желісі ретімен

Бөжейге соғылған дүре

Құнанбайдың ерте көші

Құнанбай мен Бөжей арасындағы соғыс

Сүйіндік, Бөжейдің көш жайлы болжамы

Құнанбайдың ерте көші

Көштің беталысы жайлы Құнанбай жауабы

Көштің беталысы жайлы Құнанбай жауабы

Қодарды қайта жоқтаушылар

Сүйіндік, Бөжейдің көш жайлы болжамы

Соққыға жығылған шабармандар

Соққыға жығылған шабармандар

Құнанбай мен Бөжей арасындағы соғыс

Қодарды қайта жоқтаушылар

Бөжейге соғылған дүре

Бағалау. Дұрыс жауабы арқылы өзін-өзі бағалайды.

«Кестелі ой» жаттығуын орындаңыз. Оқиға желісінің бірін таңдаңыз. Онда көтерілген мәселені анықтаңыз. Бүгінгі өмірмен байланыс орын алады ма, өз пікіріңізді білдіріңіз.

Оқиға желісі

Көтерілген мәселе

Бүгінгі өмірмен байланыс

Дескрипторлар:

  • оқиға желісі бойынша көтерілген мәселені атайды;
  • бүгінгі өмірмен байланыстырады;
  • өз пікірін білдіреді.

Бағалау. «Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылар өз қалауы бойынша бірнеше оқушы жұмысын оқиды. Өзгелері бағалау пікірін білдіреді.

Үлестірме қағаздар

Сабақтың соңы

5минут

Кері байланыс «Ашық пікір» алаңы

  • Оқу мақсаты қолжетімді болды ма?
  • Шығарманың оқиға құрылымын анықтай алдыңыз ба?
  • Көтерліген мәселені анықтауда қиындықтар туды ма?
  • Шығармада көтерілген мәселеге пікір айта алдыңыз ба? т.б.

Үйге тапсырма.

«Жер ашуы – жан ашуы» тақырыбында шығармадағы жер үшін болған тартысты сипаттап жазыңыз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқуш

ыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, тиімді кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Тарих, пәнімен байланысып, өткенді бағалау, ұлттық құндылықты талдау арқылы құрмет құндылығы дамытылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу